Бірінші. Салықтық әкімшілендірудің сервистік моделіне көшу. Негізгі тәсіл - салық төлеушіні сервистік сүйемелдеуге: тіркелген сәттен бастап және оның бүкіл қызметі бойында "бақылау үшін бақылаудан". Бұл Мемлекеттік кірістер комитетінің, екінші деңгейдегі банктердің және басқа да цифрлық арналардың платформаларында электрондық сервистер мен интеграцияларды дамытумен қамтамасыз етілетін болады", - деді министр.
- декларацияларды алдын ала толтыру және автоматты түрде декларациялау;
- маңызды оқиғалар бойынша push-хабарламалар. Мысалы, қосылған құн салығы бойынша есепке қою немесе салық есептілігін беру мерзімі басталған кезде;
- жекелеген процестер - "өтiнiшсiз" форматта. Мысалы, мемлекеттік бажды автоматты түде қайтару немесе салықтарды есепке жатқызу.
- оңтайлы ұйымдық-құқықтық нысанды,
- салық салудың қолайлы режимін,
- есептілік тізбесін,
- тапсыру және төлеу мерзімдерін,
- өз міндеттемелерін тіркеу мен орындаудың түсінікті бағытына бағдар береді.
- міндеттемелерінің сомасы 1 млн теңгеден аспайтындар үшін мүлік, көлік және жер салықтары бойынша ағымдағы төлемдердің тоқсан сайынғы есеп айырысулары күшін жояды. Кәсіпкер жыл қорытындысы бойынша бір декларация тапсырып, жыл қорытындысы бойынша төлейтін болады.
Өндіріп алудың жаңа тәсілдері: шағын бизнесті шамадан тыс әкімшілік шаралардан қорғау. Біз шаралар мөлшерлес болуы және елеусіз сома үшін микро- және шағын бизнеске "қысым жасамауы" үшін салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдерін айтарлықтай өзгертуді жоспарлап отырмыз. Басты өзгеріс - ден қою шаралары басталатын шектерді көтеру. Егер бұрын, әлеуметтік аударымдар бойынша іс жүзінде шек болмаған кезде, осы жылы салық берешегі шамамен 26 мың теңгеден немесе 6 айлық есептік көрсеткіштен өндіріліп алынған болса, онда енді салық берешегі бойынша шегі 87 мың теңгеге немесе 20 айлық есептік көрсеткішке дейін, әлеуметтік төлемдер бойынша шамамен 26 мың теңгеге немесе 6 айлық есептік көрсеткішке дейін көтеріледі. Неге бұл маңызды: өйткені, бүгінде әлеуметтік төлемдер бойынша шектің болмауы себебінен өндіріп алу шараларына тап осы микро- және шағын бизнес жиі түседі - борышкерлердің шамамен 72%-ының 6 айлық есептік көрсеткішке дейін борыштары бар. Осының кесірінен шығыс операциялары тоқтатылады, бизнес уақыты мен ақшасын жоғалтады", - деді министр.
- 87 мың теңгеге немесе 20 айлық есептік көрсеткішке дейін болса - хабарлама жіберіледі, өзге шараларсыз, тек өсімпұл ғана есептеледі;
- 87 мыңнан 195 мың теңгеге дейін немесе тиісінше 20-дан 45 айлық есептік көрсеткішке дейін болса - хабарлама жіберіледі; өтелмеген кезде борыш сомасы шегіндегі шығыс операциялары тоқтатыла тұрады және тек содан кейін ғана инкассолық өкімдер шығарылуы мүмкін;
- 195 мың теңгеден немесе 45 айлық есептік көрсеткіштен астам болса - мүлікті тізімдеу және сату, дебиторлар есебінен өндіріп алу сияқты неғұрлым қатаң шаралар қолданылады.
- 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңдердегі камералдық бақылау мен салықтық тексерулер күшін жояды, яғни, өткен кезең үшін тексеру болмайды;
- осы кезеңдердегі мәмілелер мен тіркеулерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз беру тоқтатылады;
- оңайлатылған рәсімге құқығы бар субъектілерді тарату жеңілдетіледі - камералдық бақылаусыз болады;
- қосылған құн салығы бойынша есепке қоюды бұзған және өткен кезеңдерге есептілік ұсынбаған тұлғалар әкімшілік жауапкершіліктен босатылады;
- 2026 жылғы 1 сәуірге дейін негізгі борышты өтеген жағдайда - салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылады.
- ресми ресурстарды пайдалану арқылы онлайн-консультациялар беріледі, оның ішінде жеке Telegram-арна құрылатын болады;
- офлайн және онлайн вебинарлар;
- есепті кезеңдерде тақырыптық консультациялық сессиялар.
- кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар;
- кәсіби бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері;
- түсіндіру бөлігінде - аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының мамандары тартылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

