16.06.2021, 21:32 19575

Мәжіліс Армения мен Қырғызстанның электр энергиясы жөніндегі ЕАЭО шартына қосылуы туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады

Хаттамалар мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асырудың әдіснамасын айқындайды.
НҰР-СҰЛТАН. 16 МАУСЫМ - Парламент Мәжілісінің депутаттары 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты өзгерістер енгізу туралы хаттамаларды ратификациялау туралы екі заң жобасын қарап, мақұлдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Хаттамалар мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асырудың әдіснамасын айқындайды", - деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев атап өткендей, хаттамаларды ратификациялау Армения мен Қырғызстанның қосылуын ескере отырып, Одаққа мүше мемлекеттердің энергия жүйелерінің тиімді жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
 
Баға белгілеу және тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттамаға Армения мен Қырғыз Республикаларының қосылуын ескере отырып, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру халықаралық шарттың реттеу нысанасы болып табылады.
 
Бүгінгі таңда хаттамаларды Армения, Беларусь, Қырғыз Республикалары және Ресей ратификациялады.
 

Армения 2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған Армения Республикасының қосылуы туралы шарт шеңберінде барлық мүше мемлекеттер ратификациялаған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылды. 2015 жылғы 2 қаңтарда Армения Одақтың тең құқылы мүшесі болды. Қырғыз Республикасы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шарт шеңберінде барлық мүше мемлекеттер ратификациялаған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылды. 2015 жылғы 12 тамызда Қырғыз Республикасы Одақтың тең құқылы мүшесі болды", - деп хабарлады Энергетика министрлігі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны