13.09.2022, 14:56 14976

Елімізде дәнді дақылдар алаңының шамамен 70% жиналды

Елімізде дәнді дақылдар алаңының шамамен 70% жиналды
НҰР-СҰЛТАН. 13 ҚЫРКҮЙЕК - Бүгінгі күні республиканың барлық облыстары бойынша егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, 11,3 млн га астық жиналды - бұл жоспардың 69,8 % құрайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, 12 ц/га орташа өнімділікте 13,5 млн тонна астық бастырылды (2021 жылы осы мерзімде орташа өнімділік 8,9 ц/га құраған болатын).
 

Оның ішінде, майлы дақылдар 337,5 мың га алқапта жиналды. Жалпы жоспардың 10% орындалып, 220,6 мың тонна бастырылды. Сондай-ақ 66,5 мың га алқаптағы картоп жиналды, бұл жоспардың 34%. Жиналған өнім 1,4 млн тонна. Бұған қоса 113,1 мың гектардан 3,2 млн тонна көкөніс жиналды немесе бұл жалпы алаңның 66% құрайды", - деп хабарлады ведомстводан.

 
Қазақстан Еуропаға бидай жеткізуді екі есеге арттырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны