25.12.2025, 17:18 1946

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысын Үкімет тарапынан Ұлттық экономика министрлігі қадағалайды

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысын Үкімет тарапынан Ұлттық экономика министрлігі қадағалайды
Сурет: Depositphotos
Отырыс барысында "Қазақстан фарммединдустрия" фармацевтикалық және медициналық өнім өндірушілер қауымдастығының президенті Руслан Сұлтанов шикізат пен субстанциялардан дайын дәрі-дәрмек, медициналық бұйым, қызметке дейінгі тізбектің барлық кезеңінде денсаулық сақтау саласына бірыңғай 5% ҚҚС мөлшерлемесін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ол 2026 жылдан бастап медициналық өнімге салық салу жүйесі көп деңгейлі және күрделі болатынын атап өтті:

  • шикізат пен жабдық - 16% ҚҚС;
  • ТМККК және МӘМС аясындағы дәрі-дәрмек - 0%;
  • дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар импорты және өткізу - 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10%.

Саладағы мұндай үлгі отандық препараттардың әкімшілік шығыны мен құнын арттырады. 5% ҚҚС бірыңғай мөлшерлемесі әкімшілендіруді жеңілдетуге, тең бәсекелестік жағдайына және бағаның өсуін тежеуге мүмкіндік береді. Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексін енгізудің алғашқы нәтижесі белгілі болған соң, 2026 жылғы екінші жартыжылдықта бұл мәселені қайта қарауды ұсынды.

Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары тізбесін кеңейту, оның шағын және бөлшек бизнес қызметіне, сондай-ақ импорттық өнім бағасына әсерін талқылады. Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті бизнестің бірқатар ұсынысын ескергені атап өтілді. Олар - логистика мен сақтауға жұмсалатын шығыстар шегерімге енгізіліп, ӘМАТ-тағы жаңа позициялар тізбесі қысқартылды. Мал шаруашылығын дамыту, мұнай сервистік компанияларда жұмыспен қамту, өңдеу өнеркәсібіндегі тариф белгілеуде сараланған тәсіл енгізу мүмкіндігі өз алдына бөлек қарастырылды.

Отырыс қорытындысында Үйлестіру кеңесінің жұмысын Үкімет тарапынан Ұлттық экономика министрлігі қадағалайтыны туралы шешім қабылданды. Барлық айтылған ұсыныс, проблемалық мәселе түйінделіп, мүдделі мемлекеттік органдардың, "Аманат" партиясы мен "Атамекен" ҰКП-ның қатысуымен одан әрі пысықтауға Үкіметтің бақылауына алынады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны