26.05.2023, 12:25 14951

Қашаған кен орнында мұнай өндіру көлемі азайды

Белгілі болғандай, 20 мамырда NCOC екі ұңғыманың бүтіндігін тексеру үшін жапқан
Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы "Қашаған" кен орнының екі ұңғымасында күкіртсутек газы шоғырланған. Сол себепті, бұл ұңғымалардан мұнай өндіру көлемі төмендеген, деп хабарлайды Inform.kz.

Бұл деректі NCOC компаниясының баспасөз қызметі растады.

Солтүстік Каспий жобасының операторы - NCOC компаниясы "Қашаған" кен орнының теңіз кешеніндегі екі айдау ұңғымасының "А" оқпанаралық кеңістігіндегі флюидтің сынамасын әдеттегідей алу кезінде газдың (H2S) шоғырланғаны байқалғанын растайды. Бұл орайда, осы ұңғымаларды пайдалану кезінде қалыпты жұмыс режимінен бірде-бір ауытқу жағдайы байқалмады. Компания қауіпсіздік пен активтердің бүтіндігіне баса назар аударады. Сондай-ақ, қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға нұқсан келмеуін қамтамасыз етеді", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.


Белгілі болғандай, 20 мамырда NCOC екі ұңғыманың бүтіндігін тексеру үшін жапқан. Сол кезде қосымша зерттеу бағдарламасы шеңберіндегі жұмыстар орындалған.

Тексеру жұмысы кезінде ұңғымаға кері айдалатын газдың көлемі азайтылды. Сәйкесінше, өндірілген мұнайдың да көлемі төмендеді", - деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметінен.


Қашаған" - Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай өндірілетін алғашқы ең ірі кен орны. 2000 жылы ашылған. Мұнда өндірілетін мұнай қоры - болжам бойынша 9-13 млрд баррель. "Қашағанда" коммерциялық мұнай өндіру 2016 жылғы күзде басталған.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны