13.12.2021, 18:52 407992

Қараша айында инфляция қазан деңгейінде қалып, 0,7% құрады

Қараша айында инфляция қазан деңгейінде қалып, 0,7% құрады
НҰР-СҰЛТАН. 13 ЖЕЛТОҚСАН - Қараша айында инфляция қазан айының айлық инфляциясымен салыстырғанда өзгермей, 0,7%-ды құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты департаменті нақты сектордың мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осипов, 2021 жылғы қарашадағы ел өңірлеріндегі инфляциялық үрдістерге түсініктеме бере отырып, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Оның мәліметтері бойынша, қарашада елдегі жылдық инфляция бәсеңдеп 8,7%-ды құрады (қазанда – 8,9%), бірақ 4 өңірде инфляцияның жеделдеуі байқалды. 11 өңірде инфляция бәсеңдеп, 2 өңірде өзгеріссіз қалды.
 

Елімізде айлық инфляция 0,7% құрады, бұл соңғы 5 жылдағы (2016-2020) орташа өсімнен төмен. Ағымдағы жылдың қараша айында өзінің орташа нормасынан артық өсім тек Шығыс Қазақстан мен Ақмола облыстарында тіркелді (сәйкесінше, 1,2% және 1,1%). Қалған өңірлерде бағаның айлық өсу қарқыны соңғы 5 жылғы нормасының айналасында немесе одан төмен деңгейде қалыптасты. Айлық инфляцияның өсу қарқынының айтарлықтай бәсеңдеуі Түркістан, Қарағанды, Атырау облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында орын алды", - деді Осипов.

 
Сондай-ақ, оның айтуынша, азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны баяулап, 10,9%-ды құрады (қазанда - 11,3%). Осы топтың тауарлары бағасының ең жоғары өсуі Маңғыстау облысында қалыптасты (12,2%).
 
Ұлттық банк өкілі хабарлағандай, азық-түлік емес тауарлар бір жылда 8,3%-ға (қазанда - 7,8%) қымбаттады. Ең жоғары мәндер Қарағанды (9,3%), Ақмола (9,2%) және Ақтөбе (9,2%) облыстарында, ең төмен - Батыс Қазақстан облысында (7,4%) тіркелді.
 

Ақылы қызметтердің бағасы қарашада 6,4%-ға (қазанда - 6,9%) өсті, жалпы республикалық деңгейден жоғары баға Батыс Қазақстан облысында (7,7%) өсті, төмен - Қызылорда облысында (5,2%)", - деді Осипов.

 
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда ағымдағы жылғы қарашада қазанмен салыстырғанда отандық өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 5,5% жоғарылады.

Сондай-ақ, Ұлттық Банктің мәліметінше, азық-түлік бағасының өсуі инфляцияға негізгі үлес қосуды жалғастыруда. 

Сонымен қатар, Ұлттық Банк келесі жылдың бірінші тоқсанында елдегі инфляцияның шыңын болжайды.


 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны