
Сурет: Depositphotos
2025 жылдың желтоқсандағы айлық инфляция деңгейі 0,9% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы - 1,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі - 0,7%, ақылы қызметтер 0,6% өсті.
Ұлттық статистика бюросының
мәліметінше өткен айда апельсин бағасы 2,6%, сәбіз- 2%, қант- 1,3%, жұмыртқа 0,1% төмендеді. Алконцентратталған сүт- 2,1%, қатты ірімшік- 1,8%, көкөніс шырындары 1,6% қымбаттады.
Жекелеген дәрі-дәрмектердің бағасы төмендеді: супрастин - 18,5%, энап - 5,2%, канефрон - 1,4%, йодомарин мен азитромицин - әрқайсысы 0,9%-дан. Автомобильдер - 0,4%, электр құралдары 0,9% арзандады. Смартфондар - 0,9%, жеке гигиена тауарлары 1,1% қымбаттады.
Коммуналдық қызметтер арасында су бұру тарифтері 2,4%, суық су - 0,9% төмендеді. Бір ай ішінде такси қызметтері 1,8%, моншаға бару - 2,1%, кинотеатр қызметтері - 2,9% қымбаттады.
2025 жылғы жылдық инфляция 12,3% құрады. Желтоқсанда азық-түлік тауарларының жылдық деңгейі - 13,5%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі - 11,1%, ақылы қызметтердікі 12% өсті.
Азық-түлік тауарлары арасында жылдық мәнде баға қызанаққа - 7,9%, күрішке - 4,8%, қиярға - 4,7%, тәтті бұрышқа - 2,7%, кептірілген өрікке 2% төмендеді. Керісінше жүзім - 7,7%, көк шай бағасы 7,9% өсті.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында аяқ киімге жағатын крем бағасы 10,8%, сантехникалық қоспалауыш - 8,5%, электр бұрғысы 6,6% қымбаттаған.
2025 жыл ішінде тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық су тарифтері 13,1% төмендеді. Аяқ киім жөндеу бағасы - 10,1%, пошта қызметтері - 8,9%, автосақтандыру 6,5% өсті.
Өңірлер арасында жылдық инфляцияның төмен деңгейі Алматы қаласы мен Қостанай облысында - 11,7%, сондай-ақ Абай, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды - 11,8% деңгейінде.
*2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі - 40%, азық-түлік емес тауарлар - 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары - барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.
*2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі - 40,0%, азық-түлік емес тауарлар - 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.