28.06.2021, 19:33 18395

Көпбалалы отбасыларға 116,9 млрд теңге көлемінде жәрдемақы төленді

2021 жылғы қаңтардан мамырға дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 116,9 млрд. теңгеге орта есеппен 443,2 мың отбасы қамтылды.
НҰР-СҰЛТАН. 28 МАУСЫМ - Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 116,9 млрд. теңгеге жәрдемақы алды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2021 жылғы қаңтардан мамырға дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 116,9 млрд. теңгеге орта есеппен 443,2 мың отбасы қамтылды. 2021 жылғы мамырда жәрдемақының бұл түрін 445,7 мың отбасы жалпы сомасы 24,1 млрд. теңгеге алды.
 

Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлемдердің мөлшері балалар санына байланысты сараланған: 4 балаға – 46 760 теңге, 5 балаға – 58 457 теңге, 6 балаға – 70 154 теңге, 7 балаға – 81 852 теңге, 8 балаға – 93 344 теңге, 9 балаға – 105 012 теңге, 10 балаға – 116 680 теңге, 11 балаға – 128 348 теңге, 12 балаға – 140 016 теңге, 13 балаға – 151 684 теңге, 14 балаға – 163 теңге 352 теңге, 15 балаға – 175 020 теңге, 16 балаға – 186 688 теңге", - деп нақтылады баспасөз қызметінде.

 
Еске сала кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілген болатын.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Мәжіліс депутаты Айжан Сқақова жәрдемақы мен төлемдердің барлық түрлерін жойып, 18 жасқа дейінгі әрбір балаға бір әмбебап жеткілікті жәрдемақы енгізуді ұсынған болатын. Сондай-ақ, депутаттар Қазақстанда аналық капиталды енгізуді ұсынды, бірақ Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов олардың сұрауына жауап ретінде Қазақстанда аналық капиталды неге енгізбейтінін түсіндірді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны