06.01.2026, 18:40 14471

Олжас Бектенов экономика үшін елеулі нәтиже беретін нақты цифрлық шешімдерге назар аударуды тапсырды

Олжас Бектенов экономика үшін елеулі нәтиже беретін нақты цифрлық шешімдерге назар аударуды тапсырды
Сурет: Depositphotos
Мемлекет басшысының экономиканың барлық салаларына цифрлық шешімдерді енгізу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында осы шешімдердің елеулі практикалық әсерін қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы инфрақұрылымды дамыту отандық экономиканы нақты трансформациялау ісінде басты рөл атқарады. Бүгінгі таңда күнделікті өмірде кеңінен қолдануға арналған шешімдер жетіспейді. Компаниялар жаңа прототиптерді ұсынумен ғана шектелмей, оларды толық аяқтап, іс жүзінде қолдануға дейін жеткізуі керек. Цифрландыру экономикамен және күнделікті өмірмен қатар дамып қана қоймай, олардың ажырамас бөлігіне айналуы керек", - деп атап өтті Олжас Бектенов.


Бұл ретте цифрлық технологиялардың қолда бар әлеуеті өте тиімсіз қолданылып жүр.

Бізде озық IT-шешімдер бар, бірақ ескірген әдістер әлі де сақталып отыр. Мысалы, қазақстандықтар үйдегі есептегіш құралдардың деректерін әлі күнге дейін телефон арқылы жібереді. Мұндай маңызын жойған бизнес-процестер тұтас салаларда бар. Құрылыста BIM-модельдер жоқ, бұл тиімді жобалау мен басқару мүмкіндіктерін шектейді. Өндірістерде роботтандыру, ал ауыл шаруашылығында серпінді IT-шешімдерді енгізу қарқыны баяу. Сондықтан уәкілетті органдар экономикаға елеулі әсері болатын практикалық цифрлық шешімдерге назар аударуы қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны