10.12.2025, 15:20 926

Қазақстанда мұнай өнімдеріне жаңа акциз мөлшерлемелері қабылданды

Қазақстанда мұнай өнімдеріне жаңа акциз мөлшерлемелері қабылданды
Сурет: Depositphotos
Биыл 5 желтоқсандағы Үкімет қаулысымен бензинге (ұшақ отынын қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға жаңа акциз мөлшерлемелері бекітілді, деп хабарлайды Inform.kz.

Атап айтқанда, көтерме сатуда бензинге тоннасына 38 134 теңге, дизель отынына 35 726 теңге, ал газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға 38 134 теңге мөлшерінде акциз салынады.

Сонымен қатар бөлшек саудада және өз өндірістік қажеттіліктері үшін пайдалану кезінде бензинге 38 634 теңге, дизель отынына 35 726 теңге, ал газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға 38 634 теңге мөлшерінде акциз бекітілген.

Ал импорт бойынша бензинге 38 134 теңге, дизель отынына 35 726 теңге, газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға 38 134 теңге мөлшерінде акциз қойылады.

Аталған қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны