31.03.2021, 18:56 12558

ҚДКБҚ депозиттер бойынша мамыр айына максималды мөлшерлемелерді жариялады

Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі деңгейінің сақталуына байланысты қысқа мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды.
НҰР-СҰЛТАН. 31 НАУРЫЗ - Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың мамыр айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекіткен, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі деңгейінің сақталуына байланысты қысқа мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды. 
 
Мөлшерлемелері нарыққа тәуелді 24 айға арналған жинақ салымдарды қоспағанда, ұзақ мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелер де өзгерген жоқ.
 

Ал 24 айға арналған жинақ салымдар бойынша мөлшерлемелердің шамалы азаюы олар бойынша нарықтық мөлшерлемелердің теріс серпінінің сақталуына байланысты орын алды", - деп атап өтті қорда.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны