23.07.2021, 23:46 13088

Қазақстанда цемент импортына тыйым алынып тасталды

"Импортқа салынған тыйымды алып тастау батыс өңірлерде нарықты молықтырып, республика аумағында цемент өнімдерінің бағасы төмендейді".
НҰР-СҰЛТАН. 23 ШІЛДЕ - Қазақстанда үшінші елдерден цемент әкелуге салынған тыйым алынып тасталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Осылайша, цементті клинкерлер, портландцемент, өзге де портландцемент, глиноземді цемент, гидравликалық цементтер үшінші елдерден жеткізіле алады. Импортқа салынған тыйымды алып тастау батыс өңірлерде нарықты молықтырып, республика аумағында цемент өнімдерінің бағасы төмендейді", - деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

 
Естеріңізге сала кетейік, отандық цемент өндірушілерді қолдау үшін үшінші елдерден цемент импортына тыйым салу туралы 2021 жылғы 30 сәуірдегі №216 бұйрық шыққан еді. Алайда, қоғамда цемент бағасының өсуіне және оның ішкі нарықтағы жетіспеушілігіне қатысты мәселелер пайда болды.
 
Бұған дейін сарапшылар Қазақстанда цемент құны 60%-ға, ал арматура құны 142%-ға өскенін хабарлады. Олардың пікірінше, құрылыс материалдарының қымбаттауы құрылыс мерзімін бұзып, қолданыстағы келісімшарттардың бұзылуына әкелуі мүмкін.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны