24.01.2022, 16:22 23451

Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгіленді

Бұйрық 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
НҰР-СҰЛТАН. 24 ҚАҢТАР - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы №15 бұйрығымен ел аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2022 жылға арналған квота мөлшері белгіленді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2022 жылға арналған квота жұмыс күші санына пайыздық қатынаста белгіленген.
 
Осылайша, құжатқа сәйкес, жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерге беретін рұқсаттар бойынша квота 0,31% мөлшерінде белгіленген. Еңбекші көшіп келушілерді тартуға 3,2% мөлшерінде белгіленген.
 
Бұйрық 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі. 
 
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Тоқаев бизнесті шетелдіктерді тартуға емес, отандық кадрларды тартуға шақырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны