01.12.2025, 16:03 33811

Қазақстанда электрондық сауда 2020 жылдан бері 7 есеге ұлғайды

Қазақстанда электрондық сауда 2020 жылдан бері 7 есеге ұлғайды
Сурет: Depositphotos
Ішкі сауданы дамыту департаментінің директоры Аңсар Оразалиевтің айтуынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша ішкі электронды сауда көлемі 3,2 трлн теңгені, немесе бөлшек сауданың 14,1%-ын құрады, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінен.

2025 жылдың соңына дейін электронды сауданың бөлшек саудадағы үлесін 15%-ға жеткізу жоспарлануда. Ал 2029 жылға дейін бұл көрсеткішті 18,5%-ға дейін арттыру мақсаты қойылған", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.


Оның айтуынша, маркетплейстердегі сатылымның 62%-ы электротехника, смартфондар, жеңіл өнеркәсіп тауарлары, ал 38%-ы күнделікті тұтыну тауарлары.

E-grocery (күнделікті сұраныстағы тауарлардың онлайн-саудасы) белсенді дамып келеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны