Система Orphus

Энергетика министрлігі: Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы Ресейдің энергия көздері есебінен жабылды

22.12.2021, 17:49 45981
Энергетика министрлігі: Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы Ресейдің энергия көздері есебінен жабылды
НҰР-СҰЛТАН. 22 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанның тапшылығын жабу үшін Ресейден қанша электр энергиясын импорттағанын айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Энергетика министрлігінің басшысы қазан-қараша айларында 0,25 млрд кВтсағ көлемінде электр энергиясының тапшылығы байқалғанын еске салды. Бұл тапшылық Ресей Федерациясының энергия көздері есебінен өтелді.
 
Мырзағалиевтің айтуынша, электр энергетикасы саласына келетін болсақ, 2021 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру 112,3 млрд кВтсағ деңгейінде күтілуде. Тұтыну көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 6,3%-ға өсті.
 
Сонымен қатар, ол 2030 жылға қарай электр энергиясын өндіруді 141,2 млрд кВтсағ-қа дейін ұлғайту жоспарланғанын мәлімдеді.
 

Осылайша, экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін жабу мақсатында 11 ГВт өндіруші қуаттарды енгізу жоспарлануда. Бұған жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғырту және жаңа станциялар салу, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін іске қосу арқылы қол жеткізілетін болады", - деді Энергетика министрі.

 
Генерация секторын дамыту шеңберінде жұмыс істеп тұрған электр станцияларын іске қосу және жаңғырту бойынша бірқатар жобаларды іске асыру жоспарлануда. 
 
  • Біріншіден, Ақтөбе жылу электр орталығында кәдеге жаратушы қазандығы бар, қуаты 57 МВт газ турбиналы қондырғысын салу көзделген. Жобаның құны 21,7 млрд теңгені құрайды. 
  • Екіншіден, Екібастұз 1-ші станциясында құны 110,5 млрд теңге болатын №1 энергия блогын қалпына келтіру жоспарланып отыр. Оның қуаты 500 МВт көлемінде болады. 
  • Үшіншіден, Екібастұз 2-ші станциясын қуаты 636 МВт, құны 450 млрд теңге болатын №3 энергия блогын орнату арқылы кеңейту және реконструкциялау жоспарлануда.
 

Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай жиынтық белгіленген қуаты 1 100 МВт-тан асатын қосымша қуаттарды іске қосу қамтамасыз етілетін болады", - деп сендірді министр.

 
Бұған қоса, Екібастұз 2-ші станциясында 4 және 5 блоктарын салу мәселесі қарастырылуда.
 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Біртұтас энергия жүйесінің Оңтүстік аймағында 2026 жылға дейін жаңа генерацияны іске қосу бойынша 7 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олардың жалпы қуаты 3 050 МВт-ты, құны 1,5 трлн теңгені құрайды", - деді спикер.

 
2021 жылдың қорытындысы бойынша республикада жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясының үлесі 3,3% деңгейінде күтілуде.
 

Ағымдағы жылы жалпы қуаты 392 МВт болатын 19 объекті іске қосылды. Қазірде жұмыс істеп тұрған жаңартылатын энергия көздері объектілерінің саны 134 бірлікті құрайды. Олардың жалпы белгіленген қуаты 2 мың МВт-тан асты", - деп нақтылады Мырзағалиев.

 
2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 15% дейін ұлғайту күтілуде. 
 

Индикаторға қол жеткізу үшін шамамен 7 ГВт жаңа қуаттарды қосымша енгізу талап етіледі. Оларға тартылатын инвестициялар көлемі 3 трлн теңгеден асатын болады. Жалпы, отын-энергетика кешені саласында жалпы сомасы 29,8 трлн теңге болатын 157 жобаны іске асыру жоспарланған", - деп қосты министр.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны