08.06.2022, 15:54 7996

Бакуде қазақстандық экспорттаушылар $38 млн-ға келісімшарт жасасты

Әзербайжанға қазақстандық тамақ өнеркәсібінің, металл прокатының, лак-бояу өнімдерінің тауарларын жеткізуге шарттар жасалды.
НҰР-СҰЛТАН. 8 МАУСЫМ - Сауда-экономикалық миссия шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілер үшін екі елдің ұлттық компаниялары мен іскер топтарының қатысуымен В2В форматында екіжақты келіссөздер, Әзербайжан Республикасының ірі сауда желілерімен және дистрибьюторларымен кездесулер ұйымдастырылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Нәтижесінде жалпы сомасы $38 млн-нан асатын 8 экспорттық келісімшартқа қол қойылды. Әзербайжанға қазақстандық тамақ өнеркәсібінің, металл прокатының, лак-бояу өнімдерінің тауарларын жеткізуге шарттар жасалды", - деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Министрліктің деректері бойынша, Баку қаласында (Әзербайжан) қазақстандық сауда-экономикалық миссия табысты өтуде. ҚР-ның 23 өндірушісі әзербайжандық іскер топтарға өздерінің экспорттық мүмкіндіктерін таныстырды.
 

Компаниялар тамақ, химия және мұнай-химия салаларын, фармацевтиканы, металл өңдеу мен металл прокатын, Машина жасауды, құрылыс материалдарын өндіруді, IT-саланы қамтиды. Қазақстандық кәсіпорындардың ішінде экспорттық акселерация бағдарламасына қатысушылар бар", - деп хабарлады ведомствода.

 
Әзербайжан тарапынан қазақстандық бизнеспен ынтымақтастыққа мүдделі 100-ден астам компания қатысты.
 
 "QazTrade" АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы қазіргі жағдайда екі елдің ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтеріліп жатқанын хабарлады.
 

Соңғы жылдары әлемде үрдіс өңірлік сауданың пайдасына қалыптасуда. Каспий маңы өңірінде, бірінші кезекте, Әзірбайжан мен Қазақстанның өзара сауданы арттыру үшін зор әлеуеті бар. Оның үстіне, қазір Еуропадан Азияға транзиттік аумақ ретінде екі елдің де рөлі күшеюде және біз өзіміздің ішкі өзара іс - қимылымызды тек транзиттерлер ретінде ғана емес, экономикалық әріптестер ретінде де тереңдете аламыз және тереңдете беруге тиіспіз", - деп атап өтті Азамат Асқарұлы.

 
Ағымдағы жылдың басынан бері біздің Каспийдегі теңіз сауда порттарымыз арқылы 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда екі есе көп жүк тасымалданды. Ағымдағы жылдың соңына дейін ТХКБ маршруты бойынша тасымалдау көлемі алты есеге артады деп күтілуде.
 
QazTrade басшысы бүгінгі таңда 80-нен астам қазақстандық компания өз өнімдерін Әзірбайжанға тұрақты экспорттаушылар болып табылатынын атап өтті. Бұл ретте Қазақстаннан $272 млн сомасына 105 тауар позициясы бойынша экспортты, оның ішінде металлургия өнімдері, тамақ өнімдері мен сусындар, машина жасау және химия салаларының өнімдерінің өсуін ұлғайту әлеуеті байқалуда.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны