07.04.2021, 22:28 16645

Ақмола облысында жаңа автоорталық ашылады

КӨКШЕТАУ. 7 СӘУІР - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев "Астана Моторс" ҚМК-нің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 "Toyota" автомобиль маркасының ресми дилері болып табылатын "Астана Моторс" ҚМК Көкшетау қаласында аттас орталық салуды жоспарлап отыр.
 

Қазіргі заманғы автомобиль орталығы екі кезеңде салынады, бірінші кезеңде техникалық қызмет көрсету станциясын, екінші кезеңде ақмолалықтар автокөлікті таңдай алатын заманауи шоурум салу қарастырылуда", - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Instagram-да.

 
Ведомствода атап өткендей, дилерлер объектіні 2000 шаршы метр аумаққа орналастыруды жоспарлап отыр. Инвестиция сомасы шамамен 3 млн АҚШ долларын құрайды.
 
 "Астана Моторс" ҚМК мемлекеттік реттеу жөніндегі басқарушы директоры Мәди Өтешевтің айтуынша, ағымдағы жылдың көктемінде техникалық қызмет көрсету станциясының құрылысын бастау жоспарлануда.
 

Өңір басшысы болашақ кәсіпорынның жобасымен мұқият танысып, Ақмола облысы әкімдігінің тарапынан жобаға қолдау көрсетілетініне сенім білдірді", - деп қосты әкімдікте.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны