11.10.2022, 14:43 21921

Энергетика министрлігі: КҚК қазан айында толық жұмыс істейді

Қашағанда мұнай өндіру көлемі 8,7 млн тоннаны немесе осы жылдың жоспарына 83%-ды құрады.
Энергетика министрлігі: КҚК қазан айында толық жұмыс істейді
Сурет: cpc.ru
Астана. 10 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр консорциумының барлық жеке орнатылған айлақтарының жұмысы қазан айында қалпына келтірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
 

Бүгінде Каспий құбыр консорциумында жеке орнатылған 3 айлақ құрылғысының біреуі ғана жұмыс істейді. Қашағандағы жөндеу жұмыстарына байланысты Каспий құбыр консорциумының жеке орнатылған бір айлақ құрылғысының жұмысы қазіргі көлемдер үшін жеткілікті. Каспий құбыр консорциумы осы жылдың қазан айында толық жұмыс істей бастайды деп күтілуде", - деді Энергетика министрлігінің басшысы Үкімет отырысында.

 
Ақшолақов, сонымен қатар, Қашағанда мұнай өндіру көлемі 8,7 млн тоннаны немесе осы жылдың жоспарына 83%-ды құрағанын хабарлады.
 

Бұл көрсеткіштің төмендеуі "Болашақ" зауытындағы газ бөлу қондырғысының биылғы жылдың тамыз айында істен шығуына байланысты болды... Бүгінде кен орны өз қуатының жартысына ғана жұмыс істейді", - деп түсіндірді министр.

 
Жедел деректер бойынша, биылғы қаңтар-қыркүйекте мұнай және конденсат өндіру көлемі 61,9 млн тоннаны немесе 2021 жылдың ұқсас кезеңіне 99%-ды құрады.
 

Мәселен, Теңіз кен орнында аталған кезеңде 21,5 млн тонна мұнай өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 113,6%-ды құрайды. Қарашығанақ кен орнында мұнай өндіру көрсеткіші 8,5 млн тоннаны немесе өткен жылдың ұқсас кезеңіне 100%-ды құрады", - деді энергетика министрі.

 
Болат Ақшолақовтың айтуынша, осы жылдың 9 айында мұнай экспорты 46,8 млн тоннаны немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 96%-ды құрады. Биылғы қаңтар-қыркүйекте газ өндіру көлемі 39,4 млрд текше метр газды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 100,6%-ды құрады.
 
Тауарлық газ өндіру көлемі 21,1 млрд текше метрді құрады, бұл жоспарлы көрсеткіштен 6,6%-ға артық. Тауарлық газды ішкі тұтыну 12,7 млрд. текше метрді немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,6%-ды құрады. Газ экспорты 4,6 млрд текше метрді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 66,7%-ды құрады.
 

Өздеріңіз білетіндей, экспорттан бұрын ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету басымдық болып табылады. Ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 1,27 млн тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95,5%-ды құрады", - деді энергетика министрі.

 
Оның айтуынша, осы жылдың қаңтар-қыркүйегінде 11,1 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді немесе бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,8%-ды құрады.
 
Осылайша, мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру көлемі ұлғайтылды, оның ішінде:
 
- автобензин бойынша 3,7 млн тонна, немесе 105,9%;
 
- дизель отыны бойынша 4 млн тонна, немесе 108,3%;
 
- авиаотын бойынша 517 мың тонна немесе 119,1%;
 
- мазут бойынша 2,1 млн тонна немесе 117,3%.
 
Бұған қоса, өңірлерде жанар-жағармай тапшылығына және бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша бірқатар шаралар қабылданды, деп атап өтті ол.
 

2023 жылдың қаңтарына дейін жанар-жағармай құю станцияларындағы әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерінің шекті бөлшек сауда бағалары ұзартылды. Шекара маңындағы елдерге дизель отынын әкетуге жол бермеу мақсатында оның бағасы сараланып, автожанармай құю станциялары арқылы дизель отынын өткізуді есепке алудың электрондық жүйесі іске қосылды", - деді министр.

 
Оның айтуынша, өңірлерде қалдықтарды мониторингтеу және шалғайдағы елді мекендердегі жанармай станцияларына мұнай базаларындағы жанар-жағармай материалдары көлемін бөлу бойынша шешімдер қабылдау үшін өңірлік комиссиялар жұмыс істейді.
 
Жыл соңына дейін мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен экспорттауға тыйым салу ұзартылды.
 

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жанар-жағармай материалдары нарығын реформалау, оның ішінде өнімсіз делдалдарды жою жөнінде шаралар кешені қабылданды. Жыл соңына дейін тиісті заңнамалық нормалар қабылданатын болады", - деді министр.

 
Оның мәліметінше, биылғы қаңтар-қыркүйекте битум өндіру көлемі 707 мың тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 87,1%-ды құрады (жоспарға – 81,6%).
 

Өндірістің төмендеуінің негізгі себебі – "Qazaq Bitum" компаниясында битумның жоғары бағасымен байланысты. Импорттық шикізаттың қымбат болуына байланысты битум бағасы басқа өндірушілермен салыстырғанда 2 есе жоғары", - деп түсіндірді Болат Ақшолақов.

 
Ішкі сұранысты толық жабу мақсатында мынадай шаралар:
 
- битум бағасының нарықтық конъюнктурасын ескере отырып, жол-құрылыс жұмыстарын жоспарлау;
 
- уәкілетті органдар тарапынан жол-құрылыс ұйымдарына аванс беру және/немесе жыл бойы қаржыландыру мәселесі, оның ішінде бір жыл бойына битум сатып алу рәсімін жүзеге асыру үшін "ҚазАвтоЖол" АҚ-ны бірыңғай оператор ретінде айқындау;
 
- тұрақты өткізуді қамтамасыз ете отырып, қыс айларында мұнай өндеу зауыттарын мұнаймен жүктеу арқылы битум өндіру көлемін ұлғайту мәселесі пысықталуда.
 
Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында КҚК жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін екі жеке орнатылған айлақты уақытша пайдаланудан шығарды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны