12.01.2023, 11:51 40501

АМӨЗ мұнай өнімдерін өндіруді қалпына келтірді

Зауытта каталитикалық крекинг қондырғысының және онымен байланысты технологиялық объектілердің жұмысы қалпына келтірілді
АМӨЗ мұнай өнімдерін өндіруді қалпына келтірді
Сурет: kmg.kz
Астана. 12 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Атырау мұнай өңдеу зауытында каталитикалық крекинг қондырғысы мен оған қатысты технологиялық нысандардың жұмысы толықтай қалпына келтірілді. Қондырғы жұмыс режиміне шықты, мұнай өнімдерін шығару көлемін арттыру процесі басталды, деп хабарлады зауыттың баспасөз қызметі.
 
2023 жылдың 10 қаңтарында бұрын толтырылған 36 вагон цистернаны қоса есептегенде барлығы 1624 тонна сұйылтылған көмірсутек газы жөнелтілді:
 
• Ақтөбе облысы - 176 т;
 
• Қызылорда облысы - 584 т;
 
• Қостанай облысы - 490 т;
 
• Атырау облысы - 238 т (авто);
 
• Батыс Қазақстан облысы - 127 т (авто);
 
• Маңғыстау облысы - 40 т (авто).
 

2023 жылдың 11 қаңтарында "АМӨЗ" ЖШС-нің резервуарлық паркінде 38 200 тонадан аса әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдері сақталған: тауарлы автобензин АИ-92 - 17 000 тонна, АИ-95 - 1 200 тонна, дизельді отын - 20 000 тоннадан астам. Мұнай өнімдерін (автобензин мен дизель отынын) жанармай бекеттер желісіне тиеп жөнелту өндірістік жоспарға сәйкес тұрақты түрде жүріп жатыр", - деп хабарлады АМӨЗ.

 
Еске сала кетейік, аймақтардағы газжелілік мекемелердің сұйытылған көмірсутек газын автокөлікпен дер кезінде тасып шығармауы (тасып шығару жұмыстары ҚР Энергетика Министрлігі бөлген көлемге сәйкес жүргізілуі тиіс) себепті"Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС-де газды сақтайтын бос орын қалмаған болатын. Нәтижесінде 10 қаңтарда АМӨЗ каталитикалық крекинг қондырғысының және оған қатысты технологиялық нысандардың жұмысын мәжбүрлі түрде тоқтатты. Бұл мұнай өнімдерін шығару көлемін азайтуға әкелді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны