02.09.2025, 18:11 66916

Елімізде инфляцияның өсімі 12,2% құрады

Елімізде инфляцияның өсімі 12,2% құрады
Сурет: Depositphotos
2025 жылғы тамызда тұтыну бағалары индексінің айлық деңгейі 1% болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Inform.kz.

Азық-түлік тауарларынан бағаның пиязға 25,9%, картопқа - 21,9%, сәбізге - 16,5%, қызылшаға - 13,8%, қызанаққа - 13,7%, жүзімге - 11,9%, қырыққабатқа - 7,6%, бананға 4,1% төмендеген. Керісінше баға шоколадқа - 3,8%, кофеге, лимонға - 2,6%-дан, қарақұмық жармасына - 1,9%, кілегейге 1,4% өскен.

Азық-түлік емес тауарлардан ағымдағы жылдың тамыз айында ас үй плитасы - 6,3%, тоңазытқыш 2,6% арзандаған. Зергерлік бұйымдар мен сағат - 1,6%, жеке тұтыну тауарлары 0,8% қымбаттаған.

Әуе жолаушылар көлігі қызметтеріне баға 11,3% төмендеді, ал стоматологиялық қызметтер 1% жоғарылады.

2025 жылғы тамызда жылдық мәнде инфляция 12,2% құрады.

Жылдық көрсеткіште күріш - 8,5%, кептірілген өрік - 3,4%, қарақұмық жармасы 2,5% арзандады. Кептірілген жемістер мен жаңғақтар 2,3% қымбаттады.

Азық-түлік емес тауарларынан баға тоңазытқышқа - 24,5%, электрлі шәйнекке 25,7% төмендеді. Баға деңгейі ас үй керек-жарақтарына - 5,9%, үтіктеу тақтайына - 5,8%, электрлі ет тартқышқа 3,1% жоғарылады.

Баға 2024 жылғы тамызбен салыстырғанда аяқ киім жөңдеу қызметтеріне - 9,4%, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсетуде 7,1% жоғарылады. Жаттығу залдарының қызметтері - 9,3%, бассейн қызметтері 10% қымбаттады.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары - барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі - 40,0%, азық-түлік емес тауарлар - 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны