25.01.2023, 11:33 39696
Қазақстан көліктің барлық түрлерімен бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салуды енгізбекші
Достарға айту
Тыйым салуды 4 ай мерзімге енгізу жоспарлануда
Астана. 25 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі "Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрықтың жобасын дайындады.
Құжат "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған. Оның қоғамдық талқылауы ағымдағы жылдың қаңтар айының соңына дейін жалғасады.
Көліктің барлық түрлерімен: бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге төрт ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.
Ерекшелік мыналар болады:
- жағармай;
- сұйық отын;
- автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында әкету;
- өнеркәсіптік өндіріске қою, оны өнеркәсіптік өндірудің технологиясын бекіту және/немесе қайта бекіту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан қоспаларды іріктеу, үлгілерді біліктілік және зертханалық сынау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отын.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бензин мен дизель отынын автокөлікпен әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
05.06.2026, 18:51 1421
Қазақстандағы май өндіру саласы төрт жыл ішінде экспорттық кірісті төрт есе - $963 млн-ға ұлғайтты
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстандық май саласының экспорттық кірісі төрт жылда төрт есеге өсіп, 963 млн АҚШ долларына жетті. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Астанада өткен FОС 2026: Fats and Oils Conference V Халықаралық май конференциясының ашылуы кезінде хабарлады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Конференция жұмысына 18 мемлекеттің, халықаралық ұйымдардың, жетекші әлемдік компаниялардың, қаржы институттарының, салалық қауымдастықтар мен сараптамалық қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.
Конференцияны ашқан ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин соңғы жылдары май өндіру саласы агроөнеркәсіптік кешен сегментінің бірінен ұлттық экономиканың стратегиялық маңызды бағытына, экономиканы әртараптандырудың, қайта өңдеуді дамыту мен қосылған құны жоғары өнім жасаудың табысты үлгісіне айналғанын атап өтті.
Небәрі төрт жылдың ішінде қазақстандық май өнімі экспортының валюталық түсімі төрт есеге, 240 млн-нан 963 млн АҚШ долларына дейін өсті. Өндіріс рекордтық 1,6 млн тоннаға, қайта өңделген ауылшаруашылығы өнімі экспортындағы саланың үлесі 27%-ға жетті. Бұл отандық өндірушілерді қолдау, қайта өңдеуді дамыту мен инвестиция тартудағы дәйекті мемлекеттік саясаттың нәтижесі. Қайта өңдеумен бірге ауыл шаруашылығы да дамып, майлы дақыл алқабы кеңеюде. Фермерлік шаруашылықтың табыстылығы артты. Жаңа жұмыс орындары ашылып, көлік және экспорттық инфрақұрылым дамуда", - деп атап өтті вице-премьер.
Бүгінгі таңда Қазақстан күнбағыс майын экспорттау жөнінен әлемде алтыншы орында. Ол өнімді Қытай нарығына екінші ірі жеткізуші. Сондай-ақ, республика Еуропалық Одаққа күнбағыс ұнын басты жеткізушілер қатарына кіріп, Орталық Азия мемлекеттерінің қажеттілігін толықтай өтей алады.
Серік Жұманғариннің айтуынша, саланың алдағы міндеті - ірі экспорттаушы мәртебесінен әлемдік көшбасшының біріне өту. Ол үшін 2026-2028 жылдарға арналған май өнімі экспортын дамыту жөніндегі жол картасы жүзеге асырылуда.
Біздің мақсатымыз - саланың валюталық түсімін жылына $1,5 млрд-тан аса ұлғайту. Қазақстанның күнбағыс майының ірі әлемдік экспорттаушылары арасындағы позициясын нығайтып, саланың әлемдік көшбасшыларының үштігіне кіру үшін негіз құру қажет", - деп атап өтті ол.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жоғары рентабельді майлы дақылдың егіс алқабын кеңейту, заманауи агротехнология есебінен өнімділікті арттыру, терең өңдеуге инвестиция тарту, сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымды және халықаралық сауда бағыттарын дамыту жұмысы жалғасады.
Қазақстан ұлттық қайта өңдеушілер қауымдастығының төрағасы Ядикар Ибрагимов сала экспорттық географияны белсенді түрде кеңейтіп, логистикалық шешімді жетілдіруде екенін жеткізді.
Мәселен, 2026 жылы Ақтау портында алғаш рет теңіз кемесіне өсімдік майын ауыстырып тиеу жүзеге асырылды. "ҚТЖ" ҰК" АҚ қолдауымен Қытай бағытында Достық - Алашанькоу шекаралық өткелі арқылы астық таситын көлікпен түйіршіктелген күнбағыс ұнын тәжірибелік жеткізу басталды.
Сонымен қатар 2025 жылғы күзде Қазақстан тарихында алғаш рет Шығыс Қазақстан облысынан Қытайдың Цзянсу провинциясына флекситанктер арқылы күнбағыс майы 40 футтық контейнермен жөнелтілді. Жүк 12 күнде 4 700 шақырымды жүріп өтіп, контейнермен тасымалдаудың тиімділігі мен жоғары жылдамдығын көрсетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2026, 12:05 18191
Білім экономикасы - Қазақстан мен Еуропалық Одақ серіктестігінің жаңа қозғаушы күші
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бельгиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінде "Shanyraq Dialogues" пікірталас алаңы аясында "Қазақстанның білім экономикасы: Еуропалық Одақпен әріптестіктің жаңа көкжиектері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, бельгиялық университеттер мен зерттеу орталықтарының өкілдері, сарапшылар қауымдастығы, дипломатиялық корпус және Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараның модераторы Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) атқарушы директоры Карина Ангелиева болды. Ол өз сөзінде Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуетінің қарқынды дамуын атап өтіп, бұл ХҒТО-ның штаб-пәтерін 2015 жылы Астанаға көшіру туралы шешім қабылдаудағы негізгі факторлардың бірі болғанын айтты. Халықаралық ұйым басшысы бүгінде Қазақстанның ХҒТО-ның бірқатар маңызды жобаларын жүзеге асыруда жетекші орындардың бірін иеленіп отырғанын ерекше атап өтті.
Қатысушыларға алғысөз сөйлеген Бельгиядағы Қазақстан Елшісі Роман Василенко Астана мен Брюссель арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл және Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толған кезеңде екіжақты ынтымақтастықтың сапалы әрі елеулі ілгерілеуін атап өтті.
Қазақстандық дипломат Еуропалық Одақтың Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі екенін еске салды. Тараптар арасындағы ынтымақтастық көлік байланысын дамыту, стратегиялық маңызды шикізат материалдары, жасыл трансформация, цифрландыру және инновациялар сияқты басым бағыттарда тұрақты түрде кеңейіп келеді.
Р. Василенко білім беру, ғылым және технологиялар саласындағы әріптестікті дамытуға ерекше назар аударды. Оның айтуынша, адами капиталға инвестиция салу Қазақстанның негізгі басымдықтарының бірі, ал еуропалық университеттер мен зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықты тереңдету бірлескен зерттеулер жүргізуге, академиялық алмасуларды дамытуға және болашақ экономикасы үшін мамандар даярлауға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек негізгі баяндамашы ретінде сөз сөйлеп, ғылым мен жоғары білім саласындағы мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарын таныстырды. Олардың қатарында ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту, зерттеу университеттерін дамыту, жоғары білімді интернационалдандыру, жас ғалымдарды қолдау, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және Қазақстанның халықаралық зерттеу бағдарламаларына қатысуын кеңейту бар.
Сондай-ақ, Қазақстанның еуропалық ғылыми-білім беру қауымдастығымен ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылысына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, зерттеулер мен инновацияларды қолдауға бағытталған Еуропалық Одақтың "Horizon Europe" бағдарламасы сияқты халықаралық бастамаларға қатысу мәселелері сөз болды.
Министр Саясат Нұрбек өз сөзінде: "Білім экономикасы сенімге, университеттердің ашықтығына, қуатты ғылымға және халықаралық ынтымақтастыққа негізделеді. Қазақстан еуропалық университеттермен өзара іс-қимылдың жүйелі әрі ұзақ мерзімді сипатта болғанына мүдделі. Бұл ынтымақтастық бірлескен зерттеулерге, тәжірибе алмасуға және болашақ экономикасына қажетті мамандар даярлауға негізделуі тиіс", - деп атап өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстандағы білім экономикасын дамыту, жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастық, бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру, академиялық ұтқырлық, экономиканың жаңа салалары үшін кадрлар даярлау, сондай-ақ бельгиялық және еуропалық университеттермен ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.
Дөңгелек үстел мемлекеттік органдар, академиялық қауымдастық, сарапшылар ортасы және дипломатиялық корпус өкілдері арасында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ғылыми-білім беру әріптестігін одан әрі дамыту мәселелері бойынша ашық диалог жүргізуге мүмкіндік берген тиімді алаңға айналды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.06.2026, 16:43 25791
Мемлекет басшысы GREEN ЕСО жылыжай кешенімен танысты
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таза әрі пайдалы жапырақты көкөніс түрлерін өсіретін GREEN ЕСО заманауи жылыжай кешенінің қызметімен, сондай-ақ Қазақстан нарығындағы өндіріске қолданылатын технологиялармен танысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Шаруашылықтағы барлық үдеріс химиялық өңдеусіз, тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолданбай іске асырылады. Бүгінде 160 адам еңбек ететін кәсіпорынның өнімдері Қазақстанның 10 қаласына жеткізіледі.
Президент "Лукоморье" тұқымбағы - бақ орталығын аралап көрді. Бұл - автоматтандырылған жұмыс арқылы жылына 1,5 миллион түпке дейін ағаш, сәндік бұталар мен гүлдер өсіруге қауқарлы еліміздегі ірі орталық. Оның өнімдері қалаларымыздың барлығында сұранысқа ие, сонымен қатар Өзбекстан мен Қырғызстанға экспортталады.
Мемлекет басшысына Turanga сәндік өсімдіктер тұқымбағын ұйымдастыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды. Онда 130 мыңға жуық ағаш және 3,5 миллион түп бұта өсіру жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2026, 20:21 54931
Ақтөбе облысында цемент зауытының құрылысы басталды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
176,9 млн АҚШ доллары көлеміндегі цемент зауыты жобасы өңірдің өнеркәсіптік дамуының маңызды драйверіне айналып, жаңа жұмыс орындарын құруға және оның инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етпек, деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Ақтөбе облысы Байғанин ауданында "QazCem Industries" ЖШС цемент зауытының (жылына 1,3 млн тонна өнім шығаратын қуаттылықпен) құрылысын бастауға арналған салтанатты рәсім өтті. Жаңа жоба өңірдегі ең ірі индустриялық нысандардың біріне айналып, Қазақстанның құрылыс саласының дамуына қосымша серпін береді.
Іс-шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Ақтөбедегі Қытай Халық Республикасының Бас консулы Го Юй, Tianshan Materials директорлар кеңесінің төрағасы Чжао Синьцзюнь, Sinoma Cement президенті Жун Якунь, мемлекеттік органдардың өкілдері, инвесторлар мен жоба серіктестері қатысты.
Ресми бастау шарасына дейін қонақтар құрылыс алаңындағы дайындық жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта инженерлік инфрақұрылымды дайындау, өндірістік жабдықтарды орналастыру және болашақ кәсіпорын нысандарын салу жұмыстары жүргізілуде.
Салтанатты рәсім барысында Асхат Шахаров жобаның өңір мен ел үшін стратегиялық маңызын атап өтті.
Бүгін біз жылына 1,3 млн тонна өнім шығаратын заманауи цемент зауыты сияқты ірі индустриялық жобаны іске асыруды қолға алдық. Бұл - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген келісімдердің нақты нәтижесі", - деді өңір басшысы.
Жобаның жалпы инвестиция көлемі - 176,9 млн АҚШ доллары. Биылғы жылдың соңына дейін жобаның 75 пайызы, яғни шамамен 132,7 млн доллар игеріледі деп жоспарланған.
Жұмыспен қамту мәселесіне баса назар аударылған. Зауыт іске қосылғаннан кейін 250-300 тұрақты жұмыс орны ашылады. Құрылыс кезеңінің өзінде 187 адам жұмыспен қамтылған. Байғанин аудандық "Мансап" орталығы арқылы жергілікті тұрғындардың бір бөлігі жұмысқа орналастырылды.
Жоба Ақтөбе облысы әкімдігі мен "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ қолдауымен, қазақстандық Primus Capital компаниясы мен Қытайдың CNBM корпорациясына кіретін Sinoma Cement компаниясының серіктестігі аясында жүзеге асырылуда.
Primus Capital холдингінің негізін қалаушы Сапарбек Тұяқбаев цемент зауыты жобасын жүзеге асыру өңірдің индустриялық әлеуетін нығайтып қана қоймай, заманауи технологиялар мен халықаралық өндірістік стандарттарды енгізу арқылы отандық мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Ақтөбе облысындағы цемент зауытының құрылысы - Қазақстан өнеркәсібіне тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мен халықаралық деңгейдегі озық технологияларды енгізудің жемісті нәтижесі. Primus Capital инвестициялық холдингі бұған дейін де шетелдік серіктестер мен халықаралық капиталдың қатысуымен бірқатар жобаларды жүзеге асырған. Біз Sinoma Cement компаниясымен бірлесіп, энергия тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздіктің халықаралық озық талаптарына жауап беретін жоғары технологиялық өндіріс құрудамыз,- деп атап өтті ол.
Tianshan Materials директорлар кеңесінің төрағасы Чжао Синьцзюнь бұл цемент зауыты компанияның Орталық Азиядағы алғашқы стратегиялық жобасы екенін сөз етті.
Қазақстан - Қытайдың маңызды серіктесі және "Бір белдеу - бір жол" бастамасындағы негізгі елдердің бірі. Ақтөбедегі жоба өңірдегі өндірістік тізбекті кеңейтуге және өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытуға негіз болады", - деді ол.
Sinoma Cement президенті Жун Якунь кәсіпорынның қауіпсіздік, сапа және экологиялық талаптардың халықаралық стандарттарына сай болатынын жеткізді.
Салтанатты рәсім қорытындысында қатысушылар құрылыс-монтаж жұмыстарына ресми түрде бастау беріп, Қазақстан мен Қытай арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Айта кетейік, Байғанин ауданы инвестициялық белсенділігін тұрақты түрде көрсетіп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауданның өнеркәсіптік өнім көлемі 216,1 млрд теңгені құрады, негізгі капиталға салынған инвестициялар 56,8 млрд теңгеге жетті. Тек 2026 жылдың сәуір айында аудан экономикасына 19 млрд теңге инвестиция тартылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2026, 19:39 142526
Нұрлыбек Нәлібаев мұнай-газ кешені мен көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша кеңестер өткізді
Достарға айту
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен "ҚазМұнайГаз", "QazaqGaz", "Қазақстан темір жолы", "ҚазАвтоЖол" ҰК" басшылығының қатысуымен кеңестер өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кеңес барысында компаниялардың ағымдағы қызметі және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы есептер тыңдалды. Қатысушылар мұнай-газ секторын дамыту, газ саласын дамыту, сондай-ақ еліміздің теміржол және автожол инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы стратегиялық мәселелерді қарады.
ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ қызметіндегі басым бағыттар - геологиялық барлау жұмыстарын ұлғайту, ресурстық базаны толықтыру және мұнай өндірудің тұрақты деңгейін қамтамасыз ету. Қолданыстағы кен орындарында мұнай өндіруді арттыру, экспорттық инфрақұрылымды дамыту және мұнай жеткізу маршруттарын әртараптандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар мұнай өңдеу зауыттары қуаттарын жаңғыртуға және кеңейтуге, ішкі нарықты мұнай өнімдерімен, оның ішінде авиаотынмен үздіксіз қамтамасыз ету және мұнай-газ химиясы саласын дамыту жобалары қаралды.
QazaqGaz компаниясы қазіргі уақытта өңірлерді газбен қамтамасыз ету, магистралды газ құбырлары мен газ өңдеу зауыттарын салу мәселелерімен бетпе-бет келіп отыр. Кеңесте газ тасымалдау жүйесін жаңғырту, технологиялық шығындарды азайту, ресурстық базаны дамыту және ішкі тұтынушыларды газбен сенімді қамтамасыз ету шаралары жеке қаралды.
Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының қызметі жылжымалы құрамды жаңарту, теміржол вокзалдарын жаңғырту, өндірістік процестерді цифрландыру және жолаушылар мен жүк жөнелтушілерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру тұрғысынан қаралды.Транзиттік дәліздерді дамытуға, нысандарды салу мен жаңғырту мерзімдерін сақтауға, мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және мердігерлік ұйымдармен өзара үйлестіруді күшейтуге ерекше назар аударылды.
Өз кезегінде "ҚазАвтоЖол" ұлттық комапниясында Мемлекет басшысының автомобиль жолдарының ұлттық желісін дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау қорытындылары ұсынылды. Халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдардағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ жол инфрақұрылымын күтіп ұстау, жөндеу және жаңғырту мәселелері қаралды. Құрылыс жұмыстарының сапасына, транзиттік дәліздердегі "тар тұстарды" жоюға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға ерекше назар аударылды.
Талқылау барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары стратегиялық жобаларды уақтылы іске қосу, өндірістік инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ инвестициялық қызметтің тиімділігін арттырудығ маңыздылығын атап өтті.
Нұрлыбек Нәлібаев мұнай-газ кешенін озық қарқынмен дамыту, газбен қамту деңгейін арттыру, энергетикалық қауіпсіздік пен ішкі нарық тұрақтылығын қамтамасыз ету, жобалардың сапалы әрі уақтылы орындалуы, тасымалдау үдерісінің тиімділігін арттыру, қозғалыс қауіпсіздігін нығайту және елдің көліктік-логистикалық әлеуетін дамытуға бағытталған нақты нәтижелерге қол жеткізудің маңыздылығына тоқталды.
Кеңес қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуге, жобаларды жүзеге асыруды жеделдетуге, салаға қатысушылар арасында үйлестіруді күшейтуге және мұнай-газ, көлік секторларын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар дайындауға бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2026, 19:01 142321
Қазақстан мен Дүниежүзілік банк экономикалық реформалар бойынша бірлескен іс қимыл жоспарын дайындайды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі Андрей Михневпен және ұйымның халықаралық сарапшыларымен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесу ҚР Премьер-министрі бастамашылық еткен бірқатар талқылаулардың жалғасы ретінде толығымен жаңа инвестициялық циклды жүзеге асыру, ұзақ мерзімді капитал тарту, экономиканың өнімділігін арттыру және одан арғы құрылымдық реформалар үшін тәжірибе тетіктерін дайындау мәселелеріне арналды.
Талқылауға Ұлттық экономика, Қаржы, Сыртқы істер, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерінің, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Дүниежүзілік банктің сарапшылары Қазақстанның мемлекеттік секторының деректеріне негізделген болашақ талдамалық есептің құрылымын ұсынды. Талқылаудың өзегі Экономиканың жоғары өнімділікке, технологиялық жаңаруға және халық табысының өсуіне сапалы түрде көшуіне бағдарланған "3I" моделі болды. Оның атауы ағылшын тіліндегі инвестиция, ықпалдасу және инновация сөздерінен құралған.
Есепті таныстыру шеңберінде мемлекеттік шығысты жоспарлауды жетілдіруге және әлеуметтік қолдаудың белсенді шараларын дамытуға айтарлықтай көңіл бөлінді. Сарапшылар Қазақстандағы цифрландырудың жоғары деңгейін атап өтті. Бұл мемлекеттік көмекті барынша жедел, дәлме-дәл және оған нағыз мұқтаж азаматтардың санатына көрсетуге мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлікті қолдау құралдарын талқылау кезінде сарапшылар "Даму" қорының бағдарламаларына талдау жасап, ШОБ кәсіпорындарын жұмыспен қамтуды арттыру мен жаңғыртудың драйвері ретінде ішінара несиелік кепілдік беру тетігінің жоғары тиімділігін атап өтті.
Кездесу қорытындысында тараптар бастамаларды талдамалық ұсынымдардан іс жүзіне асыруға көшу туралы уағдаласты. Ұлттық экономика министрлігі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі және басқа да ведомстволармен бірлесіп, кешенді іс-қимыл жоспарын дайындаумен айналысатын бірлескен жұмыс тобы құрылады.
Кеңес беру процесі біз үшін маңызды. Ұсынылған шара әрбір салалық министрлікпен, жергілікті атқарушы органмен егжей-тегжейлі талқыланып, олардың ағымдағы міндеті де толық ескерілуі маңызды. Өңірлерді толыққанды тарту қазірдің өзінде жергілікті ерекшеліктерді дәлірек анықтап, әр облыс үшін қолданбалы құралды әзірлеуге мүмкіндік береді. Біз оны жоғары деңгейде талқылағаннан кейін, келісілген жалпы стратегия ретінде ұсыну үшін қыркүйек-қазанға арналған іс-қимыл жоспарының жобасын бірлесіп дайындаймыз деген үміттеміз", - деді Андрей Михнев.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өз кезегінде бірлескен жұмыстың стратегиялық басымдықтарын атап өтті:
Біздің басты міндетіміз - терең экономикалық талдауды практикалық және түсінікті шараларға көшіру. Мемлекет басшысы айтып отырған жаңа инвестициялық цикл бізден белсенді тәсілдерді талап етеді. Біз ұзақ мерзімді жеке капитал үшін барынша тартымды жағдай жасауды, технологиялық жаңару үшін кедергілерді алып тастауды және отандық бизнеске дамудың пәрменді құралдарын ұсынуды көздейміз. Дүниежүзілік банкпен бірлескен іс-қимыл жоспары жүргізіліп жатқан құрылымдық реформалардың сабақтастығын қамтамасыз ететін және сапалы экономикалық өсудің негізін қалайтын нақты бағдарға айналады", - деп атап өтті вице-премьер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2026, 12:45 142111
Қазақстан 11,7 млн тонна астық пен астық есебіндегі ұн экспорттады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 20 мамырға дейін астық пен астық баламасындағы ұн экспортының көлемі 11,7 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,6%-ға жоғары (10,3 млн тонна), деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Экспорт көлемінің өсуі Орталық Азия елдері мен Ауғанстан бағыттарында байқалды. Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт 39,5%-ға артып, 3,5 млн тоннадан 4,8 млн тоннаға жетті. Қырғызстанға жеткізілім көлемі 1,5 есеге өсіп, 297 мың тоннадан 457 мың тоннаға дейін ұлғайды.
Сондай-ақ Ауғанстан бағыты бойынша айтарлықтай өсім тіркелді, экспорт көлемі 2,3 есеге артып, 1,3 млн тоннадан 3 млн тоннаға жетті. Түрікменстанға экспорт 47,7%-ға ұлғайып, 130 мың тоннадан 192 мың тоннаға дейін өсті.
Қарқынды өсім қазақстандық астық өнімдеріне сыртқы нарықтарда сұраныстың жоғары екенін, сондай-ақ экспорттық логистиканы дамыту және шетелдік серіктестермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.05.2026, 13:21 145601
Алатау қаласына 2 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылады
Достарға айту
Аталған қаржыға 50-ден астам жоба жүзеге асырылады. Бұл жөнінде Алатау әкімі Аркен Өтенов Мемлекет басшысының Alatau City жобасына қатысты тапсырмаларын іске асыру жөніндегі баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Қазір бізде жалпы құны 2 триллион теңгеге жуық 50-ден астам инвестициялық жоба бар. Бүгінде олардың жүзеге асырылуы әртүрлі сатыда. Сонымен бірге, мемлекет бірінші кезекте инфрақұрылымды дамытуға көңіл бөледі. Ол үшін өзіміздің құны 300 млрд теңгелік жол картасы қабылданған. Соған сәйкес, инфрақұрылымды өркендету жұмыстары жүріп жатыр", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
05.06.2026, 10:50ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан - Қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды 05.06.2026, 11:10 25581Астана мен Браззавиль сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басты бағыттарын айқындады05.06.2026, 16:15 15761Қазақстанда санитарлық-техникалық жабдықтар шығаратын зауыт салынуда05.06.2026, 17:11 13296Токио губернаторы Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде болып қайтты05.06.2026, 17:52 12161Кишиневте Молдова-Қазақстан іскерлік кеңесінің кеңсесі ашылды: экономикалық серіктестікке жаңа серпін
01.06.2026, 19:13 88061Қазақстан мен Жапония құқық саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда01.06.2026, 18:51 88051БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының басшысы Өңірлік экологиялық саммитін жоғары бағалады01.06.2026, 19:07 87801Қазақстан мен Камбоджа дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды01.06.2026, 20:26 86506Зайсанда қазақ-әзербайжан достығының оқу кабинеті ашылды01.06.2026, 20:52 86141Қазақстандық кәсіпкерлер Нью-Йоркпен ынтымақтастықты кеңейтуде
13.05.2026, 07:10 289301Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының Атқарушы директорын қабылдады15.05.2026, 21:02 276996Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына GovТeсh цифрлық шешімдері таныстырылды22.05.2026, 20:31 250466Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды15.05.2026, 20:45 243436Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді15.05.2026, 19:53 242806Түркістан қаласында ТМҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми отырысы өтті

