13.07.2022, 16:12 10391

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4,8% көбейді

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен 2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы өзара саудасы 9 956,9 млн АҚШ долларын құрады.
НҰР-СҰЛТАН. 13 ШІЛДЕ - Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен 2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы өзара саудасы 9 956,9 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 4,8% көбейді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2022 жылғы қаңтар-мамырдағы тауарлар экспорты 2 929,3 млн АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты (0,9%-ға аз), импорт – 7 027,6 млн АҚШ доллары (7,3%-ға көп)", - деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

 
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясының үлесі – 92,8%, Қырғызстанда – 3,8%, Беларусьте – 3,3%, Арменияда – 0,1%.
 

ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ең жоғарғы өсім жасанды корунд (алюминий оксиді, алюминий гидроксиді) бойынша байқалды, өсім – 3 есе. Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кендері мен концентраттары бойынша төмендеу байқалды (53,4% аз)", - деп хабарлады бюрода.

 
Импортта өсім мыс кендері мен концентраттары бойынша байқалды – 17,6 есе. Бұл ретте жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары бойынша көрсеткіштің төмендеуі тіркеліп отыр (53,7 % аз).
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны