01.06.2023, 16:28 22791

Қазақстанда мамырда жылдық инфляция 15,9%-ды құрады

2023 жылғы мамырда тұтыну бағаларының бір айлық мәндегі индексі баяулаған
Қазақстанда мамырда жылдық инфляция 15,9%-ды құрады
Сурет: ?лтты? статистика бюросы
2023 жылғы мамырда тұтыну бағаларының бір айлық мәндегі индексі баяулап, сәуірдегі 0,9%-бен салыстырғанда 0,6% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы - 0,7%, азық-түлік және оған жатпайтын тауарлардың әрқайсының бағасы 0,5%-дан өсті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Бағаның өсуі әуе жолаушылар көлігі қызметтеріне 11,5%, теміржолға - 2,5% байқалды. Санаторий қызметтерінің бағасы 5,6%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтер - 2,9%, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметтері - 1,7%, денсаулық сақтау қызметтері 1,4% өсті.

Азық-түлік тауарлары арасында мамырда көкөністер мен жемістердің бағасы өскен, қырыққабат 23,8%, пияз 9,9%, жүзім 9,6%, сәбіз 8,6%, алма 5,3%, картоп 4% қымбаттаған. Бағаның өсуі, сондай-ақ күріш - 2,5%, салқындатылған сусын - 1,9%, сүт - 1,8%, шай - 1,6% бойынша байқалды. Осы ретте қияр 39,6%, қызанақ 23,7%, тәтті бұрыш 7,6%, қарақұмық жармасы 4%, банан 3,8% арзандаған.

Мамырда бағаның өсуі баллондағы сұйытылған газға - 1,7%, бензинге - 1,2%, дизель отынына - 0,7% байқалды. Алдыңғы аймен салыстырғанда киім және аяқ киім 1,3%, жеке қолдану тауарлары 1,2%, ыдыс-аяқ 0,9%, жуу және тазалау құралдары 0,8% көтерілді.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Шымкент қаласында - 1% (орташа республикалық деңгейден 0,4 п.т. жоғары), ең төменгісі Павлодар облысында тіркелді - 0,1%.

Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының ең жоғары бағасы Ұлытау облысында - 1,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша Алматы қаласы және Солтүстік-Қазақстан облысында - әрқайсында 1%-дан, ақылы қызметтер бойынша Шымкент қаласында, өсім - 2,7%.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны