23.09.2022, 15:36 26716

Алматының индустриалды аймағында екі жаңа кәсіпорын ашылды

Алматыда тау-кен өндіру жабдықтарын өндіру және қызмет көрсету саласындағы әлемдік көшбасшының суперсервисі Weir Minerals және диагностикалық тест-жүйелерін өндіретін "Қаз-Диа-Тест" ЖШС іске қосылды.
АЛМАТЫ. 23 ҚЫРКҮЙЕК - Алматының индустриалды аймағында бірден екі кәсіпорын – тау-кен өндіру жабдықтарын өндіру және қызмет көрсету саласындағы әлемдік көшбасшының суперсервисі Weir Minerals және диагностикалық тест-жүйелерін өндіретін "Қаз-Диа-Тест" ЖШС іске қосылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Weir Minerals компаниясының әлемдік көшбасшысының супер сервисін Кazstroy Trade ЖШС Алматы индустриалды аймағындағы шағын өнеркәсіп саябағында жүзеге асырады. 2450 шаршы метр алаңда энергетикалық сектор, тау-кен өндіру саласы және жалпы мақсаттағы өнеркәсіп үшін шлам жабдығын шығару жоспарлануда: сорғылар, гидроциклондар, клапандар, елеуге арналған жабдық, резеңке және тозуға төзімді футеровкалар. Жоспарланған өндірістік қуаты – жылына 600 бірлік өнім. Жобаға салынған жалпы инвестиция 1,25 млрд теңгені құрады. Кәсіпорын 60-тан астам жаңа жұмыс орнын ашады.
 
Жобаны іске асыру өз қызметінде тау-кен өндіру жабдығын қолданатын ірі компаниялардың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
 
 "Қаз-Диа-Тест" ЖШС зауыты тест-жүйенің 4 түрін: экспресс-тест, ПТР-тест, ИФТ-тест, Петри тостағанын шығаратын болады. Зауыттың қуаттылығы – жылына 1,83 млн тест. Жобаның құны – 4,6 млрд теңге, оның 50%-ы – өз қаражаты, 50%-ы – қарыз қаражаты. 65 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.
 
Ерболат Досаев индустриалды аймақтың басқарушы компаниясына өндірістік кәсіпорындардың жұмысы үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны