25.11.2025, 18:55 61636

Қазақстанда бес трансшекаралық хабты дамыту үшін инженерлік және аумақтық база толығымен дайын

Негізгі алаңдар кеңейтілді, арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеу мерзімі ұзартылды, ал базалық коммуникацияларды бірқатар нысанға жеткізу осы жылдың соңына дейін жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Бүгінде трансшекаралық хабтар құрамына төрт арнайы экономикалық аймақ кіреді. Олар - "Қорғас - Шығыс қақпасы", "Қорғас" ХШЫО", "Ақтау теңіз порты" және "TURAN" экономикалық аймақтары.

Сонымен қатар "Индустриалды сауда-логистикалық кешен" және "Еуразия" индустриялық аймақтар базасында екі трансшекаралық хаб жұмыс істейді. Осы аймақтарда инвесторларға инженерлік инфрақұрылымы дайын жер учаскелері және экономикалық аймақтарда салықтық және кедендік жеңілдіктер ұсынылады. Бұл жағдайлар инвесторлардың шығындарын азайтып, өндірістерді тез іске қосуға мүмкіндік береді.

Қорғас трансшекаралық өңірінде екі негізгі арнайы аймақ жұмыс істейді: олар - "Қорғас - Шығыс қақпасы" және "Қорғас" ХШЫО".

Қорғас - Шығыс қақпасы" сауда, логистика және өндірісті дамытуға арналған. Ол биыл жүк әуежайын салу мақсатында 840 гектарға кеңейтілді.


Аймақтың негізгі бөлігі инженерлік инфрақұрылыммен қамтылған, бірақ резервтік учаскелер әлі дайын емес. Сондықтан әкімдікке жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және оны бекіту жұмыстарын жеделдету қажет.

Қорғас" ХШЫО" Қытаймен үкіметаралық келісім аясында жұмыс істейді және 20218 жылдан бері арнайы экономикалық аймақ болып саналады.


Бүгінде Қытаймен шекаралас сауданы одан әрі дамыту мақсатында аталған Үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу пысықталуда. Бұл өзгерістер аймақты ұлғайтып, қосымша өткізу пунктін ашуды және оны тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшіруді көздейді. Сонымен қатар қазірде аймаққа газ құбырын тарту жұмыстары аяқталуда. "Морпорт Ақтау" - Каспий өңіріне шығуға жол ашатын негізгі арнайы экономикалық аймақ.

Сондықтан биыл аймақтың қызмет ету мерзімі 2053 жылға дейін ұзартылды. Өнеркәсіп пен логистиканы одан дамыту мақсатында аймаққа қосымша жер учаскелері қосылды. Атап айтқанда, өндірістік аймаққа Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы жаңа учаскелер қосылып, қосымша өңдеу өндірістерін орналастыруға мүмкіндік берді. Логистикалық аймаққа әуежайлар, Ақтау және Құрық порттары және теңіз терминалдары кірді. Алдағы уақытта "Морпорт Ақтау" аймағын 382 гектарға кеңейту көзделіп отыр. Яғни, аймаққа Ersai Caspian Contractor қазақстандық құрылыс және теңіз компаниясының территориясы қосылып, сауда, логистика және теңіз инфрақұрылымын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашылды. Өзбекстанмен жасалған үкіметаралық келісім аясында Түркістан облысында 100 гектар алаңда TURAN арнайы экономикалық аймағының - Халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы субзонасы құрылды. Қазіргі уақытта субзонада өндірістік қойма құрылысы жүруде. Барлық жоспарланған жобалар аймақтың басым қызмет түрлері тізіміне енгізілді", - деп атап өтті өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан.


Сондай-ақ жалпы құны 2,8 млрд теңге болатын инженерлік инфрақұрылым құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді.

Қазіргі уақытта жобаны қаржыландыру көздерін айқындау мәселесі пысықталуда. Қырғызстан Республикасымен жасалған үкіметаралық келісім аясында Жамбыл облысында 50 гектар аумақты қамтитын "Индустриалды сауда-логистикалық кешен" индустриалды аймағы құрылды. Аймақты инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі мен инвестор жол картасын бекітті. Қазіргі уақытта аталған жол карта шеңберінде құрылыс алаңын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Қырғыз тарапындағы аумақ арнайы экономикалық аймақ мәртебесінде жұмыс істеуде. Сондықтан қазірде аталған аймаққа арнайы экономикалық аймақ мәртебесін беру мәселесі пысықталуда.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрінің сөзінше Батыс Қазақстан облысында Ресеймен шекаралас 281 гектар аумақта "Евразия" индустриалды аймағы жұмыс істеуде. Жергілікті бюджет есебінен сыртқы инженерлік инфрақұрылым жүргізу жұмыстары 95%-ға аяқталды.13 шақырым жоғары қысымды газ құбыры тартылып, электр желілері қосылды. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін толық аяқтау жоспарлануда. Екінші кезеңде аумақтың ішкі инженерлік инфрақұрылымын салуды қарастыратын жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті.

Министрлік экспорттық әлеуетті арттыру және логистикалық дәліздерді тиімді пайдалану мақсатында, трансшекаралық хабтардағы арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтарды дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны