02.11.2021, 20:15 34935

Қазақстанда қазан айында инфляция 0,7%-ды, жыл басынан бері - 7%-ды құрады

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы қазанда қыркүйекпен салыстырғанда отандық өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 2,1% жоғарылады.
Қазақстанда қазан айында инфляция 0,7%-ды, жыл басынан бері - 7%-ды құрады
Сурет: ашық көздерден
НҰР-СҰЛТАН. 2 ҚАРАША - Қазақстанда 2021 жылдың қазан айында инфляция 0,7%-ды, жыл басынан бері 7%-ды құрады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, бір айда (2021 жылғы қазан 2021 жылғы қыркүйекке) баға азық-түлік тауарларына – 0,7%, азық-түлік емес тауарларына – 1%, ақылы қызметтерге 0,5% жоғарылады.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттауда.
 
Сонымен қатар, ағымдағы жылғы қазанда қыркүйекпен салыстырғанда отандық өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 2,1% жоғарылады.
 
Тау-кен өндіру саласында бағаның мұнайға - 4,1%, көмірге 0,8% жоғарылауы, металл кендеріне 1,9% төмендеуі байқалды.
 
Өңдеу саласында баға алюминийге - 8,6%, ферроқорытпаларға - 5%, мырышқа 2,2% жоғарылады, қара металдар илегіне - 7,1%, қорғасынға - 5,5%, асыл металдарға - 3,2%, мысқа 0,3% төмендеді. Мұнай өнімдерінен сұйытылған пропан және бутанға - 7,4%, дизель отынына - 3,9%, бензинге - 2,2%, мазутқа 1,2% қымбаттады.
 
Азық-түлік өнімдерінен өндірушілерде баға бидай ұнына - 8,7%, мал етіне - 2,2%, қара бидай ұнына - 1,7%, нанға - 1,6%, жармаларға - 1,4%, макарон өнімдеріне - 1,2%, қантқа - 1%, құс етіне және сүт өнімдеріне 0,7%-дан жоғарылады, шайға 2,1% төмендеді.
 
Баға электр энергиясымен және сумен жабдықтауда суды бөлу бойынша қызметтерге - 0,9%, бумен және ыстық сумен жабдықтау бойынша қызметтерге 0,2% жоғарылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны