22.07.2022, 16:53 16251

Алматыда желатин өндіретін зауыт салынады

Алматыда түрік инвесторлары желатин өндіретін зауыт салады.
Алматыда желатин өндіретін зауыт салынады
Сурет: Depositphotos
АЛМАТЫ. 22 ШІЛДЕ - Қала әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров Түркиядан келген инвестормен кездесті, ол - Iskefe тобының орындаушы комитетінің мүшесі Серташ Ахмет Левент. Екі тарап Алматы индустриялық аймағында желатин өндіретін зауыт салуға қатысты бірқатар сұрақтарды талқылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Шетелдік компанияның жобасы Алматы қаласының Өңірлік үйлестіру кеңесінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы хаттамалық шешіміне сәйкес индустриялық аймақ қатысушыларының тізіміне енгізілген. Жобаны жүзеге асыру үшін 4,5 га жер учаскесі бөлінді. Инвестор болашақта 100-ден астам тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз ете отырып, зауыт құрылысына шамамен 9,8 млрд. теңге салуды жоспарлап отыр. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 7 мың тоннадан астам "Халал" стандартты желатин шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта "Halavet KZ" ЖШС жобалық құжаттаманы Қазақстанның құрылыс нормалары мен стандарттарына бейімдеу рәсімін жүргізуде. Зауыт 2024 жылы ашылады деп жоспарланып отыр", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

 
Желатин өндірісі үшін шикізат ретінде жергілікті ІҚМ терілері пайдаланылмақ, яғни ел аумағын қамту үлесі кемінде 60%-ды құрайды. Компания мамандарының айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда тамақ, косметикалық және фармацевтикалық өнеркәсіп кәсіпорындары өз өнімдерін өндіру үшін желатинді тек шетелден алдыртады, сондықтан Алматыда зауытты ашу отандық өндірушілерге сапалы шикізаттың қолжетімді болуына мүмкіндік береді.
 
 "Halavet KZ" ЖШС 1957 жылы Түркияда құрылған Iskefe холдингінің құрамына кіреді және 7 тері зауытын, желатин, ақуыз, гидролизаттар, жануарларға арналған сұйық аминқышқылдарын өндіретін зауыттарды, ғылыми-зерттеу орталығы мен сынақ зертханаларын біріктіреді. Еуропа мен Азияның сауда нарығындағы сиыр желатиніне әлемдік қажеттіліктің 6%-ы Iskefe Holding үлесіне тиесілі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны