11.10.2022, 14:29 18986

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен қоныс аударушылар жаңа жерде жұмысқа орналасу мәселесін бастан кешуде - Дүйсенова

Министр жаңа тәсілдерге сәйкес азаматтар ең алдымен жұмыс орындары бар өңірлерге көшірілетінін айтты.
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен қоныс аударушылар жаңа жерде жұмысқа орналасу мәселесін бастан кешуде - Дүйсенова
Сурет: Depositphotos
Астана. 10 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы Тамара Дүйсенова қазақстандықтардың еңбегі артық өңірлерден еңбек тапшылығы бар өңірлерге қоныс аударғаны туралы хабардар етті, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
 

Бүгінге дейін бұл бағыттағы жоспарлы көрсеткіш 71%-ға орындалды. Дегенмен, қыста күн суыған кезде оңтүстік өңірлерден келетін көш тоқырайды. Сол себепті, квоталар толық игерілмей қалуы мүмкін. Қазір Павлодар облысында 1 мыңнан астам квота игерілген жоқ. Ал, Солтүстік Қазақстан облысына 500 адам, Қостанайға 362 адам жоспардағыдан аз келді", - деді Дүйсенова Үкімет отырысында.

 
Бұдан бөлек, көшіп келген отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерін жұмысқа орналастыру ойдағыдай болып жатқан жоқ.
 

Үш өңірде, атап айтсақ, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында жұмысқа орналасу үлесі – 58,5%-дан 67%-ға дейін. Тіпті, жұмысқа орналасқанның өзінде олардың 54,4%-ы ғана зейнетақы аударымын жасап отыр", - деді ол.

 
Министр жаңа тәсілдерге сәйкес азаматтар ең алдымен жұмыс орындары бар өңірлерге көшірілетінін айтты. Осыған байланысты қоныстандыру өңірлерінің әкімдіктері қоныс аударуды қосымша ынталандыру және келген азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жол карталарын әзірлеуге тиіс.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны