12.07.2023, 11:52 40656

ҚР ҰЭМ және Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі өзара ынтымақтастықты талқылады

Әлібек Қуантыров Қазақстан бойынша орта мерзімді кезеңге арналған елдік әріптестік стратегиясын әзірлеуді ұсынды
ҚР Ұлттық экономика министрі, Қазақстанның АИИБ басшысы Әлібек Қуантыров АИИБ вице-президенті Людгер Шукнехтпен кездесті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.

Тараптар энергетика, жасыл экономика, көлік және инфрақұрылым, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Министр 2023 жылғы 2 ақпанда қабылданған Қазақстан Республикасы 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы туралы айтты. Құжат экономиканың негізгі секторларын қамтып, парниктік газдар шығарындыларын азайту үшін қажетті негізгі элементтерді, энергия тиімділігін арттыру шараларын және жаңартылатын энергия көздерін дамытуды анықтайды.

Өз кезегінде, АИИБ вице-президенті Қазақстанның инфрақұрылымдық жобаларды, қаржы нарығын және жаңартылатын энергияны дамыту перспективаларын оң бағалап, ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

Сіздерге Қазақстан бойынша орта мерзімді кезеңге арналған елдік әріптестік стратегиясын әзірлеуді ұсынамын. Бұл құжат еліміздегі АИИБ қызметінің өзіндік жол картасы болады", - деп түйіндеді жиында Әлібек Қуантыров.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны