05.04.2023, 10:18 54281

Алматыда дизель отынын сатуға шектеу енгізілді

2023 жылғы 15 наурыздан бастап Шымкент мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеуге жабылды, осыған байланысты Алматыға дизель отынын жеткізу тоқтатылды
Алматыда дизель отынын сатуға шектеу енгізілді
Алматы. 5 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Қалалық әкімдіктің ақпараты бойынша, Алматыда дизель отынын тұтыну бірден 30-35%-ға өсті. Бұл Алматы облысының тұрғындары мен транзиттік көлік иелерінің сұранысына байланысты. Бұл жекелеген жанармай құю бекеттеріне үзіліспен жеткізілуіне әкелді.
 
Шымкент мұнай өңдеу зауытында дизель отынын өндіру қайта басталғаннан кейін жағдай толығымен тұрақтанады. Зауыт 15 наурызда жөндеуге жабылды, ол ҚР Энергетика министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша сәуір айының бірінші онкүндігінде аяқталады.
 
Бүгінде ірі желілік ЖҚС және қаланың мұнай базаларында шамамен 8,8 мың тонна дизель отыны бар, 4-5 күн ішінде шамамен 4,7 мың тонна жеткізіледі.
 

Әзірге, қала тұрғындарын, автобус парктері мен коммуналдық қызметтерді қамтамасыз ету мақсатында жекелеген жанармай құю бекеттеріне дизель отынының шектеулі шығарылымы енгізілді. Алматы қаласының әкімдігі ҚТЖ және ЖМҚС желілерімен бірлесіп тұрақты негізде жолда дизель отынына мониторинг жүргізеді. Басқа өңірлерде вагондардың тоқтап қалуына байланысты мәселелер шұғыл түрде пысықталып жатыр", - делінген ведомствоның хабарламасында.

 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда дизель мен бензиннің шекті бағасын көтеру көзделген. Премьер-министр бұл шара елдегі отын тапшылығын болдырмау үшін енгізіліп жатқанын түсіндірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны