07.12.2022, 11:25 12436

Қарашөкеев күріш экспортына неліктен тыйым салуға болмайтынын түсіндірді

Қарашөкеев күріш экспортына неліктен тыйым салуға болмайтынын түсіндірді
Сурет: Facebook/Ербол ?араш?кеев
Қарашөкеев тағы да қоймалардағы күріш қоры тұтыну нормасынан 2 есе артық екеніне сендірді

Астана. 7 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев 6 желтоқсандағы Үкімет отырысында күріш нарығы бойынша айтылған ақпаратқа түсініктеме берді, оның ішінде өнімді Қазақстаннан экспорттауға тыйым салу кезіндегі ықтимал зардаптар туралы айтты.

Ол соңғы күндері күрішке қатысты алып қашпа әңгімелер болғанын атап өтті.

"Кейбір сарапшылар" не айтпады дейсіздер, тіпті барлық күріш Ресейге экспортталды деп мәлімдеді. Биыл Ресейге 10 мың тоннадан аспайтын таза күріш пен 25 мың тоннаға жуық ұсақталған күріш (елімізде аса сұранысқа ие емес) экспортталды. Бұл күрішті олар өңдеуге және алкогольдік сусын жасауға пайдаланады", - деп жазды Қарашөкеев Facebook-те.


Министр кейбір "білгіштер" экспортқа мүлдем тыйым салуды ұсынғанын айтты.

Қазақстанда 1000-нан астам шаруа күріш өсірумен айналысады. Олардың қандай бейнетпен жұмыс істейтінін біліп тұрып, еңбектерін бағаламау үлкен әділетсіздік болады. Егер өсірген күріштерін сата алмаса, олар шығынға ұшырайды. Мұның соңы елімізде нағыз күріш тапшылығына әкеп соғуы әбден мүмкін", - деп түсіндірді министр.


Үкіметте сөйлеген сөзіне қатысты ол өз баяндамасында күріштің келісі өндіріс орындарында 256 теңгеден айтқанын атап өтті.

Тағы да айтамын - бұл зауыттардағы баға! Қазақ тілінен орыс тіліне ілеспе аударма жасайтындар қателескені анық. Содан кейбір БАҚ өкілдері мені нарықтағы бағаны білмейді деп айыптаған ұқсайды", - деп түсіндірді АШМ басшысы.


Қарашөкеев тағы да қоймалардағы күріш қоры тұтыну нормасынан 2 есе артық екеніне сендірді.

Біздің нарықтың нақты қажеттілігі 97-100 мың тонна болса, қоймада 257 мың тоннадан астам күріш бар. Тапшылық болуы мүмкін емес. Қордағы бұл күріш келесі өнім жинау науқанына дейін жетеді", - дейді ол.


Министр сөз соңында дүкен сөрелерінде толып тұрған отандық өнімді сатып алуды шақырды.

Сауда орындарында күріштің келісі 313 теңгеден 650 теңгеге дейінгі аралықта. "Лидер", "Ақ маржан", "Элита" және күріштің басқа да тамаша сорттары өзімізде, көбіне Қызылорда облысында өсіріледі. Біз үйде де осы өзіміздің отандық күрішті тұтынамыз", - деп бөлісті Қарашөкеев.


Естеріңізге сала кетейік, АШМ Қазақстандағы күріш нарығындағы тұрақтылық туралы мәлімдеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны