25.11.2025, 17:53 61626

Барлық трансшекаралық хабтар көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілген - Көлік министрлігі

Барлық трансшекаралық хабтар көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілген - Көлік министрлігі
Сурет: КТЖ
ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында трансшекаралық хабтардың көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілгені туралы баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Орталық Азия" халықаралық өндірістік кооперация орталығы бойынша Дарбаза - Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы жалғасуда, 2026 жылы аяқталады. Жоба Мақтаарал ауданын магистральды теміржол желісімен қосады, қуаттылығы жылына 20 млн тонн.


Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан ағымдағы жылы "Атамекен" автомобиль өткізу пунктінде модернизациялау жұмыстары бітті. Өткізу пунктіне баратын автомобиль жолы да биылғы жылы орташа жөндеуден өткізілді.

Еуразия трансшекаралық сауда орталығы теміржол желісіне Пойма стансасы арқылы қосылады, пайдалануға келесі жылы беріледі. Ұзындығы 144 шақырым болатын "Подстепное - Федоровка" автомобиль жолын реконструкция жасалып жатыр. Оның 72 шақырымы республикалық бюджеттің есебінен осы жылы аяқталады, қалған 72 шақырым бойынша 2026 жылы бітеді.

Сонымен қатар 2027 жылға дейін Тасқала автомобиль өткізу пунктін модернизациялау жоспарланған, құрылыс жұмыстарын алдағы жылы басталады. Қорғас бағытында Алтынкөл - Жетіген теміржол учаскесін модернизациялау жүргізілуде. Жоба учаскенің өткізу қабілетін 25 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстарды 2026 жылы толықтай аяқтау жоспарлануда.

Нұр жолы" автомобиль пунктінің айналма жолы орташа жөндеуден өтуде, жыл соңына дейін аяқталады.


Каспий хабы бойынша Ақтау және Құрық порттарын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жыл соңына дейін Ақтау портында қытайлық Ляньюньган компаниясымен бірлескен контейнерлік хаб құрылысының 1-ші кезегі аяқталады. Жоба толық жүзеге асырылғаннан кейін хабтың қуаттылығы жылына 240 мың контейнерге дейін жетеді. Ақтау портының акваторясын тереңдету, причалдарды реконструкциялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Құрық портында "Саржа" көпфункционалды терминалының құрылысы жалғасуда. Каспий теңізі арқылы контейнер тасымалын ұлғайту үшін 2027 жылға дейін Әзербайжаннан сыйымдылығы 700 контейнер болатын екі кеме сатып алу жоспарлануда. Порттарға баратын теміржол желісінің де өткізу қабілетін ұлғайту бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Бұл жобаларды жүзеге асыру Ақтау және Құрық порттарының өткізу қабілетін 30 млн тоннаға дейін жеткізеді. Оған қоса Жанаөзен қаласын Түрікменстанмен қосатын автомобиль жолдары күрделі және орташа жөндеуден өтуде. Аяқталу мерзімі - 2026 жыл", - деді көлік министрі.


Халықаралық көлік-логистика кешені "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" дәлізінің бойында орналасқан. Қарасу - Масанчи - Сарытөбе автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізілуде, 2026 жылы аяқталады. Қарасу - Ақтілек автомобиль өткізу пунктін модернизациялау келесі жылы басталады. Жоба барысында инвестор қаражаты есебінен Шу өзені арқылы тағы бір көпір салу мәселесі пысықталуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны