27.01.2026, 21:23 1991
Қазақстан мен Германия сауда-инвестициялық әріптестікті тереңдету бағытын растады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Германия Сыртқы істер министрлігінің Саяси директоры Доминик Муттермен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Келіссөз барысында Қазақстан екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша Германиямен әріптестікті одан әрі нығайтуды дәйекті түрде көздейтіні және оны Еуропалық одақтағы негізгі стратегиялық әріптестің бірі ретінде қарастыратыны атап өтілді. Сауда-инвестициялық ынтымақтастық дәстүрлі түрде Қазақстан-Германия қатынасының негізі және қозғаушы күші екені айқын.
Қазақстан Германиямен сауда-инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуды стратегиялық басымдық ретінде қарастырады. Сауданы әртараптандыруға, экономиканың негізгі салаларына жаңа технология енгізуге баса назар аудара отырып, бұл процесті жүйелі және ұзақмерзімді жүргізуге ниетті", - деп атап өтті Серік Жұманғарин.
Германия Қазақстан Республикасының сауда әріптестерінің арасында жетінші орында. 2025 жылғы қаңтар-қараша қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы $3,9 млрд болса, оның ішінде экспорт - $1,2 млрд (+7,9%), импорт - $2,7 млрд (+6,1%).
Өзара сауда құрылымын әртараптандыру, сондай-ақ экономиканың негізгі секторларындағы жаңа технологиялар трансферін кеңейту басым міндет ретінде белгіленген.
Екі ел арасында тұрақты экономикалық диалог қалыптасқаны атап өтілді. Онда Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңес шешуші рөл атқарады. Бұл тетіктер өлшемелі нәтиже берді: германиялық компаниялардың қатысуымен Қазақстанда €49,7 млрд сомасына 36 инвестициялық жоба іске асырылып, оның ішінде 23 жоба пайдалануға берілді. Қалыптасқан негіз ынтымақтастықтың неғұрлым технологиялық күрделі форматына көшуге мүмкіндік беретіні атап көрсетілді.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғыртуды және неміс банктері мен сақтандыру құралдарының қатысуымен "жасыл" энергетиканы дамытуды қосқанда, стратегиялық маңызы бар жобаларды бірлесіп қаржыландыруды күшейту мәселесіне ерекше назар аударылды. Бірлескен қаржыландырудың қазақстандық-германдық тетігін белсенді іске қосу ұсынылып отыр. Қазақстандық тарап Германияның қаржы институттары мен компанияларының қатысуымен, оның ішінде "жасыл" болат бағыты бойынша ынтымақтастықты дамыту перспективасымен сутегі және "жасыл" энергетика саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға әзірлігін растады.
Германия Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешендегі негізгі әріптесінің бірі болып қала беретіні де атап өтілді. Бұған дейін тараптар арасында Орталық Азиядағы Орнықты егіншілік өңірлік орталығының тұжырымдамасы келісілген болатын. Қазіргі уақытта Орталық құру және одан әрі ынтымақтастықтың стратегиялық бағыты мен форматын айқындайтын Үйлестіру кеңесін қалыптастырудың практикалық жұмысы басталды.
Өз кезегінде Доминик Муттер Қазақстанмен өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.
Германия үшін Орталық Азия елдерімен, әсіресе Қазақстанмен стратегиялық аймақтық әріптестіктің маңызы зор. Біз елдің аймақтағы рөлін жоғары бағалаймыз және оның көпвекторлы саясатына оң баға береміз. Біздің елдеріміз арасында ынтымақтастықты кеңейтуге деген өзара мүдде бар. Маңызды жаһандық өзгеріс жағдайында өзара іс-қимыл әлеуетін арттыруды анықтау маңызды", - деп атап өтті ол.
Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және екіжақты өзара іс-қимыл әлеуетін арттыруға өзара мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
27.01.2026, 17:07 6371
ҚР Энергетика министрлігі мен Korea Eximbank энергетикалық ауысу мәселелеріндегі ынтымақтастықты талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдері Корея Республикасының Экспорт-импорт банкі (Korea Eximbank) делегациясымен кездесті. Тараптар энергетикалық ауысу бағытындағы ынтымақтастық перспективаларын және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігнің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында корей тарапы Economic Innovation Partnership Program (EIPP) бағдарламасын таныстырып, оның мақсаттары, іске асыру тетіктері мен кезеңдері, сондай-ақ Korea Eximbank-тің бағдарлама үйлестірушісі және EIPP аясында әзірленетін жобалардың қаржылық серіктесі ретіндегі рөлі жөнінде мәлімет берді.
Жиында бағдарламаның Корея Үкіметінің гранттық бастамасы екені айтылды. EIPP мемлекеттік саясатты әзірлеуге, мастер-жоспарлар мен техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындауға бағытталған және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Кездесуге ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс қатысып, ұсынылған бағдарламаның өзектілігін және саланы дамытудағы басымдықтарға сәйкестігін атап өтті.
Қазақстан үшін энергетика секторын дамыту, энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыру және халықаралық қаржыландыруды тарту басты міндеттердің бірі. EIPP бағдарламасы инновациялық жобалық шешімдерді әзірлеу және инфрақұрылымдық бастамаларды іске асыру тұрғысынан практикалық қызығушылық тудырады", - деді вице-министр.
Энергетикалық ауысым бағытындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесін талқылау барысында қазақстандық тарап Алатау Сити қаласының құрылысын корей бизнесінің қатысуымен жүзеге асырылатын әлеуетті инвестициялық және инфрақұрылымдық жоба алаңы ретінде қарастыруды ұсынды.
Сонымен қатар тараптар әділетті энергетикалық ауысудың инвестициялық платформасын (JETP) құру бойынша ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік танытты. Жоспарланған платформа энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, жобаларды құрылымдау, сүйемелдеу және қаржыландыруға, сондай-ақ озық технологиялық және цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталмақ.
Корей тарапы EIPP бағдарламасы аясында бірлескен жобалар мен ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.01.2026, 15:54 2396
Қазақстанда туризмге салынған инвестиция көлемі 32%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгеден асты
Достарға айту
Халықаралық туристерді тарту және заңнамалық қолдау - Президенттің саланың даму қарқынын екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасын орындауға басты негіз. Үкімет отырысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс қорытындылары мен жоспарлары туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы "Түркістан" газетіне берген сұхбатында туризмді дамытуға екі есе көп күш салуды тапсырған болатын. Сонымен бірге Жолдау барысында инфрақұрылымды кешенді дамыту жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі екенін де атап өтті.
Ал халықаралық туристерді тарту мен туризм саласындағы саясатты заңнамалық тұрғыда орталық деңгейде қамтамасыз етуді тапсырды.
Саладағы басты көрсеткіштердің өскені байқалады. Орналастыру орындарының саны 4,5 мыңнан асқан. Ал осы орналастыру орындарының қызметін пайдаланған туристердің саны 10 млн-нан асты, яғни 12%-ға өскен. Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық индексінде Қазақстан 119 елдің ішінен 52 орынға көтерілген. Бұған дейін 66 орында болғанбыз. Біздің алға қойған мақсатымыз - үздік елу елдің қатарына кіру", - деді туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Инвестиция тарту бағыты бойынша да белсенді жұмыс жүргізілуде. Ресми статистикаға сәйкес 2025 жылы туризм саласына салынған инвестиция көлемі 32%-ға өсті. Бұл - 1 трлн 254 млрд теңге. Министрліктің тізімінде жүзеге асырылу жоспарланған 328 инвестициялық жоба қамтылған.
Негізгі жобалардың қатарында "Ой-Қарағай" тау-шаңғы курорты, Hilton және Mandarin Oriental қонақ үй кешендері, "Жібек жолы" ойын-сауық кешені, Keruen Inn жол бойындағы сервистік объектілер желісі бар. Аталған жобаларды жүзеге асыру туризм саласында шамамен 10 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, бірыңғай стильді ұстану бойынша ұсынымдар да әзірленді. Әкімдіктер жергілікті аумақтың ерекшеліктерін ескере отырып, әр курорттық аймақтың дизайн-кодын бекітуді ұсынамыз. Қонаев, Павлодар қалаларында және Бурабай курорттық аймағында стандарттарға сәйкес осындай жағажай үлгілері бар. Тәжірибе алмасу мақсатында басқа аймақтардың өкілдеріне арнап Қонаев қаласының қалалық жағажайына барып, көріп қайту шарасы ұйымдастырылды. Осы тәжірибені барлық жерде енгізген жөн. Аталған мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін 2026-2029 жылдарға арналған Жол картасы жобасы әзірленді. Бұл құжат курорттық аймақтарды қажет инфрақұрылыммен жабдықтауға және туристердің демалуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған іс-шаралар кешенін қарастырады. Жоба мемлекеттік органдармен алдын ала келісілген. Әкімдіктерге Жол картасын белгіленген мерзімде жүзеге асыру тапсырылды. Министрлік маусым басталғанға дейін курорттық аймақтарды тексеру жұмысын жалғастыратын болады.
Мемлекет басшысы Қазақстандағы туризм саласын дамытудағы басымдыққа ие аймақтарды белгіледі. Олар: Алматы тау кластері, Щучинск-Бурабай курорттық аймағы және Маңғыстау туристік аймағы. Жоғарыда аталған аумақтар үшін Кешенді даму жоспарлары жасалды, оған инфрақұрылым құру, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, саланы ілгерілету мен цифрландыру кіреді. Кешенді даму жоспары аясында Алматы тау кластерінде жұмыс істеп тұрған тау-шаңғы курорттарын кеңейту мен оларды бірыңғай жүйеге біріктіру жоспарланып отыр.
Қосымша түрде 30 арқанжол мен шаңғы тебетін 161 шақырым жол пайда болады. Осы арқылы қазіргі жүктемені азайтып, жыл сайын келетін туристер ағынын 5 млн адамға дейін көбейтуге болады. Бұл жобаның аталған аймақ үшін үлкен әлеуметтік-экономикалық әсері бар, себебі, әлемдік тәжірибеге сүйенсек, тауда шаңғы тебетін бір турист жағажайға баратын туристпен салыстырғанда жеті есе көп ақша жұмсайды.
Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың кешенді жоспары аясында инфрақұрылымды дамыту арқылы Щучье мен Бурабай көлдеріне түсіп тұрған жүктемені Қатаркөл, Кіші және Үлкен Шабақты, Жөкей көлдеріне бөлу көзделген. Кешенді жоспарды жүзеге асыру шеңберінде өткен жылы Бурабай кентінде "Променад" аймағы, 10 шақырымға созылған веложол салынды; 8 жаңа қарау алаңы, 4 автотұрақ пайдалануға берілді; Щучье көліндегі қоғамдық жағажай абаттандырылды; қосымша 15 дәретхана орнатылды; экскурсиялық тікұшақ туры іске қосылды.
Жалпы алғанда, Кешенді жоспарды іске асыру арқылы 2029 жылдың соңына дейін шетелден келетін туристерді 94 мың адамға дейін, туризм саласында жұмыс істейтіндерді 32,5 мың адамға дейін көбейтуге болады. Келесі басымдыққа ие дестинация - Маңғыстау туристік аймағы. "Жылы жағажай" және "Кендірлі" курорттық аймақтарын дамыту, Бозжыра, Тамшалы және тағы сол сияқты ерекше табиғи объектілердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Абаттандырылған жаяу жүргіншілер жолы, қарау алаңдары, визит-орталықтар жасалады. Туристік өнімді жақсартудың нәтижесінде туристердің осы аймақта болу уақыты 7-10 күнге дейін ұзарады деген ойдамыз. Демек келушілерден түсетін кіріс те айтарлықтай көбейеді. Жалпы алғанда, Кешенді жоспарды жүзеге асыру арқылы 2029 жылға қарай қонақ үй инфрақұрылымын кеңейтуге және туристердің санын тағы 150 мыңға көбейтуге болады. Осы саланы әрі қарай да жүйелі және кешенді түрде дамыту мақсатында сіздің тапсырмаңыз бойынша Туризмді дамыту тұжырымдамасын өзектендіруді бастадық. Министрлік Тұжырымдама бойынша жасалатын жаңа әрекеттер жоспарының жобасын дайындады, ол 100-ден астам тармақтан тұрады. Бірқатар орталық мемлекеттік органдардан, әкімдіктерден және ұлттық кәсіпкерлер палатасынан ұсыныстар алдық. Өткен аптада "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы съезінің алдында туристік бизнеспен кездесу өткіздік. Онда көтерілген мәселелер Тұжырымдамада ескерілетін болады. Қосымша Қазақстанға туристерді тарту бойынша жаңа Маркетинг стратегиясын жүзеге асыру мәселесін де басты назарға алып отырмыз. Жалпы алғанда, 2029 жылға қарай ішкі туристер 11 млн адамға дейін, ал туризм саласында жұмыс істейтіндер 800 мың адамға дейін көбейеді деп күтілуде", - деді туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.01.2026, 17:51 6796
Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің екінші отырысында "Таза парақтан" реттеу мен жүйелік бизнес мәселелері талқыланды
Достарға айту
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Салық кодексін енгізу жобасы кеңсесінің екінші отырысы өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Талқылаудың негізгі бағыты шағын және микро бизнес үшін ең сезімтал мәселелер, оның ішінде "таза парақтан" салықтық реттеу тетіктері болды.
Ең алдымен өтпелі кезеңдегі салықтық әкімшілендіруге нақты түзетулер қарастырылды. Атап өтілгендей, "таза парақ" түзетулері бойынша шағын және микро бизнес 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін салықтық және камералық тексерулерден, сондай-ақ әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Дегенмен, бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті ресми арналар арқылы хабарлаған бірқатар ерекшеліктер қарастырылған.
2025 жылғы 17 желтоқсанда Үкімет өтпелі кезеңге салықтық әкімшілендіруді түзету туралы шешім қабылдады. Аталған шешімді жүзеге асыру мақсатында осы жылдың 1 сәуіріне дейін салық берешегін төлеуге жататын өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару қағидалары әзірленді, кәсіпкерлік субъектілерін тарату және тоқтату рәсімдері қайта қаралды, сондай-ақ шағын және микро бизнеске қатысты кеңселік аудит жүргізу тәсілдеріне өзгерістер енгізілді. "Ашық нормативтік құқықтық актілер" порталында тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобалары орналастырылды және ақпан айының басында қабылданады деп жоспарлануда", - деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов.
2026 жылға дейін ҚҚС бойынша есепке қоюға байланысты бұзушылықтар бойынша әкімшілік істер қозғалмайтыны, ал бұрын мемлекеттік кірістер органдары шығарған істер тоқтатылатыны айтылды. Бұл шаралар бизнестің салықтық әкімшілендірудің жаңа шарттарына барынша қолайлы өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті мен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің қатысуымен нормативтік стандарттарды "таза парақтан" бастап қолдану тәжірибесін түсіндіру мақсатында кеңейтілген кеңес өткізуге келісті.
Өткен аптада Мемлекеттік кірістер комитетіне call-орталығы мен Salykbot Telegram боты арқылы 19 400, Ұлттық экономика министрлігіне 50, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 14 өтініш келіп түскен. Сұрақтардың негізгі легі Мемлекеттік кірістер комитетінің арналары арқылы келіп түседі. Кәсіпкерлерді көбінесе салық режимін таңдау, салық төлеушінің шотында жұмыс істеу, электронды шот-фактураларды шығару, ағымдағы процедуралық мәселелер қызықтырады. Мұндай өтініштер бойынша түсініктемелер дереу беріледі. Жүйелі жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде Мемлекеттік кірістер комитетінің call-орталығының жүктемесі төмендеді: бұрын күніне 5500-ге жуық қоңырау түссе, қазіргі уақытта бұл шамамен күніне 4700-ге жуықтады.
Ұлттық экономика министрлігі мен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасында жүйелі мәселелер жинақталған. Олардың қатарында ұзақмерзімді келісімшарттар бойынша ҚҚС мөлшерлемелерін қолдану, МИБ-ке салық салу, мүгедектерді жұмысқа алатын ұйымдарға салық салу шарттары, медицина саласында әртүрлі ҚҚС ставкалары мен жеңілдіктерді қолдану, сондай-ақ, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту жатады.
Осындай үндеулердің бір мысалын "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Тимур Жәркенов келтірді. Мәселе медицина саласындағы ҚҚС бойынша жеңілдіктерді жоюға қатысты. Салық кодексіне сәйкес, дәрілік заттарды өткізу және импорттау бойынша ҚҚС босату тек тегін медициналық көмек көрсету мен міндетті медициналық сақтандыру мемлекеттік қоры, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар және орфандық ауруларды емдеу үшін ғана сақталады. Бұл ретте коммерциялық сегментте сатылатын дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен компоненттерге 2026 жылдан бастап 5% және одан әрі 10% ставка бойынша ҚҚС салынады. Бұл, бизнес өкілдерінің пікірінше, соңғы тұтынушылар үшін шығындардың өсуіне әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар белгіленген шекті бағалар бойынша коммерциялық сегментте дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тапшылығының тәуекелдері, сондай-ақ фармацевтикалық субстанциялар, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар өндіруге арналған жабдықтарды өткізу және импорттау бойынша айналымдарға 16% базалық мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынатыны қосымша атап өтілді.
Серік Жұманғарин салық органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалану бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы мәселеге арнайы тоқталды. Цифрлық қызметтердің белсенді дамуы кезінде барлық пайдаланушының өзгерістерге бейімделуге уақыты бола бермейтіні атап өтілді. Осыған байланысты нақты оқыту алгоритмін, оның ішінде цифрлық көмекшілерді пайдалану, сондай-ақ бизнеспен тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету қажет.
Жүйелік сұрақтар пулын қалыптастыру жұмыстары осы аптада жалғасады. Жобалық кеңсе деңгейінде шешім қабылдауды талап ететін мәселелер дүйсенбіге жоспарланған келесі отырыста қарауға шығарылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.01.2026, 17:22 6086
Банкноталар сериясын "Сақ стилі" сериясына ауыстыру туралы
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Сақ стилі" банкноталарының жаңа сериясын кезең-кезеңімен шығаруды жалғастырады. 2026 жылдың соңына шығару жоспарланған 20 000 теңгені есепке алмағанда, барлық номиналдағы банкноталар айналымға шығып болды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Жаңа банкноталарды шығару кезінде ескі және жаңа купюралардың айналымда қатар жүретін кезеңі болатынын атап өту маңызды. Яғни, азаматтар сауда-саттықта ескі ақшамен де төлем жасап, оларды жаңасына айырбастай алады деген сөз. Осы уақыт аралығында банктер жаңа банкноталармен жұмыс істеу үшін өзінің банкоматтары мен кассалық жабдықтарын баптайды. Бұл тәсіл ақша ауыстыру кезінде халық пен бизнесті асықтырмай, қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Мысалы, номиналы 5 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңі 2023 жылғы желтоқсаннан 2025 жылғы қыркүйекке дейін созылғандықтан, халық пен бизнес ескі ақшаларды жаңасына еш кедергісіз ауыстыруға мүмкіндік алды. Бүгінгі таңда айналымда қалған ескі үлгідегі банкноталардың көлемі 1%-дан аз. Олар банктерге кейін де түсе береді, ал кейбір бөлігі жоғалып, сыртқа әкетілуіне немесе коллекция түрінде сақталуына байланысты қайтпауы да мүмкін.
2026 жылы номиналы 2 000 және 10 000 теңгелік банкноталар үшін айналымда қатар жүру кезеңі аяқталады:
- 10 000 теңге - 2024 жылғы 28 маусымнан 2026 жылғы 27 маусымға дейін;
- 2 000 теңге - 2024 жылғы 25 желтоқсаннан 2026 жылғы 24 маусымға дейін.
Ұлттық Банк 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Себебі ол банкноталар халық пен кәсіпкерлер арасында кеңінен таралған.
Оның үстіне, 2 000 мен 10 000 теңгелердің айналымда қатар болу уақыты бір мезгілде аяқталатындықтан, банк жүйесіне қосымша ауыртпалық салуы мүмкін. Сол себепті, мерзімді ұзарту халық пен бизнеске ескі банкноталарды жаңасына біртіндеп әрі ыңғайға қарай ауыстыруға көмектеседі, сондай-ақ ескі үлгідегі банкноталардың табиғи тозуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, айналымдағы қатарлас кезең аяқталған соң да барлық банктер мен "Қазпошта" АҚ ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі ақшаларға тағы 3 жыл бойы, ал Ұлттық Банктің филиалдары - мерзімсіз айырбастайтынын еске салғымыз келеді.
Жаңа және ескі үлгідегі банкноталар айналымда қатар болған кезеңде заңды төлем құралы болып қала береді, олар өз құнына сай ҚР бүкіл аумағында төлемдер мен аударымдарда, банк шоттарына есептеуде қабылдауға жатады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.01.2026, 15:04 6561
Екінші буын зауыты мен Королев кен орны іске қосылды: Теңіз жақын арада өндірісті жаңғыртуға дайындалуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ҚР Энергетика министрлігі Атырау облысындағы кен орындарында өндірістік операцияларды қалпына келтіру бойынша айтарлықтай ілгерілеушілік туралы хабарлайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігнің баспасөз қызметінен.
Маңызды кезең ретінде 26 қаңтарда Екінші буын зауытының сәтті іске қосылуын атап өтуге болады. Қазіргі уақытта зауыт жұмысы бүгін таңғы сағат 04:00-де іске қосылған Королев кен орнының шикізаты есебінен қамтамасыз етілуде. Қазіргі уақытта шикізат ағыны тәулігіне 2 500 тоннаны құрайды. Мамандар жүйені толтыру және жобалық қуатқа шығу үшін мультифазалық ағынды беру көлемін жоспарлы түрде арттыруда.
Теңіз кен орнында қазіргі сәтте барлық күштер мен техникалық ресурстар толық жұмылдырылды. Энергетикалық нысандар мен электр энергиясын бөлу жүйелерін тексеру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Ресми ақпаратқа сәйкес, нысанда қорытынды техникалық сынақтар өткізу үшін барлық қажетті персонал жұмылдырылған. Қазіргі таңда энергиямен жабдықтау жүйесінің қауіпсіз іске қосылуы расталды, Теңіз кен орны жақын арада іске қосылатын болады. "Теңізшевройл" компаниясына өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау (HSE) талаптарын қатаң сақтай отырып, өндірісті барынша жедел қалпына келтіру міндеті жүктелді.
Екінші буын зауытының сәтті іске қосылуына арнайы технологиялық өтпелі желі монтажының жедел аяқталуы септігін тигізді. Кестенің келесі маңызды кезеңі - 2 ақпан. Бұл күнге қарай компрессор мен төрт трансформаторды пайдалана отырып, Қысымды арттыру жүйелері арқылы жұмысты қайта жандандыру жоспарлануда. Бұл Технологиялық желілер кешені мен Екінші буын зауытына шикізатты толыққанды әрі тұрақты беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Энергетика министрлігі мен "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ТШО-ға техникалық шараларды үйлестіруде жан-жақты қолдау көрсетіп, жағдайға сағат сайынғы мониторинг жүргізуде.
Барлық қалпына келтіру жұмыстарын тікелей Теңіз кен орнында жедел бақылау және үйлестіру мақсатында ведомство мен ұлттық компания басшылығы сол жерде тұрақты түрде жұмыс істеуде. Атап айтқанда, ҚР Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев пен "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ірі мұнай-газ жобалары департаментінің директоры Жандос Жылқайдаров бақылауды тікелей нысан басында жүзеге асыруда.
Өндірістік циклді қалпына келтіру мәселесі Энергетика министрлігі басшылығының ерекше әрі тұрақты бақылауында. ТШО компаниясы сенімді өндірістік қызметті қамтамасыз етуге бейілділігін сақтай отырып, барлық инфрақұрылымның дайындығы мен процестердің қауіпсіздігі расталған сайын өндіріс көлемін кезең-кезеңімен арттыратын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.01.2026, 12:46 7486
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өскен жоқ
Достарға айту
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының бір аптадағы жағдайы қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша орташа баға өсімінің индексі апта қорытындысы бойынша нөл деңгейінде сақталды. Алма (-2,1%), қияр мен пияз (-1,3%), шай (-0,9%), балық пен тауық еті (-0,6%) және басқа да азық-түлік өнімдерінің бағасы арзандаған. Маусымдық факторға байланысты өзгедей әлеуметтік маңызы бар көкөністер бойынша баға құбылмалы болды.
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, ерте піскен өнімді жеткізуді қамтамасыз ету бойынша қабылданған басқа да шаралардан бөлек, Сауда және интеграция министрлігі биылғы сәуір-маусым айлары аралығында үшінші елдерден көкөністерді бажсыз әкелу туралы ұсынысты ЕАЭО Кеңесінің қарауына шығару туралы бастама көтеріп отыр.
Жиын барысында вице-премьер Астана және Алматы қалалары әкімдері орынбасарларының өңірдегі қазіргі баға және экономикалық жағдай туралы баяндамаларын жеке-жеке тыңдады.
Елордада азық-түлік инфляциясының баяулау үрдісі тұрақты сақталуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа баға индексі 107,4%-ды құрады, бұл - ел бойынша ең тұрақты көрсеткіштердің бірі. Бағаның өсуін тежеу азық-түлік тауарлары бойынша уақтылы келісімшарттар жасау нәтижесінде мүмкін болып отыр. Өнімдер елордадағы 180-нен астам сауда нүктесінде сатылады. Ірі сауда желілерімен әлеуметтік маңызы бар тауарларға сауда үстемесін шектеу жөнінде келісімдер жасалған. Сонымен қатар баға қалыптастырудағы делдалдық схемаларды анықтау және жәрмеңкелік сауданы дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. 2026 жылы Астанада 300-ден астам демалыс күнгі жәрмеңке өткізу жоспарлануда. Жалпы ел бойынша шамамен 10 мың жәрмеңке ұйымдастырылмақ.
Алматы қаласында 2025 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 8,9%-ды, ал биылғы жылдың басынан бері 0,2%-ды құрады. Ет және сүт өнімдерінің негізгі түрлеріне баға тұрақты деңгейде сақталып отыр, ал тауық еті мен кейбір сүт өнімдері арзандаған. Бағаның өсуі негізінен көкөністердің жекелеген түрлері мен бакалея өнімдеріне тиесілі, бұл ретте Алматыда қырыққабат пен қарақұмық жармасының бағасы ел бойынша орташа көрсеткіштен төмен. Бағаны одан әрі тұрақтандыру үшін тікелей жеткізіп беру желісін кеңейту, демалыс күнгі жәрмеңкелер ауқымын арттыру және қаладағы сауда желілері мен базарларда күнделікті баға мониторингін күшейту жұмыстары жүргізілуде.
Жиын қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин аумақтық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттеріне өңірлердегі жұмысты күшейтуді және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесінің сақталуын тексеруді жандандыруды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2026, 12:34 118501
Қазақстанда авиахабтарды дамыту шеңберінде "әр ұшаққа" авиаотынының құны төмендетілуде
Достарға айту
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында еліміздегі авиаотын бағасын төмендету жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Құрылтайда авиаотын бағасы көрші елдердегі әуежайлармен салыстырғанда тым қымбат әрі бәсекеге қабілетсіз екені айтылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша авиахабтарды дамыту контексінде "әр ұшаққа" авиаотын тоннасының құны 1200-ден $940-қа дейін төмендетілді, одан әрі нысаналы төмендеуі тоннасына - $890", - деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.
Бұл air Atlanta, Hungary Airlines, One Air сияқты халықаралық авиакомпаниялардың отандық әуежайлардағы рейстерінің бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға және санын арттыруға мүмкіндік бергені атап өтілді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Бұл отандық әуежайлардың бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға және "Air Atlanta", "Hungary Airlines", "One Air" сияқты халықаралық авиакомпаниялардың рейстер санын арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2026, 19:11 117511
АЭС құрылысын күтпей, жаңа қуаттарды іске қосу керек - Президент
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Елдің бірнеше аймағында деректерді өңдеу орталықтарына арналған алқаптар салынады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Барлық IT-инфрақұрылым сенімді және үздіксіз жұмыс істеуге қажетті қуатты деректер орталықтарын салу үшін алдын ала арнайы аймақтарды анықтау қажет. Бөлінген алаңдарда электрмен жабдықтау, салқындату және қауіпсіздік жүйелері бар деректерді өңдеу орталықтарын салу қажет.Үкімет Павлодар облысының әкімдігімен бірлесіп Екібастұз бассейнінің энергетикалық базасында деректерді өңдеу орталығына арналған алқап салуды жоспарлап отыр. Жақсы ұсыныс, оның қаншалықты сәтті жүзеге асырылатынын көрейік", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы аталған деректер орталықтары металлургиялық комбинаттармен бірдей қуат тұтынатынын еске салды.
Біз атом электр станциялары құрылысының аяқталуын күтпей, жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосумен айналысуымыз керек. Өзін-өзі энергетикалық қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі ретінде қарастырылуы керек", - деді Президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
28.01.2026, 10:18Мажарстан астанасында Қазақстанның конституциялық реформалары таныстырылды 28.01.2026, 11:21 13271Қазақстан және ExxonMobil - энергетика саласындағы стратегиялық серіктестікті нығайту28.01.2026, 12:23 12591Румынияда Қазақстанның адам құқықтары саласындағы реформалары жоғары бағаланды28.01.2026, 18:29 3821"Орталық Азия - Германия" форматының аға лауазымды тұлғалары одан арғы ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындады28.01.2026, 11:45 2061Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады
21.01.2026, 10:52 216281Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі21.01.2026, 11:19 216236Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнама жетілдірілуде21.01.2026, 09:49 2148412025 жылы қазақстандықтарға 806 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді21.01.2026, 13:03 202601354 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тен төлем алды21.01.2026, 10:12 136766Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентінің шақыруымен Давос қаласына жұмыс сапарымен барады
21.01.2026, 10:52 216281Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі21.01.2026, 11:19 216236Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнама жетілдірілуде21.01.2026, 09:49 2148412025 жылы қазақстандықтарға 806 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді20.01.2026, 22:18 212726Шымкенттің полиция бастығы және оның орынбасары қызметінен кетті20.01.2026, 18:14 208286Тоқаев ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға лайық жәдігерлерді атады

