21.12.2022, 17:09 31381

Мәжілісмендер банкроттық туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжілісмендер банкроттық туралы заң жобасын мақұлдады
Сурет: Depositphotos
Астана. 21 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - "Қазақстандықтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мен банкроттығын туралы" заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қазақстандық мәжілісмендер мақұлдады, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметі.

Заң жобасында соттан тыс банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы сияқты рәсімдерді регламенттеу көзделген:

  • Соттан тыс банкроттық рәсімін 1600 АЕК-ке дейінгі берешегі бар, меншігінде мүлкі жоқ (оның ішінде ортақ мүлік), 12 ай ішінде қарызын өтемеген тұлғалар пайдалана алады;
  • Соттың банкроттық рәсімі кезінде борышкердің мүлкі аукционда сатылымға шығарылады;
  • Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тәртібі борышкердің кірісі мен мүлкі болған жағдайда бес жылға дейінгі берешегін өтеу бойынша сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігін қарастырады.

Бұл рәсімдерден өту тек борышкердің бастамасымен жүргізіледі. Басқа тұлға, мемлекеттік орган немесе банк азаматты банкрот деп жариялай алмайды", - делінген ақпаратта.


Бұған дейін төменгі палата депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал мәселелері жөніндегі кеңесте жеке тұлғалардың банкроттық туралы Заңын әзірлеуге кірісуді тапсырған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны