20.12.2022, 11:54 14461
Қазақстанда энергетикалық бақылауды күшейту: Энергетика министрлігі ЖЭО-ны жылына төрт рет тексеру жүргізуді ұсынады
Сурет: Primeminister.kz
Достарға айту
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі қызметке шекті тарифті айына 1 МВт үшін 590 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейін ұлғайту, кейіннен инфляция деңгейіне индекстеу қажет
Астана. 20 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында Қазақстанда энергетикалық бақылауды күшейту бойынша бірқатар шараларды ұсынды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
Энергетика министрлігінің басшысы айтқандай, Кәсіпкерлік кодекске сәйкес субъектілерді тексеру нормативтік құқықтық актілердің талаптары көрсетілетін тексеру парақтары негізінде жүргізіледі.
Алайда тексеру парақтарына жергілікті пайдалану нұсқаулықтарында және нормативтік құқықтық актілерге жатпайтын өндіруші зауыттардың нұсқаулықтарында көрсетілген энергия жабдықтарын пайдалану жөніндегі талаптар кірмеген. Бұл талаптар энергия кәсіпорындары мен тұтынушылардың энергия жабдықтарының тиісті техникалық жай-күйін қолдау үшін міндетті болып табылады", - деп түсіндірді ол.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Энергетика министрлігі мемлекеттік энергетикалық қадағалау органының функциясын күшейту бойынша түзетулер дайындады және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасына енгізді. Сондай-ақ мемлекеттік энергетикалық бақылауды күшейту бөлігінде реттеушілік әсерге талдау жүргізілді.
Ақшолақов Энергетика министрлігінің энергетикалық бақылауды күшейту тәсілдерін қолдау туралы өтінішпен жүгінді:
- электр станцияларына, жылу және электр желілеріне энергетикалық бақылау жүргізе отырып, Кәсіпкерлік Кодекс шеңберінен шығару;
- тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын қолданбай бақылауды жүзеге асыру;
- станцияларды, жылу және электр желілерін жыл сайын кемінде 4 рет тексеру;
- магистральдық жылу желілерін бақылауды жергілікті атқарушы органдардан Комитетке беру;
- ұйғарымдарды сот тәртібімен мәжбүрлеп орындау;
- авариялар мен технологиялық бұзушылықтардың туындауына қарай бақылау жасау;
- жөндеу жұмыстарына және инвестициялық келісімдердің орындалуына тексеру жүргізу;
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте айыппұлдарды ұлғайту және оларды кәсіпорындардың бірінші басшыларына салу.
Министр сондай-ақ Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру үшін 2023 жылы "Тарифті инвестицияға айырбастау" жаңа бағдарламасын қабылдау мәселесі пысықталып жатқанын еске салды.
Электр станцияларына инвестицияларды қамтамасыз ету қолданыстағы резервтерді ең жылдам және тиімді түрде тартуға мүмкіндік береді. Бағдарлама энергия өндіруші ұйымдардың қолданыстағы активтерін реконструкциялауға, жаңғыртуға және кеңейтуге, сол арқылы энергия жүйесі жұмысының сенімділігін арттыруға және 2035 жылға қарай өндіруші қуаттардың тозуын 15%-ға төмендетуге мүмкіндік береді", - деп түсіндірді ол.
Оның айтуынша, жылумен жабдықтауды жүзеге асыратын және қатты тозған станциялардың техникалық аудиті негізінде инвестицияларды талап ететін басым жобалар айқындалатын болады.
Сонымен қатар, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі қызметке шекті тарифті айына 1 МВт үшін 590 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейін ұлғайту, кейіннен инфляция деңгейіне индекстеу қажет", - деп қосты Ақшолақов.
Бұған дейін ЭМ басшысы ЖЭО-да күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 182 млрд теңге көлемінде қаржыландыру қажет екенін айтқан болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.05.2023, 16:03 1541
Президент қағаз өнімдерін шығаратын фабрикаға барды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында "РимҚазАгро" ЖШС-нің қағаз өнімдерін шығаратын фабриканың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақордадан.
Өндіріс орнын аралап көрген Қасым-Жомарт Тоқаевқа фабрика жұмысының алғашқы нәтижесі туралы баяндалды. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында жобаны субсидиялауға қаржы бөлінген.
Қағаз өнімдері фабрикасы - көпсалалы "Радуга" компаниясына қарасты кәсіпорындардың бірі ғана. Қазіргі кезде өңір халқын жыл он екі ай көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жылыжай құрылысы жүріп жатыр.
❗️Президент елімізде "қарапайым заттар экономикасын" дамытуға және халық тұтынатын тауарлар түрлерін кеңейтуге ерекше мән берілетінін атап өтіп, кәсіпорын басшылығына сәттілік тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2023, 12:41 2151
Қазақстанда 1,9 трлн теңгеге 280-нен астам инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Сенбі, 27 мамырда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Инвестициялық штаб отырысын өткізді, онда негізгі капиталға инвестициялар (НКИ) және тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) тарту барысы қаралды, деп хабарлады ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, биылғы қаңтар-сәуір айларында НКИ-дың жалпы көлемі 3,8 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға артық. Бұл орайда тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, көлік және қоймалау, ауыл шаруашылығы салаларының көрсеткіштері жоғары.
Қаңтар-сәуір айларында жалпы республикалық нысаналы индикаторға қол жеткізілді. 20 өңірдің 12-сі жоспарларын орындады немесе асыра орындады. Олардың қатарында Түркістан (148%), Қызылорда (137%), Қарағанды (122%), Маңғыстау (122%) және Ақмола (116%) облыстары бар. Орталық мемлекеттік органдар арасында Денсаулық сақтау (167%), Оқу-ағарту (153%), Ғылым және жоғары білім (152%), Сауда және интеграция (143%), Ауыл шаруашылығы (116%), Экология және табиғи ресурстар (108%) министрліктері белгіленген көрсеткіштерді асыра орындады.
Премьер-Министр 4 айдың қорытындысы бойынша облыстар мен орталық мемлекеттік органдардың дені НКИ бойынша көрсеткіштерді қамтамасыз еткенін, алайда 8 өңірдің нысаналы индикаторларға қол жеткізе алмағанын атап өтті. Аутсайдерлер – Ұлытау (52%), Абай (64%) және Жамбыл (65%) облыстары.
«Ұлытау және Жамбыл облыстары өткен жылы да жоспарды орындамаған. Аталған облыстардың әкімдері бұған дейін Инвестициялық штаб отырысында жағдайды биыл түзейміз деп уәде берген болатын. Бірақ, көріп отырғанымыздай, бұл өңірлер барлық облыстың ішінде ең соңғы орындарда қалып отыр», — деді Әлихан Смайылов.
Қабылданып жатқан шаралар туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев және Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов баяндама жасады.
Баяндамашыларды тыңдап болған соң, Үкімет басшысы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша инвестицияларға жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.
Сонымен қатар Әлихан Смайылов Мәдениет және спорт (62%), Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі (61%) министрліктерінің НКИ бойынша жұмыс қарқыны өте баяу екенін атап өтіп, IT саласындағы жобалар санын ұлғайту, сондай-ақ туризм саласына инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.
Аталған мәселелер бойынша мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакиннің есептері тыңдалды.
Премьер-Министр осы жылы Үкімет алдында НКИ деңгейін 18,5 трлн теңгеге жеткізу міндеті тұрғанын атап өтті. Осыған байланысты өңірлер мен ведомстволар кемшіліктерді ескере отырып, негізгі капиталға инвестициялар тарту жұмыстарын күшейтуі қажет.
Сонымен қатар отырыста тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі өткен жылғы жұмыс қорытындылары қаралды.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың айтуынша, өткен жылы НКИ көрсеткіші $28 млрд құраған, бұл – соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Экономиканың негізгі салаларында жалпы құны 2,3 трлн теңге болатын 199 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. 2023 жылы 1,9 трлн теңгеге тағы 281 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша инвесторлардың үздік ондығына Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Бельгия, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Франция, Ұлыбритания және Германия елдері кірді.
Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Үкімет алдына 2029 жылға дейін $150 млрд ТШИ тарту міндетін қойғанын атап өтті.
«Биыл экономикаға кем дегенде $24 млрд шетелдік капиталды тартуға тиіспіз. Министрлер мен әкімдер экономиканың басым секторларында шетелдік капиталдың қатысуымен жаңа әрі сапалы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті шараларды қабылдауы керек», — деді Премьер-Министр.
Одан бөлек отырысқа қатысушылар шетелдік инвесторлардың қатысуымен орындалатын ірі жобалар бойынша проблемалық мәселелерді қарады. Талқылау қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға оларды шешу бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2023, 12:28 2371
1 шілдеден бастап зейнеткерлер тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге өз зейнетақы жинақтарын пайдалана алады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
2023 жылғы 1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекс аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі - БЖЗҚ) зейнетақы жинақтары бар еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлерге тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге ақы төлеуге өздерінің зейнетақы жинақтарының барлық сомасын пайдалануға құқық беріледі, деп хабарлайды Gov.kz.
Осы жылдың 1 шілдесінен бастап еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер www.enpf-otbasy.kz интернет-платформасы арқылы БЖЗҚ-да жинақталған қаражаттарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ немесе екінші деңгейдегі банктерге жүгіне алады.
Емделу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін жоғарыда көрсетілген интернет-платформа арқылы "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ға ғана жүгіну қажет.
Бұған дейін 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделуге ақы төлеу сияқты әлеуметтік мақсаттарға пайдалану құқығы берілгенін естеріңізге сала кетейік.
Келесі санаттар осы құқықты пайдалана алады:
1) БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар жұмыс істейтін азаматтар. Олар "төменгі жеткіліктілік шегінен" асатын соманың бір бөлігін пайдалана алады;
2) зейнетақысы жоғалған табыс сомасының (бұрын алған жалақысының) кемінде 40%-ын құрайтын зейнеткерлер. Олар БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтары сомасының 50% дейін пайдалана алады;
3) өзіне зейнетақы аннуитетін ресімдеген және әлі де жинақтары бар азаматтар - БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтарының сомасы шегінде пайдалана алады.
Бұл норма жұмыс істейтін азаматтарды да, зейнеткерлерді де қамтиды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2023, 11:41 6536
Қазақстандық компаниялар өңдеу өнеркәсібінде өндірісті тағы $46 млрд-қа арттыруға қабілетті
26 мамырда өткен жиынға Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының кәсіпкерлері қатысты.
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орта бизнес өкілдерімен кездесуді одан әрі жалғастырып, саладағы проблемалық мәселелер мен мемлекеттік қолдау шараларын талқылады, деп мәлім етті Primeminister.kz.
26 мамырда өткен жиынға Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының кәсіпкерлері қатысты.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов ішкі резервтер есебінен өңдеу өнеркәсібіндегі өндірісті $46 млрд-қа ұлғайтуға болатынын, сонымен бірге Қазақстан макроөңір нарығына қосымша жалпы құны шамамен $300 млрд құрайтын өнім жеткізуге әлеуеті бар екенін хабарлады.
Отандық өндірісті дамыту мүмкіндігі жоғары негізгі бағыттардың қатарында мұнай-газ машиналарын жасау, құрылыс материалдарын, азық-түлік және тыңайтқыштар шығару, болат өнімдерін, алюминий және мыс салаларының тауарларын өндіру, темір рудасын, мақта талшығын, жүн, былғары өңдеу және басқалар бар.
Тікелей мемлекеттік ынталандыру шарасы аясында биыл 500 млрд теңгеден астам сомаға өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды, оның ішінде Өнеркәсіпті дамыту қоры мен Қазақстанның Даму банкінің желісі арқылы қаржыландыру жоспарланып отыр.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қазіргі уақытта республиканың агроөнеркәсіп кешенінде оң даму үрдісі қалыптасып отырғанын атап өтті. Бұл ретте мемлекет қаржыландырудың қолжетімділігін кеңейту және өндірілген өнімді өткізудің жаңа нарықтарын ашу бойынша жұмысты жалғастырып келеді.
Мәселен, субсидиялауды реформалау бөлігінде бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған, бірақ қолданыстағы жүйенің негізгі контурларын сақтай отырып, нақты өзгерістерді көздейтін өзара мәмілеге негізделген нұсқа әзірленді.
Сонымен қатар Бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу шеңберінде ауыл шаруашылығы өндірушілеріне субсидиялардың қолжетімділігін арттыру үшін кезек тәртібімен берілген өтінімдерді қанағаттандыруға кепілдік беретін "күту парақтары" іске қосылды. Жалпы, биыл ауыл шаруашылығын субсидиялауға кемінде 425 млрд теңге бөлінетін болады.
Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы биылғы көктемгі егістік жұмыстары мен орақ науқанына 140 млрд теңге бөлінді, оның 70 млрд-ы орта мерзімге арналған қаражат және келесі жылғы сәуір айына дейін қайтарылады.
Несиелеуге келетін болсақ, форвардтық сатып алу бағдарламасы жалғасады. "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ арқылы 71 млрд теңгеден астам қаржы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және мал азығын дайындауға арналған техника сатып алу үшін "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға 20 млрд теңге бөлінеді. Сонымен қатар барлық өңірлерде Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесіне сүйене отырып, АӨК-тегі инвестициялық жобаларды несиелендіру бағдарламасын іске асыру басталады. Биыл ол арқылы 65 тауарлы-сүт фермасының құрылысын салуға 100 млрд теңге бағытталатын болады. Несиелерді 2,5%-бен 10 жыл мерзімге, ең жоғары мөлшері 5 млрд теңгеге дейін беру жоспарланып отыр.
Отандық мал шаруашылығы өнімдерін өткізу нарықтарын кеңейту үшін қазақстандық кәсіпорындарды экспорттаушылардың шетелдік тізіліміне енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 3282 кәсіпорын өз өнімдерін шетелге жеткізуге құқылы.
Өсімдік шаруашылығы өнімдеріне келетін болсақ, соңғы екі жылда қазақстандық 901 кәсіпорын Қытайдың Бас кеден басқармасының реестріне енгізілген.
Кездесуге қатысушылар жеңілдетілген қаржыландыруды ұсыну, субсидиялаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, өндірісті жаңғырту және автоматтандыру, инженерлік инфрақұрылымға қосылу, жер ресурстарының қолжетімділігі, шағын өнеркәсіп аймақтарын дамыту, өндірістегі отандық үлесті арттыру, экспортты қолдау, жосықсыз бәсекемен күрес және басқа да бірқатар мәселені талқылады.
Еңбек", "Қазақстанның жылыжай технологиялары", "СНН", "Turkey PVL", "Радуга", "Asyl Farms", "Адал-Агро", "Asyl Farms", "TEHNOPARK KZ" және т. б. компаниялардың басшылары сөз сөйледі.
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары көтерілген тақырыптар бойынша егжей-тегжейлі түсініктемелер берді. Атап айтқанда, кездесу барысында бірнеше түйткілді мәселені шешу жолдары айқындалды, қалғандары бойынша Премьер-Министр уәкілетті ведомстволарға тиісті пысықтау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Әлихан Смайылов Үкімет орта бизнестің жаңа өндірістерді құру және кеңейту жөніндегі бастамаларын белсенді түрде қолдайтынын атап өтті. Мұндағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары қатарында өндірістегі отандық үлесті арттыру, жаңа технологияларды енгізу, кәсіпорындарды цифрлық трансформациялау, терең өңдеу технологиясына негізделген бәсекеге қабілетті өнім жасау, заманауи инфрақұрылымды дамыту бар.
Ол үшін өндіріс циклінің барлық кезеңінде яғни, шикізат базасынан бастап дайын өнімді ішкі және сыртқы нарықтарға сатуға дейін қолдау көрсетіледі", - деді Премьер-Министр.
Үкімет басшысы биыл индустрияландыру желісі бойынша 1 трлн теңгеден астам сомаға 170 жобаны, АӨК-те жалпы құны 540 млрд теңге болатын 300 жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын айтты. Сонымен қатар салықтық және кедендік артықшылықтар тізбесі, оның ішінде дайын өнімді экспорттаушылар үшін кеңейтілуде. Жергілікті деңгейде жер учаскелерін бөлу, инфрақұрылым жүргізу және әкімдіктердің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша қолдау көрсетіледі.
Әлихан Смайылов мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру да маңызды бағыт екенін атап өтті.
Мемлекеттен қолдауға ие болған бизнес субъектілері өз өндірісін кеңейтіп, шикізаттық емес өнім шығару көрсеткішінің өсуін қамтамасыз етуге тиіс. Мұнда ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз етуге басымдық беру керек. Әрбір жоба бойынша нақты экономикалық нәтижеге қол жеткізу керек, бұл экономиканы одан әрі әртараптандыруға және тұрақты жұмыс орындарын құруға үлес қосады", - деді Үкімет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2023, 11:03 6736
Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады
Достарға айту
Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингінің "BBB" деңгейінде екенін растады, болжам - "Тұрақты", деп мәлім етті Primeminister.kz.
Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар сыртқы сілкіністерге өзінің орнықтылығын дәлелдеген тұрақты фискалдық және сыртқы баланстары болып табылады.
Агенттік есебінде активтердің едәуір қорлары бюджеттік қаржыландырудың икемділігін және елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететіні атап көрсетілген.
Сарапшылар қазіргі шоттың профициті 3,4%-ға жақсарғаннан кейін 2024 жылға дейін сақталады деп отыр, бұл - соңғы 11 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Олардың пікірінше, бұл Қазақстанның сыртқы балансын одан әрі нығайтуға ықпал етпек.
Жалпы Fitch Қазақстан экономикасы 2023 жылы 4,5%-ға дейін және 2024 жылы 4,8%-ға дейін өседі деп болжап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.05.2023, 12:25 7851
Қашаған кен орнында мұнай өндіру көлемі азайды
Белгілі болғандай, 20 мамырда NCOC екі ұңғыманың бүтіндігін тексеру үшін жапқан
Достарға айту
Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы "Қашаған" кен орнының екі ұңғымасында күкіртсутек газы шоғырланған. Сол себепті, бұл ұңғымалардан мұнай өндіру көлемі төмендеген, деп хабарлайды Inform.kz.
Бұл деректі NCOC компаниясының баспасөз қызметі растады.
Солтүстік Каспий жобасының операторы - NCOC компаниясы "Қашаған" кен орнының теңіз кешеніндегі екі айдау ұңғымасының "А" оқпанаралық кеңістігіндегі флюидтің сынамасын әдеттегідей алу кезінде газдың (H2S) шоғырланғаны байқалғанын растайды. Бұл орайда, осы ұңғымаларды пайдалану кезінде қалыпты жұмыс режимінен бірде-бір ауытқу жағдайы байқалмады. Компания қауіпсіздік пен активтердің бүтіндігіне баса назар аударады. Сондай-ақ, қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға нұқсан келмеуін қамтамасыз етеді", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, 20 мамырда NCOC екі ұңғыманың бүтіндігін тексеру үшін жапқан. Сол кезде қосымша зерттеу бағдарламасы шеңберіндегі жұмыстар орындалған.
Тексеру жұмысы кезінде ұңғымаға кері айдалатын газдың көлемі азайтылды. Сәйкесінше, өндірілген мұнайдың да көлемі төмендеді", - деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметінен.
Қашаған" - Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай өндірілетін алғашқы ең ірі кен орны. 2000 жылы ашылған. Мұнда өндірілетін мұнай қоры - болжам бойынша 9-13 млрд баррель. "Қашағанда" коммерциялық мұнай өндіру 2016 жылғы күзде басталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2023, 13:57 15391
Үкімет Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын бекітті
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚР Үкіметі Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын бекітті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен, мәлім етті, деп хабарлайды Inform.kz.
Стратегиялық құжаты "Алматыбасжоспар" ғылыми-зерттеу институты, "Алматыгипрогор-1" жобалау институты сарапшылар мен жұртшылықты тарта отырып әзірледі.
Бас жоспардың негізгі мақсаты - Алматының барлық аудандарында жайлы қалалық орта құру және өмір сүру сапасын арттыру.
Құжатты әзірлеу кезінде мамандар озық цифрлық технологияларды және әлемдік дизайн тәжірибесін (Space Syntax) пайдаланды.Модельдеу құралдары қала дамуының әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салдарын, сондай-ақ олардың мобильділікке, жер құнына және адамдардың денсаулығына қалай әсер ететінін болжайды.
Алдыңғы бас жоспар 20 жылдан астам уақыт бұрын - 2002 жылы мақұлданған болатын. Және онда қала қажеттілігінің артуы ескерілмеген. Осы уақыт ішінде Алматы аумағы екі еседен астамға артты - 33898 гектардан 70348 гектарға дейін, халық саны 2,1 млн адамға дейін көбейді. Қала агломерацияның орталығына айналды, оның экономикасы өзгерді. Қаланың екі есе ұлғаюы аудандардың әлеуметтік, инженерлік, көліктік және өзге де инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейіне теріс әсер етті.
Алдыңғы бас жоспарға түзетулер енгізу оны кешенді жетілдіре алмады. Сондықтан былтыр Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қаланың 2040 жылға дейінгі іске асырылуының уақытша көкжиегін белгілей отырып, жаңа бас жоспарға қатысты жұмыс басталды.
Жаңа бас жоспар Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасымен және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалармен тығыз байланысты және оның 7 негізгі қағидатына негізделген: жайлы қалалық орта, орнықты экономикалық өсу, басқарылатын урбанизация, әлеуметтік тұрақтылық, цифрландыру, қауіпсіздік және Алматының "жасыл қала" атағын қайтару.
Жоспарлау кезеңінде барлық қажетті тұрғын үй, әлеуметтік, инженерлік, көлік, цифрлық, коммерциялық және рекреациялық инфрақұрылымдар қарастырылған. Осының арқасында полиорталықтар шағын және жайлы аудандарға, іскерлік және қоғамдық белсенділік орталықтарына айналады, қала тұрғындарының табысының ұлғаюы мен өсуіне негіз болады. Мәдени және тарихи маңызы сақталатын тарихи орталыққа да назар аударылады, бұл ретте кеңестік дәуір кезінде салынған шағын аудандарды ревитализациялау бағдарламасы жүргізіледі.
Жаңа бас жоспар мынадай мақсаттарды іске асыруды қарастырады:
- 188 жаңа мектеп, қолданыстағы оқу орындарына 12 қосалқы нысан және 65 емхана салу, 11 отбасылық-дәрігерлік амбулаторияны, 25 көпсалалы және 13 мамандандырылған стационарды модернизациялау;
- 2,4 мың шақырымға жуық сумен жабдықтау желілерін, 1,1 мың шақырым су бұру желілерін және 161 шақырым жылумен жабдықтау желілерін салу. Бұл шаралар коммуналдық жүйелердің сенімді және тиімді жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қала тұрғындары үшін жайлылық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Желілерді жаңғырту бюджеттік инвестициялар және "инвестицияларға айырбастау тарифі" қағидатына негізделген жаңа тарифтік саясат есебінен жүргізілетін болады;
- жеңіл рельсті көлік жүйесі мен метрополитенді қоса алғанда, жүрдек және жайлы қозғалыс үшін жүрдек көлікті интеграциялаумен бағыттық желіні оңтайландыру;
- 2030 жылға дейін Төле би көшесі бойымен 45 км ЖРК желісі, "Қалқаман" станциясынан "Барлық" станциясына дейін 5,2 км метро желісі салынады, төрт көлік-трансплантациялау торабы (Барлық, Алматы-2, Шығыс қақпасы, Солтүстік) салынады. 2040 жылға дейін тағы 76 км ЖРК, 57 км ЖАБ және 7,8 км "Алматы-1" және "Алматы-2" метро желілері салынады. Осы шаралардың барлығы 2040 жылға қарай қоғамдық көлікті пайдаланушылардың үлесін 60%-ға арттыруға мүмкіндік береді, ал жеке көліктерді пайдалану 20% - ға төмендейді;
- 2025 жылға дейін қоғамдық көлікті экологияландыру үшін 1200 дизельді автобус газға және электр тартқышқа ауыстырылады, 2 жаңа газ автопаркі, 5 жаңа газ құю станциясы пайдалануға беріледі, 200 бірлікке троллейбус паркі жаңартылады. 2025-2030 жылдар кезеңінде жеке және қоғамдық электр көлігі үшін зарядтау инфрақұрылымы желілері құрылатын болады. Бұл атмосфераға зиянды заттардың шығуын айтарлықтай азайтады;
- экологиялық проблемаларды шешу үшін экологиялық ауқым кеңейеді, 2030 жылға дейін жасыл аймақтардың жалпы ауданы 3 есеге, 1,3 мың гектардан 3 340 гектарға дейін, ал 2040 жылға қарай - 3 840 гектарға дейін артатын болады;
- қала тұрғындарының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету - Бас жоспар сейсмикалық белсенділігі 6 қабаттан аспайтын 10 балдық аймақтарда ғимараттар салуды шектейді. Бас жоспардың негізінде қалалық ғимараттар мен құрылыстарға жаңа сейсмоаудит жүргізіледі, сейсмикалық белсенділік жағдайында ықтимал салдарды азайту үшін азаматтық объектілерді сейсмикалық күшейту бойынша қажетті шараларды қабылдауға көмектесетін тәуекелдер Картасы жаңартылады және тағы басқасы.
Жаңа Бас жоспар қала құрылысын жоспарлаудың заманауи озық технологияларын пайдалануға мүмкіндік береді, қала тұрғындары үшін қолайлы, креативті экономиканы дамытуға қолжетімді, туристер мен бизнес-инвестициялар үшін тартымды қалалық ортаны қалыптастырады.
Еске салсақ, жаңа Бас жоспардың жобасы барлық қажетті келісу рәсімдерінен өтті - 2023 жылдың қаңтарында қаланың сегіз ауданының сарапшылары мен тұрғындарын шақыра отырып, бас жоспар жобасының бөлімдері үш күндік қоғамдық талқылаудан өтті.
Алынған ұсыныстар мен түсініктемелер құжатты одан әрі жетілдіру кезінде ескерілді. Осы жылдың сәуір айында құжаттың жобасын Алматы мәслихатының депутаттары мақұлдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.05.2023, 21:41 17761
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы өсті
Достарға айту
Сенбі күні Премьер-Министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен апта сайынғы кеңесте ел өңірлерінде бір аптадағы баға ахуалы мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қолжетімділігі талқыланды, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметінен.
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға өсті. Көкөністер - қырыққабат, пияз, сәбіз, картоп бағасының төмен маусымдық өсуі жалғасып отыр. Күріш пен сиыр етінің өсімі байқалды. Нан, тауық еті, май, сүт, айран, тұз, сүзбе бағасы тұрақты.
Сонымен қатар қарақұмық бағасының төмендеуі үш ай қатарынан жалғасып отыр. Апта ішінде жұмыртқа, ұн, қант және түтік кеспе бағасы арзандады.
Күріш бағасының үздіксіз өсуіне қатысты жағдай бөлек талданды. Бір апта ішінде ел бойынша орташа өсім 0,7%-ды құрады, өңірлер бойынша ең үлкен көрсеткіш Ұлытау, Қарағанды, Алматы және Түркістан облыстарында тіркелді. Қызылорда облысы әкімдігінің мәліметінше, бүгінде 380 теңге бағасымен 6 мың тонна өнім қоры дайындалған. Қызылорда өңірінің өндірушілерінен 7 облыс 1021 тонна күріш сатып алды. Вице-премьер Сауда министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, жақын арада елдегі күріш өсірушілермен жиын өткізіп, бағаның көтерілу себептері мен бизнестің өзекті мәселелерін анықтауды тапсырды.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков өткен жылдың маусымаралық кезеңдеріндегі астық қорының қолжетімділігі мен ерте егін жинау нәтижелері туралы баяндады. Келтірілген мәліметтерге сәйкес, республикадағы картоп қоры 107,6 мың тоннаны құраса, халықтың сұранысы мамыр айының соңына қарай 40,7 мың тонна, маусым айының соңына қарай 101,7 мың тоннаны құрап отыр. Осылайша, мамыр-маусым айларындағы республика бойынша бұл көкөністің жалпы балансы қамтамасыз етіліп, картоп қоры қажетті деңгейден төмен өңірлер басқа өңірлерден жеткізілімге келісулері қажет. Мамыр айында оңтүстік облыстардан 1,3 мың тоннаға (Жамбыл облысы, Жетісу облысы, Шымкент қаласы), маусым айында 5,6 мың тоннаға (Жетісу облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы және Шымкент қаласы) ерте пісетін көкөністерді жеткізуге келісімшарттар бар. Жалпы көлемі 12,4 мың тонна импорттық картоп жеткізуге (БҚО, ШҚО, Ақтөбе облысы, Алматы және Астана қалалары) арналған шарттар бар.
Мамыр айының бірінші онкүндігінен бері Түркістан облысында ерте пісетін картоп 5,8 мың тонна көлемінде жиналды. Маусым айында жалпы өнім 109,5 мың тонна, шілдеде 108,8 мың тонна болады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ Алматы облысында ерте пісетін картопты 37,8 мың тонна, маусым айында 3,5 мың тонна, шілдеде 34,3 мың тонна көлемінде жинау жоспарлануда.
Былтырғы сәбіздің қоры да қажетті қамтамасыз ету шегінде тұр. 2,9 мың тонна көлемінде импорттық сәбізді жеткізуге шарттар бар (Жамбыл, БҚО, ШҚО, Ақтөбе облысы, Алматы, Шымкент және Астана қалалары). Түркістан облысында ерте пісетін сәбіздің жалпы өнімі 30,3 мың тоннаны құраса, оның 980 тоннасы маусым айында, 29,3 мың тоннасы шілдеде алынады деп күтілуде.
Пияз бен қырыққабаттың жағдайы басқаша. Мамыр айында елімізде бұл көкөністердің былтырғы қоры қажетті деңгейде болғанымен, ол маусым айында жеткіліксіз болады. Импорттық пиязды жеткізу бойынша келісім-шарттар 4,5 мың тоннаны құрайды. Маусым-шілде айларында Жамбыл және Түркістан облыстарында 161,2 мың тонна көлемінде ерте өнім беретін пияз жиналады деп күтілуде, бұл күзгі жиын-терім науқанына дейін халықтың қажеттілігін өтейді.
Түркістан облысында ерте пісетін қырыққабат сәуір айынан бастап жиналады. Қазіргі уақытта 68,7 мың тонна жиналса, шілде айының соңына дейін 125 мың тонна жиналады деп күтілуде. Ербол Тасжүрековтің айтуынша, Түркістан облысынан келетін ерте пісетін қырыққабат есебінен ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге болады.
Жиын қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин өткен жылғы егіннің қолжетімділігі мен сапасын тексеруді, сондай-ақ көкөніс жеткізушілермен және тұрақтандыру қорлары өкілдерімен кездесу өткізіп, ерте пісетін көкөністердің қажеттілігін нақтылауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
29.05.2023, 12:33Порнография таратумен айналысқан топты ұйымдастырушы 12 жылға бас бостандығынан айырылды 29.05.2023, 12:54 5826Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдер көбейтіледі29.05.2023, 15:58 4236Алматыда шоу-презентация кезінде тағы бір финпирамиданың ұйымдастырушысы ұсталды29.05.2023, 16:20 4011Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысындағы көктемгі егіс науқанының барысымен танысты29.05.2023, 17:09 3646Қызылордалық тұрғынның үйінен аса ірі мөлшерде есірткі мен қару табылды
25.05.2023, 17:46 53251Астанада авиация саласындағы шығарындыларды азайту мәселелері талқыланды25.05.2023, 17:37 52756ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты25.05.2023, 17:25 47611Астанада еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқылануда25.05.2023, 16:33 Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат сотталды46056Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат сотталды26.05.2023, 11:54 38426Адам өлтірді деген күдікті Германиядан экстрадицияланды
05.05.2023, 21:04 56096Президент Бүкілармиялық кеңес өткізді05.05.2023, 20:12 55376Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтерінің басшылары Ташкентте келіссөз жүргізді04.05.2023, 18:20 54706Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонның БАҚ өкілдері үшін бірлескен баспасөз мәлімдемесі25.05.2023, 17:46 53251Астанада авиация саласындағы шығарындыларды азайту мәселелері талқыланды25.05.2023, 17:37 52756ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты