23.12.2025, 19:05 38611
Олжас Бектенов өңдеу өнеркәсібінде ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша бірқатар кездесу өткізді
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер шеңберінде инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша бірқатар кездесу өткізді. Атап айтқанда, "Қазақстандық Шетелдік инвесторлар кеңесі" қауымдастығының басқарма төрағасы Ерлан Досымбековпен, Alstom Kazakhstan басқарушы директоры Жером Бойемен және Polpharma Santo ("Химфарм" АҚ) бас директоры Адам Алексеюкпен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазақстандық Шетелдік инвесторлар кеңесі" қауымдастығының басқарма төрағасымен кездесуде өзара іс-қимылдың ағымдағы мәселелері және инвестициялық компаниялармен сенімді диалогты одан әрі дамыту шаралары талқыланды. Еліміз үшін стратегиялық маңызға ие инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға баса көңіл бөлінді. Сондай-ақ Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы 38-ші жалпы отырысының дайындық барысына назар аударылды.
Alstom Kazakhstan басшылығымен келіссөздер темір жол машинасын жасау саласын дамыту мәселелеріне және "Электровоз құрастыру зауыты" кәсіпорнының дайын өнім экспорты нарығын кеңейту перспективаларына арналды. Бүгінгі таңда зауытта өндірісті локализациялау деңгейі 10%-дан 35%-ға дейін өсті.
Polpharma Santo бас директорымен фарминдустрия саласындағы инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысы қаралды. "Химфарм" АҚ дәрілік заттардың негізі болып саналатын қазақстандық белсенді фармацевтикалық ингредиенттердің 80-нен астам атауын шығаруды көздейді. Жоба Қазақстанның дәрі шығару өндірісіндегі тәуелсіздігін нығайтуға, саланың орнықты дамуы мен инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Польшалық Polpharma Group компаниясының Қазақстан экономикасына салған инвестициясының жалпы көлемі $130 млн-нан асады, 800-ден астам жұмыс орны құрылған. Компания портфелінде терапияның әртүрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармацевтикалық топты қамтитын 280-ден астам балама препарат бар.
Кездесулердің қорытындысы бойынша Премьер-министр салалық министрліктер мен жауапты ұйымдарға инвесторлар айтқан мәселелер мен ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
04.03.2026, 17:25 436
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба: 34 жоба жүзеге асыру сатысында
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны (ЭКСЖ) жүзеге асыру бойынша Жобалық кеңсенің отырысы өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қатысушылар жобаларды қаржыландыру, есепке алу құралдарын орнату және цифрлық шешімдерді енгізу, оның ішінде су жабдықтау саласындағы пилоттық жобалар туралы баяндады.
Бүгінгі таңда ЭКСЖ аясында расталған жобалардың жалпы сомасы 974 млрд теңгені құрайды. 34 жоба жүзеге асырылу кезеңінде, 130 жоба EPC-мердігерлерді айқындау сатысында. Тағы 145 жоба іріктеудің әртүрлі кезеңдерінен өтуде.
Ұлттық жобаны жүзеге асыруға әкімдіктерді тарту рейтингі қалыптастырылды. Оған дайындығы бойынша Алматы қаласы, Қарағанды және Алматы облыстары көш бастап тұр. Артта қалған өңірлер қатарында Маңғыстау мен Ұлытау облыстары бар.
ЭКСЖ шеңберінде кәріздік-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жұмыстары жалғасуда: 16 жоба толық жүзеге асыруға дайын, тағы 6 жоба пысықтау және әкімдіктер тарапынан түпкілікті шешім қабылдау сатысында.
Бәйтерек" холдингі мыңнан астам өтінімді қарады. Екінші кезеңде жалпы сомасы 300 млрд теңгеден асатын 144 жоба келісілді. Оның ішінде 89-ы - Қазақстанның даму банкі мен екінші деңгейлі банктер арқылы тікелей кредиттеу тетігі бойынша, 55-і - Қазақстандық тұрғын үй компаниясы арқылы мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу тетігі бойынша мақұлданды.
Су жабдықтау саласында заманауи есепке алу жүйелерін енгізу үшін есепке алу құралдарына қойылатын стандарттар әзірленді. Құжаттар Әділет министрлігінде тіркеуден өтуде.
ЭКСЖ электрондық сатып алу платформасының жұмысы бойынша байланыс орталығы (8 7172 99-94-36) ашылды. Іске қосылған сәттен бастап 800-ден астам өтініш тіркелді. Қазіргі уақытта ЭКСЖ-ның электрондық платформасын Bitrix жүйесімен интеграциялау аяқталуға жақын.
Отырыс барысында Қанат Бозымбаев желілердің ұзындығы, қаржыландыру көлемі және өңірлер бөлінісі бойынша нақты параметрлер көрсетілген ЭКСЖ-ны жүзеге асырудың бекітілген Жоспар-кестесіне қарамастан, жекелеген көрсеткіштер бойынша артта қалу фактілері бар екенін атап өтті. Әрбір көрсеткіш бойынша жауапты мемлекеттік органдар бекітілген. Вице-премьер нысаналы индикаторларға қол жеткізу туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынуды талап етті. Мерзімдердің созылуы жағдайында лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігі қаралатын болады.
Атап айтқанда, Ұлттық экономика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктеріне ТКШ Қазорталығымен және әкімдіктермен бірлесіп, 10 наурызға дейін ЭКСЖ-ның электрондық платформасында барлық конкурстарды жариялауды және EPC-мердігерлерді толық тіркеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу жүктелді.
Қаржыландыру мәселелері бойынша әкімдіктерге қысқа мерзімде мәслихаттармен бірлескен отырыстар өткізіп, мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару рәсімдерін жеделдету тапсырылды.
Қаржы министрлігіне "ҚТК" АҚ-мен бірлесіп, өтінімдер түскен сайын жобаларды сүйемелдеуді қамтамасыз ету жүктелді. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ айдың соңына дейін Дүниежүзілік банкті тарта отырып, кәріздік-тазарту құрылыстары жобаларын қаржыландыруды келісу жұмыстарын тездетуі тиіс.
Жобалық кеңсеге электрондық платформаның жұмысына қатысты барлық өтініштерге жедел ден қою және ЭКСЖ қатысушыларына сатып алудың барлық кезеңдерінде техникалық әрі консультациялық қолдау көрсету тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2026, 20:52 41006
346 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат және 1,2 млн кәсіпкер арнайы режимді таңдады
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің жетінші отырысында салық режимдерін таңдау бойынша деректер жарияланды. Кәсіпкерлер осы жылдың 1 наурызына дейін салық режимін таңдауға тиіс болатын, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режимді 346 мың адам таңдаған, оның ішінде 265 мыңы - көлеңкелі айналымнан шыққан жаңа қатысушылар. Еске салсақ, салық реформасының негізгі мақсатының бірі - еңбек нарығын заңдастыру және заңды түрде жұмыс істеу үшін қарапайым, түсінікті әрі қолжетімді жағдай жасау. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы режимнің басты артықшылығы, табысқа салық салынбайды және жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес. Бұл бұрын тіркеусіз жұмыс істеген азаматтардың заңды түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы режимді 1,2 млн кәсіпкер таңдады.
Жалпыға ортақ пайдалы қазбалар бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы (ПҚӨС)
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап, Бюджет кодексінің нормаларына сәйкес, жалпыға ортақ пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшық бойынша ПҚӨС түсімдері өндіру орны бойынша жергілікті бюджеттерге есептелуі тиіс.
Сонымен қатар Салық кодексінің нормаларына сәйкес жалпыға ортақ пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшық бойынша ПҚӨС жер қойнауын пайдаланушының орналасқан жері бойынша төленеді.
Бюджет және Салық кодекстерінің нормаларын үйлестіру қажеттілігіне байланысты тиісті өзгерістерді Салық кодексіне енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл өзгерістер қабылданғанға дейін 2025 жылғы IV тоқсан бойынша түсімдер жер қойнауын пайдаланушы тіркелген жерге (республикалық бюджетке) есептеледі. Ал 2026 жылғы міндеттемелерден бастап, өндіру орны бойынша (жергілікті бюджетке) бағытталады.
Корпоративтік табыс салығы (КТС) және табиғи монополиялар субъектілерінің нысаналы қаражаты
Отырыста табиғи монополиялар субъектілерінің нысаналы қаражатына КТС салу мәселесі де қаралды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тариф құрамына енгізілген пайда мен амортизация нысаналы сипатқа ие және тек инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға - инфрақұрылымды салу, жаңғырту және қайта құруға бағытталады. Бұл қаражат еркін пайда болып саналмайды.
Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 2025-2029 жылдары желілерді жаңарту бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Жаңа объектілер пайдалануға берілген кезде негізгі құралдардың құны мен амортизация көлемі артады. Бұл өз кезегінде КТС бойынша салық базасының ұлғаюына әкеледі.
Сонымен бірге КТС төлеуге арналған шығындар тарифте көзделмеген және өтелмейді. Бұл кәсіпорындарға қосымша қаржылық жүктеме түсіріп, олардың жаңғырту жобаларына қатысуын шектеуі мүмкін.
Осыған байланысты инвестициялық бағдарламалардың нысаналы қаражатына КТС салуға жол бермеу жөнінде бірыңғай тәсіл қалыптастырып, тиісті түсіндірме беру ұсынылды. Бұл инфрақұрылымды жаңартуды тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуге және тұтынушыларға түсетін жүктеменің өсуіне жол бермеуге арналған.
Сондай-ақ отырыста тау-кен металлургия саласы кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелерге салық нормаларын қолдануға қатысты мәселелер қаралды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.03.2026, 21:26 39411
Жедел штаб отырысында тыңайтқыштар мен көктемгі егіс жұмыстарына арналған жеңілдетілген дизель отынын жеткізу мәселелері қаралды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен көктемгі дала жұмыстары жөніндегі жедел штаб отырысында өңірлерді тыңайтқыштармен қамтамасыз ету жағдайы талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы еліміз бойынша 2,3 млн тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 500 мың тоннаға артық.
Жиын барысында келісімшарт жасауға және тиеп-жөнелту жұмыстары жеткілікті қарқынмен жүргізілмей жатқанына назар аударылды.
Әкімдіктердің нақты ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда 414 мың тонна тыңайтқыш жеткізуге шарттар жасалған, оның 187 мың тоннасы жөнелтілген. Егіс науқаны басталып кеткен оңтүстік өңірлерге небәрі 30 мың тонна бағытталған.
Барлық өңір тыңайтқыш өндірушілерге қаражатты уақтылы аударуға кіріспегені туралы да айтылды. Премьер-министрдің орынбасары жұмыс қарқыны төмен облыстардың есебін тыңдап, қаржылық мәселелер мен жеткізілімдерді жеделдетуді, фермерлерді белгіленген мерзімде қажетті көлемдегі тыңайтқышпен қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жеңілдетілген дизель отынымен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Егіс жұмыстарын жүргізу үшін литрі 281 теңге бағамен 402 мың тонна жанар-жағармай бөлінді. Өткен жылы жеңілдетілген баға литріне 254 теңгені құраған болатын. Бұрынғыдай шаруалар үшін дизель отынының құны нарықтық бағадан 15%-ға төмен.
Сондай-ақ аграрлық сала өкілдерінің өтініші бойынша көктемгі жұмыстарға арналған арзандатылған дизель отынын алдын ала - күз мезгілінен бастап, жеңілдетілген қаржыландырумен қатар бөлу мүмкіндігі қаралды. Премьер-министрдің орынбасары бұл мәселені Энергетика министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп пысықтауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.03.2026, 19:19 39626
Қазақстан Үкіметі мен Азия даму банкі $5,5 млрд-қа 15 жаңа жобаны жүзеге асыруға ниетті
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Азия даму банкінің (АДБ) президенті Масато Канда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген стратегиялық бағыттар шеңберінде инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мен инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында көлік және логистика, ТЖ, цифрлық технологияларды дамыту, тұрғын үй нарығы, "жасыл" қаржыландыру және тағы да басқа салалардағы жобалар талқыланды. Жасанды интеллект, дата-орталықтар салу, талшықты-оптикалық магистральдар жүргізу, көлік дәліздері мен кедендік рәсімдерді цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты дамыту әлеуеті атап өтілді. Қарағандыда кадрлар даярлау және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін 300 төсек орынға арналған университеттік аурухана салу бойынша МЖӘ жобасын жүзеге асыру барысы қаралды.
Премьер-министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі негізгі әріптестерінің бірі - Азия даму банкімен жан-жақты өзара іс-қимылға ерекше мән беретінін атап өтті. Ынтымақтастық сапалы өсімге және халықтың әл-ауқатын арттыруға баса назар аудара отырып, экономикалық дамуды трансформациялауға бағытталған.
Азия даму банкінің президенті Масато Канда қаржы секторының тұрақтылығын арттыруды қоса алғанда, Қазақстанның құрылымдық реформалар бойынша жүргізіп жатқан жұмысын жоғары бағалады, сондай-ақ экономика секторларын ауқымды түрде цифрландыруды қолдауға мүдделі екенін білдірді.
ҚР Үкіметі мен Азия даму банкі арасында 2026-2029 жылдар аралығында жалпы сомасы шамамен $5,5 млрд болатын 15 перспективалық жобаны жүзеге асыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат экономикада жаңа ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін мүмкіндік ашады. Атап айтқанда, өңірлік өзара байланыс, табиғи апаттарға төзімділікті арттыру, су ресурстарын басқару, ТКШ, ҚР тұрғын үй нарығын дамыту және тағы да басқа бағыттар бойынша бастамалар жоспарланған. Сондай-ақ АДБ жеке секторды, оның ішінде АӨК, көлік және логистика сияқты басқа да салалардағы жобаларды қаржыландыруды жалғастырады.
Сонымен қатар "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ пен Азия даму банкі арасында Сарыағаш қаласын айналып өтетін, ұзындығы 102 шақырым болатын жол салу жобасы бойынша келісімшартқа қол қойылды. Аталған жол Б. Қонысбаев атындағы өткізу пункті арқылы Өзбекстанға шығуды қамтамасыз етеді. Жаңа жол транзиттік ағынды елді мекеннен тыс жерлерге шығаруға мүмкіндік береді, бұл тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, автомобиль қатынасын жеделдетеді және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауданың тиімділігін арттырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.03.2026, 09:48 39746
Қазақстан жаңа жобаларға қажет 19 млн тонна көмірді өндіріс қуатын арттыру арқылы қамтамасыз етеді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров елдегі ірі көмір өндіруші компанияларымен кеңес өткізді. Жиында Президенттің V Ұлттық құрылтайда тапсырған міндеттерін орындау барысы талқыланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігнің баспасөз қызметінен.
Кездесудің басты тақырыбы - көмір генерациясын дамытуға арналған жаңа Ұлттық жобаны әзірлеу болды. Жоба 33 млрд тоннадан астам қоры бар көмірді Қазақстан үшін стратегиялық маңызды ресурс ретінде бекітуге бағытталған.
Вице-министрдің айтуынша, жоба тек электр энергиясын өндірумен шектелмейді. Жоба саланы кешенді дамытуға негізделеді. Осы арқылы инвестиция тарту, отын-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту, экологиялық технологияларды енгізу және кадрлық әлеуетті күшейту көзделіп отыр.
Қазіргі болжам бойынша, 2032 жылға қарай жаңа жобалар үшін энергетикалық көмірге деген сұраныс жылына 19 млн тоннадан асады. Сондықтан өндіріс қуатын жедел арттыру қажеттігі туындап отыр.
Кеңес барысында "Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығының" атқарушы директоры Николай Радостовец, "Богатырь Көмір" ЖШС бас директоры Евгений Мастернак және "Шұбаркөл Көмір" АҚ-ның өндіріс жөніндегі директоры Павел Чувашев баяндама жасады. Олар өндірістік қуатты ұлғайту жоспарларын ұсынып, саланы цифрландыру мен инвестициялық бағдарламаларға ерекше назар аударды.
Атап айтқанда, "Богатырь Көмір" ЖШС 2024 жылғы 42,7 млн тонна өндіріс көлемін 2026 жылға қарай 45,2 млн тоннаға дейін, ал 2032 жылға қарай 56,5 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. Компания 2032 жылға дейін ЦТТ (циклді-толассыз технология) нысандарын салуға, техника алуға және өндірісті жаңғыртуға 360 млрд теңге бағыттайды. Сонымен бірге, тиімділік пен қауіпсіздікті арттыру үшін ЦТТ-ның MES жүйесі және жүк ағындарын оңтайландыру құралдары енгізілуде.
Шұбаркөл Көмір" АҚ-та өндірісті ұлғайтуға дайын екенін мәлімдеді. Компания 2026 жылы көмір өндіру көлемін 16,1 млн тоннаға дейін арттыруды көздейді. 2026-2032 жылдарға арналған инвестициялық стратегия аясында 95,5 млрд теңге техникалық қайта жарақтандыруға және цифрлық технологияларды енгізуге бағытталады. Жоспарда ЦТАК-2 (циклді-толассыз аршу кешені) құрылысының екінші кезеңін іске асыру, 49,4 млрд теңгеге жабдықтар паркін жаңарту, сондай-ақ Hovermap жүйесін және роботтандырылған автоаударғыштарды (самосвал) енгізу қарастырылған.
Кеңесті қорытындылаған Ерлан Ақбаров жартылай вагондар паркін кеңейту мен теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуды қатар жүргізудің маңызын атап өтті. Бұл отын жеткізілімін тұрақты қамтамасыз етіп, елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2026, 20:16 45271
Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнім бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС-қа қатысты
Достарға айту
Жобалық кеңсенің Салық Кодексін енгізу мәселесі жөніндегі отырысының бірінде Салық кодексінің 2-тармағының 7) тармақшасына және 484-бабының 5-тармағына сәйкес, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу нәтижесі болып табылатын өнім бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС-ты 80 пайызға түзету мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ұлттық экономика министрлігі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 Заңының ережелерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу нәтижесі болып табылатын өнім экспортталған жағдайда аталған түзету қолданылмайтынын хабарлайды.
Мысалы, ұнды экспорттау кезінде ҚҚС-ты қайтару, ұн өңделген өнімге жататындықтан, салық заңнамасының талабын сақтай отырып, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен толық көлемде жүзеге асырылады.
Осылайша, жаңа Салық кодексінің ережесі бойынша қайта өңдеу өніміне салық салудың бұрын қолданылған тәртібі сақталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2026, 19:14 45486
Экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында химия өнеркәсібін дамыту мәселесі қаралды
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында химия өнеркәсібін дамыту мәселесі қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Негізгі кәсіпорындардағы болжамдар мен салымдар туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков баяндады. 2025 жылғы қорытынды бойынша салада 9,8% өсім бар. Өндіріс көлемі - 1,5 трлн теңге. Бұл 2024 жылғы деңгейден 41%-ға жоғары (1,1 трлн теңге). Өңдеу секторындағы химия өнеркәсібінің үлесі бір жыл бұрынғы 4,6%-ға қарағанда 5,2%-ға өскен. Жалпы, соңғы бес жылда сала тұрақты оң динамиканы көрсетіп отыр.
Кәсіпорындардың болжамына сәйкес, 2026 жыл соңында өнімнің барлық негізгі түрлері бойынша өсім болуы мүмкін, мәселен: аммофос - +3,8%, селитра - +8,2%, сары фосфор - +6,7%, полипропилен - +25,2%, күкірт қышқылы - +20,1%, натрий цианиді - +70,5%, хром оксиді - +0,6% , каустикалық сода - +10,4%.
Жаңа өндірістердің іске қосылуы да саладағы динамикаға үлес қосады.
Биыл "Еврохим" ЖШС-нің жаңа күкірт қышқылы зауыты қосымша 800 мың тоннадан астам күкірт қышқылын өндіруге мүмкіндік бермек. Екінші жартыжылдықта Жамбыл мен Түркістан облыстарында натрий цианидін өндірудің екінші кезеңін, сондай-ақ сутегі асқын тотығы мен натрий персульфатын өндірудің жаңа қуатын іске қосу жоспарлануда.
Саладағы оң динамиканы сақтау үшін жүйелік мәселелерді шешу қажет. Вице-министр Олжас Сапарбековтың айтуынша, техникалық күкіртке деген жоғары сұранысқа орай ішкі нарықты барынша қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілетті баға қалыптастыру тетігін әзірлеу үшін Энергетика министрлігімен және ҚазМұнайГазбен бірлесіп жұмыс істеу талабы туындап отыр. Жыл сайын шамамен 4 млн тонна күкірт өндіріледі десек, оның 10%-ы (400 мың тоннасы) ішкі тұтынуға кетеді. Ал 2030 жылға қарай кейбір кәсіпорынның қажеттілігі 2 млн тоннаға жетуі мүмкін. Бұл өндірісті кеңейту мен саланы дамытуға жаңа мүмкіндік береді.
Талқылауға Каустик, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК, ҚазАзот және Қазфосфат компанияларының өкілдері қатысып, саланы дамытудағы өзекті мәселелерді атап өтті.
Мәселен, Қазфосфат инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, 2029 жылға қарай тыңайтқыш шығаруды екі есе арттыруды жоспарлап отыр. Осы жоспар шеңберінде Тараз қаласында қуаты 800 мың тонна болатын күкірт қышқылы зауыты салынуда. Жаңатас қаласындағы химиялық кешенде 800 мың тоннадан екі цех құру көзделген. Өсуді қамтамасыз ету үшін шикізат базасын нығайту қажеттігі атап өтілді.
Бизнес өкілдері көтерген тақырыптардың ішінде электр энергиясы бағасын белгілеудің ашықтығы, өйткені, олардың нақты құны бір-екі айдан кейін ғана белгілі болады, сондай-ақ жаңа өндірісті іске қосуды күрделендіре түсетін прекурсорлар айналымын лицензиялаудағы қиындықтар бар.
Вице-премьер кеңес соңында бейінді мемлекеттік органдарға бизнес көтерген мәселелерді пысықтауды, соның ішінде кәсіпорындарға өндірісті жоспарлау үшін тарифті тәуліктің қараңғы және жарық уақыттары бойынша саралау мүмкіндігін беруді, ішкі нарықты күкіртпен қамтамасыз етуде бәсекелес бағамен артықшылық беру тетігін әзірлеуді, толлингтік операциялар бойынша түзетулер енгізуді жеделдетуді және ұлттық режимнен алып тастау нормасын ұзарту жөнінде ұсыныс дайындауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2026, 18:09 45691
Олжас Бектенов Ресей Федерациясының Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевпен шекара маңындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясының Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевті қабылдады. Кездесу барысында сауда, өнеркәсіптік кооперация, көлік-логистикалық инфрақұрылым саласындағы өңіраралық өзара іс-қимылдың, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазақстан-Ресей қатынастарын дамытудың негізгі факторларының бірі ретінде шекара маңы ынтымақтастығының рөлі атап өтілді. Орынбор облысы - Қазақстанның маңызды серіктесі және елеулі көлік-логистикалық торабы. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан өңірлерінің Орынбор облысымен тауар айналымы 2024 жылмен салыстырғанда 11,2%-ға ұлғайып, $627 млн-ды құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
04.03.2026, 10:54Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады 04.03.2026, 14:31 196136Қазақ мәдениеті Үндістанда халықаралық фестивальде таныстырылды04.03.2026, 15:34 195891Астанада ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының өкілдерімен референдумды байқау мәселелері бойынша кездесу өтті04.03.2026, 16:45 195661Қазақстан СІМ-де бірқатар мемлекеттердің елшілерінен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылданды04.03.2026, 19:41 195411Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың брифингі
04.03.2026, 10:54 233466Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады26.02.2026, 22:48 229716Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты26.02.2026, 23:25 229196Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 17:47 229191Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 229151Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда

