14.02.2023, 09:40 46136

Павлодар мұнай-химия зауытында дизель отынының өндірісі уақытша тоқтатылды

Дизель отынының қоры кәсіпорынға жөндеу жұмыстары аяқталғанша жоспар бойынша тәулігіне 5 мың тоннаға дейін жөнелтуге мүмкіндік береді
Павлодар мұнай-химия зауытында дизель отынының өндірісі уақытша тоқтатылды
Сурет: pnhz.kz
Павлодар. 14 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-де (ПМХЗ) "Эр Ликид Мұнай Тех Газы" ЖШС меншігіндегі сутегі өндіру қондырғысынан ақау табылып, дизель отынының өндірісі уақытша тоқтады.

2023 жылғы 10 ақпанда сутегі өндірісінің көлемі төмендеп, технологиялық газды сутегі өндіру қондырғысының бу риформингінің пешіне тасымалдайтын құбырдың дәнекерлеу тігісінде табылған ақауды жою бойынша жөндеу жұмыстары басталды. 2023 жылғы 13 ақпанда жөндеу жұмыстары аяқталып, сутегі өндіру қондырғысында іске қосу шаралары басталды. 14 ақпанда дизель отынының өндірісі қайта басталады", - деп хабарлады "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС.


Компания ақау табылған уақытта ПМХЗ-да дизель отынының қоры 20 мыңнан астам тонна болғанын сендірді. Бұл кәсіпорынға жөндеу жұмыстары аяқталғанша жоспар бойынша тәулігіне 5 мың тоннаға дейін жөнелтуге мүмкіндік береді.

Зауытта автобензин өндірісі қалыпты, өнім жоспар бойынша жөнелтілуде - тәулігіне 5,5 мың тоннаға дейін.

Сутегі өндіру қондырғысы тоқтап тұрған кезде жиналған мұнай өнімдерінің құрамдауыштары наурыз айында тауар өнімі болып өңделеді. Осылайша, ПМХЗ көктемдегі егіс дала жұмыстары басталғанда дизель отыны өндірісінің жоспарлы көлемін қамтамасыз ететін болады", - деп уәде берді өндірушілер.


Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін елден тыс жерлерге әкетуге тыйым салады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны