02.12.2022, 12:46 20921

Қазақстанда 1,4 млн адамның мерзімі өткен несиелері бар

Қазақстанда 1,4 млн адамның мерзімі өткен несиелері бар
Мерзімі өткен несиелердің жалпы сомасы 1449 млрд теңгені құрайды

Астана. 2 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Ағымдағы жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша 1,4 млн адамның жалпы сомасы 1 449 млрд теңгені құрайтын 90 күннен астам мерзімі өткен несиесі бар, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, бес жылдан астам қарыздарына қызмет көрсете алмайтын тұлғалардың саны 504 млрд теңге сомасында 365 мың адамды (немесе проблемалық қарыз алушылардың жалпы санынан 27%) құрайды.

Бұған дейін Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың банкроттық туралы заң жобасын ұсынған болатын. Осы заң жобасын әзірлеуге себеп болған - халықтың шамадан тыс кредиттік ауыртпалықтары мен жалпы азаматтардың едәуір бөлігі өздерінің қаржылық жағдайларының нашарлауымен бетпе-бет келгендігі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны