Аталған бағыттардың әрқайсына толығырақ тоқталып өтейін. Жаңа өндірістерді қолдауда мемлекеттік даму институттарының рөлі зор. 2022 жылдан бастап, жеңілдетілген несиемен 116 жоба қаржыландырылды. Бұл мақсатқа бюджеттен 500 миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп, ол нарықтан тартылған қаражатпен қосылу арқылы 700 миллиард теңгеге дейін артты. Нәтижесінде радиаторлар, автокомпоненттер, шұлық бұйымдары, лак-бояу және геосинтетикалық материалдар өндірісі іске қосылды.
Самұрұқ-Қазына" қорының сатып алуларында келісімшарт жасау тетіктері күшейтілген. Нәтижесінде, 10 айда Қор компаниялары отандық өндірушілермен 1,9 трлн теңгеге ұзақ мерзімді шарт пен оффтейк-келісімшарттар жасады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есеге артық.
Саланы цифрландыру негізгі 2 бағыт бойынша іске асырылуда. Біріншісі - өндірістің цифрлық трансформациясы. Бұл бағыт өндіріске тікелей цифрлық шешімдерді енгізуді қамтиды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша цифрлық технологияларды енгізген кәсіпорындардың үлесі 12,9%-дан 19%-ға өсіп, саны 1000-нан асты. Киберқауіпсіздік құралдары 246 кәсіпорында, Сloud технологиялары 142, жасанды интеллект шешімдері 72 кәсіпорында енгізілді. Ал өнеркәсіптік роботтар 48 өндірісте жұмыс істеуде. Егер салалар бойынша қарастырсақ: тау-кен металлургия саласында роботтардың виртуалды көшірмелері, өндіріс алаңдарынан жиналған үлкен деректерді өңдеу, компьютерлік көру технологиялары және роботтанған жабдықтар қолданылады. Химия өнеркәсібінде ресурстарды жоспарлау жүйелері, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары қарқынды енгізілуде. Машина жасауда виртуалды оқыту жүйелері, бөлшектерді 3D-сканерлеу және жасанды интеллект технологиялары қолданылады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жасанды интеллект технологияларын енгізу жол картасы әзірленді. Осы Жол карта шеңберінде "СарыаркаАвтоПром", "Қазфосфат", "Qarmet", "Қазцинк", ERG сияқты ірі кәсіпорындарда 41 жоба жүзеге асырылуда", - деді ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, келесі жылға басты жұмыс бағыттары айқындалды. Арнайы экономикалық аймақтар бойынша басқару процестерін цифрландыруға, жобаны іріктеу критерийлерін нақтылауға және қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталады. Ішкі нарықта өңделетін шикізатты түрлерін кеңейту және оның экспортына қатысты заңнаманы жетілдіру жоспарлануда. Сонымен қатар, ірі кәсіпорындар тарапынан ішкі қосылған құнды дамыту бағдарламасының әзірленуі мен орындалуына бақылау күшейтіледі. Саланың қарқынды цифрлануына байланысты, профильді министрліктермен бірлесіп кәсіпорындар мен оқу орындарының дуалды білім беру механизмі арқылы сұранысқа ие инженерлік-техникалық кадрларды даярлау жұмысы жалғасады", - деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

