09.11.2022, 13:53 20786

Тоқаев ТМҰ саммитіне қатысады

Биыл 10-11 қарашада Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барады.
Тоқаев ТМҰ саммитіне қатысады
Сурет: Depositphotos
Астана. 9 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Биыл 10-11 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Жиын барысында мемлекеттер басшылары ТМҰ аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады.
 
Сондай-ақ саммит қатысушыларымен екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр, деп нақтылады баспасөз қызметі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны