27.08.2022, 13:33 14941

Үкіметте Қазақстанға қосымша қант жеткізу туралы айтылды

Жыл соңына дейін Қазақстанға ЕАЭО елдерінен 168 мың тонна қант жеткізіледі.
Үкіметте Қазақстанға қосымша қант жеткізу туралы айтылды
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 27 ТАМЫЗ - Жыл соңына дейін Қазақстанға ЕАЭО елдерінен 168 мың тонна қант жеткізіледі, деп мәлімдеді Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Сонымен қатар, оның айтуынша, елімізде өндірілетін қант қызылшасы есебінен 45 мың тонна қант алу жаспарланған.

Вице-министр технологиялық жабдықтардың тозуына, зауыттардың несиелерінің көптігіне және айналым қаражатының тапшылығына, көрші елдер қолданатын баға демпингіне байланысты отандық зауыттардың жүктеме қуаттылығының төмендігі сақталып отырғанын айтты. Бұл ретте, Тамабек елімізде қант саласының табысты дамуы үшін негізгі алғышарттар бар екенін атап өтті.

ҚР Премьер-Министрі қантпен қамтамасыз ету бойынша жағдай тұрақталғанын атап өтті: қант қолда бар, қорлар толықтырылуда. Смайылов сондай-ақ қанттың ең төменгі бөлшек сауда бағаларын енгізуді ұсынды.




 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны