Саладағы басты көрсеткіштердің өскені байқалады. Орналастыру орындарының саны 4,5 мыңнан асқан. Ал осы орналастыру орындарының қызметін пайдаланған туристердің саны 10 млн-нан асты, яғни 12%-ға өскен. Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық индексінде Қазақстан 119 елдің ішінен 52 орынға көтерілген. Бұған дейін 66 орында болғанбыз. Біздің алға қойған мақсатымыз - үздік елу елдің қатарына кіру", - деді туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Абаттандырылған жаяу жүргіншілер жолы, қарау алаңдары, визит-орталықтар жасалады. Туристік өнімді жақсартудың нәтижесінде туристердің осы аймақта болу уақыты 7-10 күнге дейін ұзарады деген ойдамыз. Демек келушілерден түсетін кіріс те айтарлықтай көбейеді. Жалпы алғанда, Кешенді жоспарды жүзеге асыру арқылы 2029 жылға қарай қонақ үй инфрақұрылымын кеңейтуге және туристердің санын тағы 150 мыңға көбейтуге болады. Осы саланы әрі қарай да жүйелі және кешенді түрде дамыту мақсатында сіздің тапсырмаңыз бойынша Туризмді дамыту тұжырымдамасын өзектендіруді бастадық. Министрлік Тұжырымдама бойынша жасалатын жаңа әрекеттер жоспарының жобасын дайындады, ол 100-ден астам тармақтан тұрады. Бірқатар орталық мемлекеттік органдардан, әкімдіктерден және ұлттық кәсіпкерлер палатасынан ұсыныстар алдық. Өткен аптада "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы съезінің алдында туристік бизнеспен кездесу өткіздік. Онда көтерілген мәселелер Тұжырымдамада ескерілетін болады. Қосымша Қазақстанға туристерді тарту бойынша жаңа Маркетинг стратегиясын жүзеге асыру мәселесін де басты назарға алып отырмыз. Жалпы алғанда, 2029 жылға қарай ішкі туристер 11 млн адамға дейін, ал туризм саласында жұмыс істейтіндер 800 мың адамға дейін көбейеді деп күтілуде", - деді туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

