05.07.2023, 13:17 40386

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгейде қалдырды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгейде қалдырды
Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметінен.

Бағаның өсімі айтарлықтай баяулады. Инфляцияның жылдық, айлық мәндері төмендеп келеді. Алайда, инфляцияның тұрақты бөлігінде баяулау қарқыны әлі де әлсіз. Жанар-жағармай мен тұрғын үй коммуналдық қызметтер бағасының көтерілуіне қатысты жаңалықтарға байланысты инфляциялық күтулер өсуді көрсетіп отыр.

Азық-түлік құнының төмендеуі, сауда-серіктес елдердегі бағалардың баяу өсімі және орталық банктер тарапынан мөлшерлемелердің артуы инфляцияға сыртқы қысымды төмендетті. Бірақ ішкі факторлар бағалардың тұрақты төмен өсуіне әлі де кедергі келтіріп отыр. Ішкі факторларға инфляциялық күтулермен қатар тұрақты ішкі сұраныс пен фискалдық импульс те жатады", деп айтылған мәлімдемеде.


Осыны ескере отырып, біз алдыңғы айтылған риторикаға сәйкес шешім қабылдауда байыпты тәсілді ұстануды жалғастырамыз. Бүгінгі таңда біздің басты міндетіміз - инфляцияның тұрақты түрде төмендеуін қамтамасыз ету",- деді ҚР ҰБ Төрағасы Ғ.О. Пірматов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны