10.11.2022, 14:57 19971

Қазақстанда 2022 жылы өңдеу секторында 158 жаңа өнеркәсіптік өндіріс іске қосылады

Қазақстанда 2022 жылы өңдеу секторында 158 жаңа өнеркәсіптік өндіріс іске қосылады
Астана. 10 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда отандық өнеркәсіпті дамыту және импортты отандық өніммен алмастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін өңдеу секторында 158 жаңа өнеркәсіптік өндіріс пайдалануға беріледі. Бұл туралы Парламент Сенатының отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.
 

Экономиканың нақты секторын дамытуға, импортты алмастыру және өнеркәсіптік өндірісті одан әрі дамытуға басымдық беріп отырмыз", - деді Әлихан Смайылов.

 
Үкімет басшысы жалпы сомасы 25 триллион теңгені құрайтын 730-ға жуық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отырғанын, оның ішінде 440 жоба импортты алмастыруға бағытталғанын айтты.
 

Жалпы, бұл жобаларды жүзеге асыру өнеркәсіп өнімінің көлемін 10,5 трлн теңгеге арттыруға мүмкіндік береді. Шамамен 4,4 триллион теңгеге импортты алмастыру жүргізіледі және 6,1 трлн теңгеге экспорт көлемі өседі. Биыл жыл қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі 158 жаңа өнеркәсіп нысаны пайдалануға беріледі", - деді Әлихан Смайылов.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны