27.11.2025, 08:14 67316

Қазақстандықтар енді бір уақытта бірнеше несие ала алмайды

Қазақстандықтар енді бір уақытта бірнеше несие ала алмайды
Сурет: Depositphotos
Депутаттардың нормативтік актілерді нақтылауға және азаматтар мен бизнестің мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталған екінші оқылымға қатысты ұсыныстарын жұмыс тобы қолдады, деп хабарлайды Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметінен.

Негізгі бастамалардың қатарында заңды және жеке тұлғалардың шотына сыйақы есептеуге тыйым салуды алып тастау бар.

Жеке тұлғалардың бірнеше банктен немесе микроқаржы ұйымынан бір сағат ішінде несие алуға өтініш беруіне қойылған шектеу сақталды. Несие бюролары алаяқтыққа қарсы Антифрод орталығына енгізіледі және алаяқтық әрекеттерді тексеру үшін жеке тұлғалардың екі немесе одан да көп банкке берген несие өтінімдері туралы ақпаратты бір сағат ішінде бөлісуге міндетті болады. Бастапқы биометриялық мәліметтерді алу және электронды цифрлық қолтаңбаны беру тек клиенттің жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны