31.10.2022, 13:20 16741

Air Astana бірқатар бағыттар бойынша әуе рейстерін тоқтатады

Air Astana бірқатар бағыттар бойынша әуе рейстерін тоқтатады
Сурет: Depositphotos
Астана. 31 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Air Astana 2023 жылдың 25 наурызына дейін жалғасатын қысқы ұшу навигациясын бастады. Қысқы навигациялық кезеңде Air Astana 42 бағытқа қатынайды, оның 27-сі халықаралық және 15-і ішкі рейс, деп хабарлайды әуекомпанияның баспасөз қызметі.
 

Қысқы кестеде әуе компаниясы танымал маусымдық жазғы курорттарға рейстерді тоқтатады. Әуе компаниясы 2023 жылдың көктем-жазғы навигациясында Бодрум, Батуми, Ираклион және Подгорицаға рейстерді қайта бастайды. Сондай-ақ Астанадан Тбилисиге қатынайтын рейстер де уақытша тоқтатылып, Алматыдан Тбилисиге қатынайтын рейстер аптасына бес реттен үш ретке дейін біртіндеп қысқарады. Air Astana әуе компаниясының ресми беттерінде ұшу туралы өзекті ақпаратты қадағалап отыруды сұрайды", - деп хабарлады Air Astana баспасөз қызметі.

 
Сонымен қатар, қысқы навигацияда әуекомпания жыл бойы тұрақты бағыттарға ұшу санын көбейтуді жоспарлап отыр. Атыраудан Ыстамбұлға рейс аптасына екі рейстен үш рейске дейін, Алматыдан Пхукетке аптасына үш реттен жеті ретке дейін, Алматыдан Чэндуге екіден беске дейін, Алматыдан Делиге ұшатын әуе рейстері жылына 14 рейске дейін ұлғайяды. Сондай-ақ қысқы кезеңде Мальдив аралдарына ұшулар саны аптасына бес рейске дейін ұлғаяды. Алматыдан Ыстамбұлға әуе компаниясы аптасына 10 рейсті орындауды жалғастырады, ал Астанадан Ыстамбұлға рейс былтырғы қыстағы бес рейстің орнына аптасына 7 рейске дейін ұлғаяды.
 
2022 жылдың 30 қазанынан бастап әуе компаниясы Алматыдан Бангкокқа рейсті қайта бастады.
 
2023 жылдың қаңтарынан бастап әуе компаниясы Алматыдан Мединаға аптасына екі рет тұрақты рейстерді ашуды жоспарлап отыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны