01.03.2023, 12:13 22576

Bereke Bank ресейлік "Сбербанкпен" валюталық операцияларды тоқтатады

2023 жылғы 20 ақпаннан бастап Банк серіктестің банкі "Сбербанк" ЖАҚ болып табылатын келісімшарттарды валюталық бақылауға қабылдауды тоқтатады
Bereke Bank ресейлік "Сбербанкпен" валюталық операцияларды тоқтатады
Сурет: Depositphotos
Астана. 1 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылғы 6 наурыздан бастап "Bereke Bank" АҚ "Сбербанк" ЖАҚ-дан/ға, оның еншілес ұйымдары мен филиалдарына/нан кез келген валютадағы кіріс және шығыс төлемдерді, аударымдарды орындауға қабылдамайтын болады, деп хабарлайды "Bereke Bank" АҚ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, 2023 жылғы 20 ақпаннан бастап Банк серіктестің банкі "Сбербанк" ЖАҚ болып табылатын келісімшарттарды валюталық бақылауға қабылдауды тоқтатады.

Банк серіктес банкі Ресей Федерациясының халықаралық экономикалық санкциялар ықпалында емес кез келген басқа банкі болатын келісімшарттарды валюталық бақылауға қабылдауды, кіріс және шығыс төлемдерді, аударымдарды жүзеге асыруды жалғастырады.

Егер Сіздің келісімшарттарыңыз бойынша серіктестерге "Сбербанк" ЖАҚ-да қызмет көрсетілсе, Сізге деректемелерді халықаралық экономикалық санкциялар ықпалында емес кез келген басқа банктердің деректемелеріне өзгерту бойынша іс-шараларды алдын ала жүргізу қажет екеніне назар аударуыңызды сұраймыз. Банк барлық валюталық шарттар бойынша өзгертулерді рәсімдеу үшін комиссия алмайтынын хабарлаймыз", - деп хабарлады Bereke Bank-тің баспасөз қызметі.


Естеріңізге сала кетейік, "Bereke Bank" АҚ ресейлік "Сбербанктің" бұрынғы еншілес банкі болып табылады.

2022 жылдың қыркүйегінде "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі "Сбербанктің" қазақстандық еншілес банкін сатып алды. Банк атауы "Bereke Bank" АҚ болып өзгертілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны