10.11.2021, 21:00 41179

KEGOC Қазақстанның энергетика жүйесіндегі тұрмыстық және әлеуметтік маңызы бар нысандарға шектеулер жоқ екенін мәлімдеді

"2021 жылғы 10 қараша күнгі сағат 09:00-дегі жай-күй бойынша Қазақстанның энергия жүйесінде тұрмыстық, әлеуметтік маңызды объектілерді шектеулер болмаған".
KEGOC Қазақстанның энергетика жүйесіндегі тұрмыстық және әлеуметтік маңызы бар нысандарға шектеулер жоқ екенін мәлімдеді
Сурет: ашық көздерден
НҰР-СҰЛТАН. 10 ҚАРАША - "KEGOC" АҚ Қазақстанның энергетика жүйесіндегі тұрмыстық және әлеуметтік маңызы бар нысандарға шектеулер жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "KEGOC" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021 жылғы 10 қараша күнгі сағат 09:00-дегі жай-күй бойынша Қазақстанның энергия жүйесінде тұрмыстық, әлеуметтік маңызды объектілерді шектеулер болмаған", - деп хабарлады компанияда.

 
Естеріңізге сала кетейік, Энергетика министрлігінде қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының, Дата-орталықтар мен технологиялардың блокчейн және индустрия қауымдастығының, сондай-ақ ҚР ЦДИАӨМ және "KEGOC" АҚ өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Тараптар цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды электрмен жабдықтау мәселелерін талқылады.
 
Кездесу қорытындысы бойынша Бірлескен хаттамаға қол қойылды, оған сәйкес тараптар: 
 
- Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясы мен қуатының тапшылығы туындаған кезде халыққа, әлеуметтік объектілерге және электр энергиясын шектеуді енгізуге жол бермеу туралы; 
 
- теңгерімдеуші нарықты (demand-response) іске қосу туралы заңнамалық актіні қарауды және қабылдауды жеделдету; 
 
-электр энергиясын сатып алуға кепілдік бере отырып, "ақ" майнерлерге қатысты (off-take келісімшарттары) Қаржы-есеп айырысу орталығы арқылы жаңа ірі ЖЭК жобаларын дамыту үшін инвестициялар тарту туралы келісті. 
 
Тараптар электр энергиясы нарығын тұрақтандыруға және жаңа индустрия ретінде цифрлық майнингті дамыту үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендігін білдірді. 
 
 
Толықтырылды: 4 қарашада "KEGOC" АҚ компаниясы қазіргі уақытта Қазақстан БЭЖ-інде электр энергиясы мен қуаты теңгеріміне байланысты күрделі жағдай сақталып отырғанын хабарлады. Бұл электр энергиясын тұтынудың жоғары қарқынмен өсуіне байланысты болып отыр. 2021 жылдың өткен 10 айы ішінде 2020 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тұтыну көлемі Оңтүстік аймақ бойынша 11,6 %-ға, Солтүстік аймақ бойынша 5,7 %-ға және Батыс аймақ бойынша 7,5%-ға артқан. Ең жоғары жүктеме сағаттарында қуатты тұтыну өткен жылғы мәннен 1500 МВт-тан да асып тұр. Тұтынудың осылайша ауытқымалы өсуі ең алдымен цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұтынушылар үлесінің артуына байланысты. Қазіргі уақытта электр станцияларындағы энергия қондырғылардың ерәуір бөлігі авариялық және жоспардан тыс жөндеуде тұр. 
 
Нәтижесінде, суық ауа-райы жағдайында еліміздегі электр станцияларында авариялық жағдайлардың артуы мен тұтынудың нормативтен тыс өсуі Қазақстан БЭЖ тұтынушыларының нақты тұтыну көлемінің жоспарлы шамадан едәуір ауытқуына және Қазақстан БЭЖ жұмысының тұрақтылығы бұзылып, ірі көлемдегі жүйелі аварияның орын алуы қауіпіне әкеледі. 
 

"KEGOC" АҚ жүйелік оператор ретінде Қазақстан Республикасы БЭЖ-нің сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспардан тыс тұтыну болған жағдайда тұтынушылардың жекелеген санаттарына жоспарлы мәндерге сәйкес электр энергиясын тұтыну режимін сақтау бойынша шаралар қабылданатын болады", - деп хабарлады компанияда.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны