06.10.2021, 15:59 60165

Қазақстанда даму институттарының санын қысқарту ұсынылды

Депутаттар қазіргі уақытта 7 даму институттарының санын қысқартуды және олардың өкілеттіктерін отандық кәсіпкерлерді Өнеркәсіпті дамыту қорына мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бөлігінде беруді ұсынды.
НҰР-СҰЛТАН. 6 ҚАЗАН - Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста "Өнеркәсіптік саясат туралы" заң жобасы бірінші оқылымда ілеспе түзетулерімен мақұлданды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин аталған құжат өңдеу өнеркәсібін дамыту және өнеркәсіп саласының инвестициялық тартымдылығы мен экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталғанын атап өтті. 
 
Депутаттар қазіргі уақытта 7 даму институттарының санын қысқартуды және олардың өкілеттіктерін отандық кәсіпкерлерді Өнеркәсіпті дамыту қорына мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бөлігінде беруді ұсынды.
 

Бүгінде бұл құрылымдар шағын министрліктерге айналды, олардың құрамы бюджетке қымбат. Осы заң жобасына даму институттарының бірінің базасында бизнеске мемлекеттік қызметтер "бір терезе" қағидаты бойынша көрсетілуі тиіс деген норманы енгізуге болады және енгізу қажет деп ойлаймын", - деді Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин.

 
Осы құжаттағы жаңалықтарының бірі - мемлекеттік қолдау шараларын алушы кәсіпорындар үшін қарсы міндеттемелерді белгілеу. Яғни, мемлекет инвестицияланған ақшадан нақты нәтиже күтуге құқылы. 
 
Бұл ретте, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мемлекеттік қолдау шараларын алу кезінде бизнеске мүмкін емес міндеттемелерді жүктемеу керектігіне назар аударды. 
 

Мәселен, мемлекеттен қолдау күткен кәсіпкер, өз бизнесін қалай жоспарлайды? Өйткені, ол өзінен не талап етілетінін білмейді ғой. Осы заң жобасының үкіметтік нұсқасында да анық көрсетіліп тұр. Кәсіпкер қатаң талаптан құтылу үшін шенеуніктің алдына барып, өтініш жасауына тура келеді. Әрі қарай түсінікті. Шенеунікке ешқандай бақылаусыз шешім қабылдауға мүмкіндік бер, бірден сыбайластық құқықбұзушылыққа жол ашады. Сондықтан, бұл норманы үкіметтік нұсқа бойынша қалдыруға болмайды", - деді Мәжіліс Төрағасы. 

 
Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин мемлекеттік қолдауға жүгінген кәсіпкерлерге талапты қатаңдатуға болмайтынына назар аударды. Осыған сәйкес, жұмыс тобына жауапты министрлікпен бірге екінші оқылымға дейін тиісті міндеттемелер жөніндегі норманы нақты, анық және түсінікті етіп толықтыру қажеттігін айтты.
 
Жалпы отырыста депутаттар "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" және заң жобасын жұмысқа алды. Сонымен қатар, аталған заң жобасына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық және Салық кодекстеріне өзгерістер енгізу туралы ілеспе заң жобаларын жұмысқа алды.
 
Сонымен қатар, Мәжілістің Палата комитеттері жұмысқа алған заң жобаларының қатарында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобалары және оған ілеспе түзетулері бар.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны