Біз Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур секілді өсудің рекордтық қарқынына қол жеткізген елдердің тәжірибесін зерттедік. Мұнда мемлекет өсу нүктелері мен стратегиялық бағыттарды 5-10 жыл ілгері анықтауға қатысқан екен", - деді ол.
Біз бизнестің орынын баспаймыз, керісінше онымен бірге жұмыс істейміз. Қосылған құнды кәсіпкерлер жасайды, прогрестің қозғаушы күші де солар болмақ. Ал біз отандық және шетелдік компанияларға олардың тәжірибесін, технологиясы мен капиталын тарту үшін жүгінеміз. Инвестициялық дамудың негізгі бағыты саналатын - астықты терең және орташа өңдеу, металлургия, мұнай-химия сынды тағы да басқа салалардағы жетекші компаниялардан шетелдік чемпиондардың тізімін жасақтаймыз. Олармен қазақстандық жобаларға қатысуы үшін келіссөздерге бастама жасаймыз. Олардың салған инвестициясы, жасаған сараптамасы, сала мен технологияны бүге-шігесіне дейін білетін біліктілігі бізге осы жобаларды сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз", - деп атап өтті Арман Қасенов.
Проактивті экономикалық өсудің жаңа саясаты дегенде біз терең сараптаманы қажет ететін ірі жобалар туралы айтып отырмыз. Даму бағыттарын бір құрылымға келтіріп, ірі жобаларды басқаруда жоғары құзыретке ие мамандардан тұратын инвестициялық қызметті, яғни Investment board құруды жоспарлап отырмыз. Олар анағұрлым тиімді даму жолын сілтеп, экономикамыздың бағыттары мен тиісті жобаларды айқындайтын болады", - деп түсіндірді Серік Жұманғарин.
Мұндағы логика мынада сияқты: банктер арқылы несие беру инфляцияның сөзсіз өсуіне әкеледі. Өйткені банк жүйесі - инфляциялық процестерді жүзеге асырудың негізгі механизмі. Сөйте тұра, бүгінде ЖІӨ-нің өсуіне осы тұтынушылық несиелендіру елеулі үлес қосып отыр. Одан бөлек, инвестициялық қызметті қалыптастыру жоспарлануда, оған приоритетті жобаларды айқындайтын қатысушылар кіреді. Мәселе қаржыландырудың нақты тетігін таңдауда болып тұр. Мұндай детальдар процесс барысында пысықталмақ", - деді ол.
Бүгін біз ЖІӨ-нің $450 млрд-тық мақсатты деңгейіне қалай жетуге болатынын талқыладық. Инвестицияны молынан тартпай, оған қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан Ұлттық экономика министрлігі айтып отырған мемлекеттің инвестициялық саясатқа анағұрлым белсенді қатысуға көшуі туралы ұсынысы дәлелді және уақтылы нәрсе", - деді ол.
Ең бастысы, мемлекет бастамашылық ететін жобалардың түсінікті экономикалық моделі, іріктеу мен сүйемелдеудің ашық тетігі болуы тиіс. Сонда мұнда жеке капиталды халықаралық деңгейде де таруға болады. Онсыз экономикалық өсім бюджеттік қаржыландыру шеңберімен шектелеіп қалады", - деп атап өтті сарапшы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

